
медицина псих.pptx
- Количество слайдов: 20
Алматы медицина колледжі Қарым-қатынас маңызы мен түрлері Орындаған: Шайкен Жазира 401 группа 2015 ж
Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарымқатынас каналымен жүзеге асырылады. Олар: вербалды және вербалды емес. Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі» , «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.
1. Әңгімелесуші адамның нақты мінез – құлқындағы әлсіз жақтың ақпараттың алмасуы. Ақпараттың алмасуына қарым – қатынас барьері кедергісін тигізеді. Бірнеше барьер түрлері бар: Түсініксіздік барьері – жекелеген сөз немесе ойды білмеуден туындайды. Фонетикалық барьері – анық емес сөйлеу. Стимистикалық барьері – сөйлеу стилі мен қарым – қатынас жағдайының сәйкессіздігі. Логикалық – түсініксіз, я дұрыс ойлау қабілетінің аздығы. Сонымен қатар, әлеуметтік – мәдени өзгешелік әлеуметтік, саяси, діни, маманданған және қарымқатынас барьері – коммуникаторға деген сенбеушілік.
2. Интерактивті – жеке адамдар арасындағы өзара байланыс ұйымдастыру. Дәл сондықтан қарымқатынас нәтижесінде жүріс – тұрыс және іс – әрекеті өзгереді. 3. Қарым – қатынас бойынша бір – бірін серіктестік деп қабылдайтын және өзара түсінік қалыптастыратын процесс.
1. Шебер сөйлеу ережелері мен заңдарды білу қонақ үй ішінде өте маңызды. Қонақжайдағы қызмет көрсетуде келесідей сөйлеу принциптері есепке алынады: қол жетерлік, экспресивтілік, қабылдағыштық, интенсивтілік. Қол жетерлік – мәдени, біліми деңгейі. Экспресивтілік – эмоциялық сөйлеу, мимика, жест, поза. Қабылдағыштық – коммуникативтік қарым қатынаста түс, жарық, дыбыс, сурет, модельдер кең қолданады. Қонақ әсері кӛбірек болған сайын оның алған әсері де тұрақты болады. Интенсивтілік – ақпаратты беру темпі.
Қонақ үй қызметкерлерінің сөйлеу тиімділігі сөз арқылы қонақ ойы мен сезіміне әсер ету. Тиімділік қарым – қатынасы үшін қонақтармен сөйлеу байланысындағы коммуникациялық эффект туралы ойдың қалыпты болуы тиіс. Оларға толық тоқталайық: Визуалды бедел эффектісі – алғашқы әсер алатын адамның сыртқы келбеті. Сондықтан, қызметкерлер бір ортақ стильдегі униформа киінуі. Алғашқы сөздердің тиімділігі – алғашқы әсерді қалыптастырады немесе түзетеді. Сондықтан қонаққа айтылған алғашқы сөздер оны қызықтыруы қажет.
Аргументация эффектісі – негізделген, сенімді және логикалық ақпарат беру. Кез – келген қонақ үй қызметкерлері қалай логикалық сӛйлеуді ғана емес, қонақ үй туралы нақты ақпарат беруі керек. Порциялық ақпаратты тастау эффектісі жиі клиент кӛңілін таба білуден тұрады. Яғни, жаңа ойлар және аргументерді уақытқа бөліп қою.
Релаксация эффектісі – жағдай лирик берсе юмор қолданады. Сөйлеуді бұзатын «солай айтқанда» , «жалпылай» . Сөйлеу монерасы – дауыс ырғағын дұрыс қоя білуге қалай жетуге болады: 1. Демді дұрыс қоя білу 2. Өзіңде сенімдік ұялату, әңгімелесу затымен айналыну, қызықты фактілерді білген сайын адам ӛзін еркін сезінеді. Сөйлеу темпі, Қонаққа сөйлеудің интонациясы.
Вербалды емес коммуникация визуалды, акустикалық, тактальдік альфакторлық жүйеден тұрады. Визуалды жүйе қарым – қатынасы тұрады: - мимика, жест, поза - тері реакциясы тері бӛліну, қызару - кеңістік – уақыттық, қарым – қатынасты ұйымдастыру - көздер контактісі
Акустикалық жүйе 2 жүйеден тұрады: - паралингвистикалық қатты дауыс, темп, тембр, жоғарылық - экстралингвистикалық пауза, күлкі, жӛтел, жылау Тактилді жүйеге кіреді: - жанасу және қол беру - силасу және қол шапалақтау - құшақтасу және сүйісу
Альфакторлық жүйеге кіреді: - жағымды және жағымсыз қоршаған орта иістері - табиғи дене және жасанды косметика иістері Зерттелген вербальды емес және оның жекелеген әсер тигізетін бірнеше факторларды бөледі: - ұлттық тәуелділік әртүрлі халықтағы - денсаулық жағдайы адамда ауру жағдайына көзқарасы, дауыс ырғағы - адам мамандығы әлсіз қол беру әлсіздіктің белгісі емес, атқаратын мамандық қолды аялауды талап ететін шығар - мәдениет деңгейі, дұрыс тәрбие, байланысты - адам статусы иерархиялық сатыға кӛтерілген сайын- – - азайып, сөзге көп көңіл бөледі
Вербалды қарым – қатынастарды өзара іс – әрекетінде орындалатын бірнеше функциялар бар: 1. Толықтыру функциясы 2. Жоққа шығару. Оймен аз бақыланғандықтан, ол айтылғанды жоққа шығаруы мүмкін. 3. Ауыстыру 4. Реттеу.
Қарым-қатынастың адам өміріндегі психологиялық маңыздылығы туралы отандық ғалымдар Х. Т. Шерьязданова, С. М. Жақыпов, Н. Т. Тоқсанбаева, С. Елеусізова, Ф. Ш. Оразбаева, А. М. Құдиярова, сонымен қатар шетелдік ғалымдар Г. М. Андреева, В. А. Горянин, Е. Е. Смирнова, А. Пиз, Ф. А. Кузин, В. П. Шейнов, В. Ю. Дорошенко, Л. И. Зотова, Н. А. Нартов, Л. Гласс, В. П. Енгалычев және т. б. еңбектері арналған.
Р. С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті [3]. Олар: · Денесін алға иілдіру, отырған күйінде қолдарын тізесіне немесе орындыққа тіресе: адам әңгіме айтуды тоқтатып, әрекет етуге дайын; · Көз қарашығының үлкеюі – сол кездегі адамның жағымды сезімін білдірсе, көз қарашығының кішіреюі – жағымсыз сезімді білдіреді; · Егер адам тобықтарын бір-біріне біріктіріп отырса, оның болып жатқан нәрсеге көзқарасы жағымсыз, бірақ ол өзін ұстап отыруға мәжбүр, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімнің белгісі; · Бастың тіке қалыпта болуы адамның көріп немесе естіп отырған мәселесіне нейтральды көзқарасының белгісі. Басын бір жаққа иген болса, қызығушылық танытқаны. Егер адамның басы алға қарай иілсе, жағымсыз қатынастың белгісі; · Қолын басына қоюы - өзіне сенімді, өзгелердің алдында жоғары санайтын адамдардың қимылы. ·
Егер адам қобалжып, сынау немесе қорғаныс позициясын ұстанса – екі қолын көкірегінің алдына жинастырады; · Қолын көкірегіне жинастыруы – қорғанысты қажет ететін жағдайда тығылуға деген ұмтылыстың белгісі; · Егер сізбен әңгімелесуші адам екі қолын көкірегіне жинастырса, ол сіздің дегеніңізбен келіспей тұрғаны; · Өзінің жағымсыз сезімдерін жасыруға деген ұмтылысты иықты қарсы қолдың саусақтарымен қысқаны арқылы байқауға болады; · Егер қолды көкірекее жинастырғанда бас бармақ жоғары қараса, ол адам өзінің дәрежесін жоғары санағаны; · Қолды айқастыру, сондай-ақ, қорқыныш сезімінің туындағанын көрсетеді; · Егер адам тамақ астын уқаласа, ол шешім қабылдау үстінде отыр; ·
Егер адамға өзінің шешімі жайлы айтуды сұрағанда ол аузына бір зат (саусақ, көзілдірік) салса, ол сенімсіз, алаңдауда, оған ойлануға уақыт керек болғаны; · Егер адам желкесін алақанымен сипап, көзін шетке тартса, ол адам өтірік айтуда; · Екі қолын беліне қойып, бір қолымен екінші қолының білегін ұстаса, ол адам ашулы, ренжулі күде және өзін «қолға алуға» тырысуда; · Адам ашулы болған сайын, оның арқасындағы қолылы жоғары көтеріле түседі; · Адамның өтірік айтқанын немесе шынайы еместігін көрсететін белгілер: басын, бет бөліктерін қолымен ұстауы, әсіресе, аузын, мұрнын, көзін, құлағын және мойнын; · Саусағын аузына салуы, қолдауды қажет еткені. · Саусақпен немесе тырнақпен устел бетін тарсылдату шыдамсыздықтың белгісі; · Егер айқасқан қолдару жоғарыда болса, бұл адаммен келіск қиын болады.
Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулерді шетелдік ғалымдардың, Пол Экман, Аллан Пиз, Барбара Пиз, Роджер Акстел, Альбер Мерабян, Альберт Шефлен, В. Б. Шапарь, Э. Холл, Д. Ньюренберг, Г. Калеро, С. Данкелл, А. Штангль, Карстен Нимиц, А. Л. Ярбус, т. б. еңбектерінен көруге болады.
А. А. Леонтьев өз еңбегінде: «қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатудың ерекше жолы» - деп қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі ерекше маңызымен қатар оның өзіндік анықтамасын да көрсетіп өткен.
медицина псих.pptx