Алматы-2013ж С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
Алматы-2013ж С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Кафедра: Травматология және ортопедия Тақырыбы: Жарақаттық остеомиелит Дайындаған:Түктібай Қ. Тексерген: Бердавлетов Б.А. Факультет: ЖМ Курс: IV Тобы:011-018-1к Алматы 2014 СӨЖ
Кіріспе II.Негізгі бөлім Остеомиелит туралы түсінік Остеомеиелиттің классификациясы Жарақаттан кейінгі остеомелит Диагностикасы Емі III.Қорытынды Қолданылған әдебиеттер Жоспары
Остеомиелит -сүйектің барлық тіндерінің (сүйек тінінің,сүйек кемігінің және сүйек қабығының)қабынуын айтады.
Классификациясы I. Этиологиясына қарай. А)бейспецификалық (ірің тудыратын микробтармен шақырылады). Б)спецификалық (туберкулезді, сифилизді, лепрозды, бруцелезді). Инфекцияның ену жолына байланысты А) гематогенді Б) травматикалық В) атылған жарақаттан кейінгі (огнестрельный)
III. Клиникасына қарай: А) жедел: 1) токсикалық (адинамикалық) 2) септикопиемиялық (ауыр) 3) жергілікті (жеңіл). Б) созылмалы: 1) біріншілік созылмалы остеомиелит. 2) склероздаушы Гарре остеомиелиті. 3) Альбуминозды Оллье остеомиелиті. 4) Броди абсцесі.
1 — секвестр; 2 — іріңденген аймақ; 3 —іріңнің таралуы; 4 —бос жатқан сүйек сынығы; 5 — зақымданған канал; 6 — сүйек тіні.
Жарақаттық остеомиелит Бұл іріңді қабыну процессі. Оқтан алған сынықтың және ашық жарақаттардың асқынуының әсерінен болады. Оның микрофлорасы әртүрлі: гемолитикалық стрептококк, стафилококк, сирек жағдайда іріңді және анаэробты инфекция. Қабыну процессінің дамуы мен ағымыны зақымдану дәрежесі, түскен инфекцияның вируленттілігі және организмнің жалпы реакциясы әсер етеді.
Травматикалық екіге бөлінеді: Жедел және созылмалы. Жарақаттық остеомиелит көбінесе ашық сынықтардың асқынуы нәтижесінде болады. Түтікті сүйектерде остеомиелит даму қаупі 50℅ жоғары.
1)Оқ тигеннен кейінгі жарақаттық остеомиелит 2)Операциядан кейінгі жарақаттық остеомиелит 3)радиоостеомиелит 4)Жарақаттық остемиелит-сүйек және оның құрамдас бөліктері ашық сынықтың инфицирленуі нәтижесінде пайда болады Түрлері:
Жедел остеомиелит созылмалы остеомиелитке ауысқанда, науқастың жалпы жағдайы біршама жақсарады, сүйектің керіп немесе сыздап ауруы басылады, жалпы интокскация белгілері азаяды немесе жоғалады, өкпенің және жүректің қызметі жақсарады, тәбетімен ұйқысы қалпына келеді. Қанды зерттегенде – қанның жалпы талдауы және биохимиялық көрсеткіштері қалпына келе бастағаны байқалады. Жедел остеомиелиттің созылмалы түріне өту себебтері: сүйектің жедел қабыну үрдісін кеш анықтау; хирургиялық емді кешіктіру; антибактериады емді дұрыс жүргізбеу. Жедел остеомиелит
(Біріншілік созылмалы остеомиелиттен басқасы) жедел түрінен кейін дамиды, сүйек тіндерінің іріңді-өліеттенуімен сипатталады. Созылмалы остеомиелит үш негізгі белгімен – рецедивті (қайталанбалы) ағыммен, секвестірдің немесе остеомиелиттік қуыстың түзілуімен және іріңді жыланкөздің пайда болуымен сипатталады. Созылмалы остеомиелиттің негізгі белгісіне өздігінен ашылған жыланкөздердің пайда болуы жатады. Көпшілік жағдайда жыланкөздің арнасы сүйектің деструктивті өзгерген орнына сәйкес келеді. Созылмалы остеомиелитте жыланкөздердің пішіні түтікті пішінді болады, іші грануляция толады, бірақ эпителимен қапталмайды. Остеомиелитпен зақымданған аймақтағы жұмсақ тіндер ісінеді, бірақ ремиссия сатысында азаяды. Аяқ-қолдың остеомиелитінде, олардың қызметі толық қалпына келмейді. Созылмалы остеомиелит
Броди абсцессі – ауру ерте жаста басталып, бірнеше жылдан соң белгі береді. Клиникалық көрінісінде интоксикация белгілері болмайды, тек сүйекке перкуссия жасағанда ғана, ауыру сезімі байқалады. Операция жасағанда абсцесстің қуысында секвестірдің болмайтыны байқалады. Рентгенологиялық зерттеуде шеттері айқын склерозданған домалақ қуыс анықталады. Олье альбуминозды остеомиелиті – әлсіреген микрофлора белокқа бай экссудатты іріңге айналдыра алмайды. Көбінесе ортан жілік зақымдалады. Қабыну ошағында ауру сезімі, 1-2 айдан кейін ісіну, сирек жағдайда гиперемия байқалады. Емі – хирургиялық, ол созылмалы ошақты жоюға бағытталған. Гарре склерозды остеомиелиті – ауыру сезімі болар болмас, бірақ түнге қарай күшейеді, субфебрилді температура мен аяқ-қолдың функциясының бұзылуы байқалады. Рентгенологиялық зерттеуде склероздың салдарынан сүйек диафизінің ұршық тәрізді қалыңдағаны анықталады. Емі – консервативті. Антибиотикалық остеомиелит – бұл терминді 1958 жылы С.Попкиров енгізеді. Оның пайда болу себебі – әртүрлі ауруларда антибиотиктерді кеңінен және дұрыс емес (мысалы: аз мөлшерде) қабылдау. Ол төмен вирулентті антибиотикорезистентті штамдардың дамуына себепші болады. Ауру ұзаққа созылады, бірақ іріңді интоксикация белгілері болмайды. Операция кезінде секвестральді қапшықтың айқын болмайтындығы және көп мөлшерде фибрині бар грануляциялардың дамитындығы байқалады.
1-Оқ тигеннен кейінгі жарақаттық остеомиелиттің үш патогеникалық факторын ажыратады:өлген және өліеттенген тіндердің болуы, микроб флорасының болуы, сүйек қуысы Клиникалық көрінісі: сүйелді қабырғалы жыланкөздер, трофикалық бұзылыстары мен тыртықтанған тері қабаты.жыланкөзден бөліністер, бұлшықеттердің атрофиясы Рентгенологиялық көрінісі: айқын остеосклероз,периостальды заттардың жиналуы,сүйек кемігінің тарылуы,сүйек қуыстарының пайда болуы.Кейде жұмсақ тіндерде металл сынықтарын да көріге болады.
2-Операциядан кейінгі остеомиелит (немесе спицийлік остеомиелит)- операция жасалған жердегі іріңді- некротикалық үрдістің жүруімен көрінеді.Ол әсіріесе буындарды эндопротезирлеудің нәнтижеснде көптеп кездеседі.Остеомиелиттік зақымдалудың ұзақтығы сүйектің жарақаттануымен қатар операцияға қолданылған конструкцияның мөлшеріне де байланысты.Ол некроз бен ірің ошағын көрсетеді. Операциядан кейінгі остеомиелиттің клиникалық көрінісі әр түрлі.Шектелген остеонекрозда ешқандай жалпы белгілерсіз өтеді, зақымдалудың басынан бастап бірқалыпты формада өтеді.Операциядан кейінгі жарақаттық жыланкөзден іріңді бөлініс бөлініп тұрады.Дене қызуы 39 C көтеріледі,ауру сезімі, лейкоцитоз. Рентгенографияда: металл конструкция айналасындағы сүйек тінінің остеопорозы, деструкция ошақтары, секвестрлер Жарақаттық остеомиелит ашық сынық кезіндегі жұмсақ тіндердің микробтық зақымдалуы нәтижесінде пайда болады. Клиникалық көрінісі: жарақаттың іріңдеуі ашық сынықтар кезіндегі остеомиелит температураның көтерілуімен, лейкоцитозбен көрінеді. Жыланкөздермен қатар, патологиялық қозғалыс ,бұрыштық деформация. .
Созылмалы жарақаттық остеомиелиттің нәтижесінде жалған буынның пайда болуы Созылмалы оқ жарақаттық остеомиелит Төменгі жақтың жарақаттануының нәтижесінде пайда болған остеомиелит Созылмалы оқ жарақаттық остеомиелит
1.Гематогенді остеомиелитте инфекция гематогенді жол арқылы еніп, сүйек кемігінде орналасады.Жарақаттық остеомиелит кезінде сүйек және сүйек кемігі зақымдалған жұмсақ тіндер есебінен инфицирленеді. 2.Гематогенді остеомиелит кезінде моноинфекция, ал жарақаттық остеомиелит кезеңінде аралас және кейде анаэробты. 3.Жарақаттық остеомиелит кезінде тінде бөгде заттар да болады. 4.Гематогенді остеомиелит кезінде көбінесе жедел форма орын алады,ал жарақаттық остеомиелит кезінде жеделдеу және созылмалы формалары көп кездеседі.Жедел формаларында көбінде сүйек зақымдалса, жеделдеу және созылмалы кезеңдерде сүйек ұштарының некрозы байқалады. 5.Гематогенді остеомиелитте секвестрдің пайда болу механизмі анықталған, яғни ол қоректенуі жөқ сүйектің өліеттенген бөлігі, ал жарақаттық остеомиелиттің біріншілік,екіншілік,үшіншілік секвестрлерін ажаратады. 6.Гематогендң остеомиелиттің операциядан кейінгі нәтижесі жақсы 7.Жарақаттық остеомиелиттің нәтижесі қолайсыз: түрлі дефекттер қан кетулер болуы мүмкін. Жарақаттық остеомиелиттің гематогенді остеомиелиттен айырмашылығы:
Жедел остеомиелиттің ерте диагностикасы үшін тепловиденияны және радионуклидті әдісті қолдануға болады. Сцинтиграфия кезінде аурудың алғашқы 2-3 күнінде сүйектің зақымдалған бөлігінде радиофармацевтикалық препараттың гиперфиксациясы анықталады. Тепловизорді қолданған кезде алынған мәліметтер, ерте кезеңдерде сүйек пен оның айналасындағы жұмсақ тіндерде қабыну үрдісін орнатуды болдырады. Жедел гематогенді остеомиелитті ревматизммен, сүйек туберкулезімен, гиф кезіндегі сүйек зақымдануымен және т.б. салыстыру керек. Сүйектің жарақаттық зақымдануын анықтау үшін анамнез мәліметтері, интоксикация мен қабынудың жалпы белгілері, рентгендік, лабораториялық және т.б. мәліметтер көмектеседі. Ревматизмде біршене буындардың зақымдануы болса, остеомиелит кезінде бір ғана буын зақымданады. Осиеомиелитте қабыну үрдісі метадиафизге дейін таралса, ал ревматизмде ол эпифизарлы бөлікпен шектеледі. Диагностикасы
Жарақаттан кейінгі остеомелит диагностикасы Топикалық диагностикада бірінші кезекте зақымдалған ошақта рентгонологиялық зерттеу жүргізіледі. Томаграфия, тура ұлғаюмен рентгенография, жыланкөз болған жағдайда әр жылынкөз жолын жеке контрастаумен жүретін фистулография, томофистулография жасалады. Операциялық алаңда жамбас сүйегінің остеомелитінде, әсіресе мықын сүйек қанатының зақымдану өлшемін анықтау үшін остеофлебографияны қолданады.
Барлық іріңді ошақтар алдын ала анықталып, толық дренаждалу керек. Операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде зақымдану ошағында антибактериалдық препараттардың жоғарғы концентратциясын туғызу үшін тамыр ішіне немесе сүйек ішіне енгізу қажет. Колемді іріңді зақымдану кезінде артерия ішілік немесе аорта ішілік инфузия қолданады. Аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық болса және толық радикалды хирургиялық ем жасалғанда антибактериялдық емді қолданбауға болады, тек жергілікті қолданылатын антибиотиктерді пролитикалық ферменттермен қолданған жөн. Созылмалы остеомелиттің емдеудің негізгі шарты іріңді-некротикалық ошақтың ликвидациясы болып табылады.
Созылмалы жарақаттық остеомиелит кезіндегі рентгенограмма:дистракционды-компрессионды Илизаров аппараты қойылған
Жарақаттық остеомиелитте негізгі емі хирургиялық ем болып табылады. Сонымен қатар антибактериалды ем, физиотерапия қолданылады. Оперативті ем: радикалды операциялар: 1) секвестрнекроэктомия 2) секвестрэктомия 3) остеомиелиттік флегмонаны ашу. Секвестрэктомия үш кезеңнен тұрады : А) остеомиелит ошағынан некротикалық тінді алу. Б) секвестрлі бөліктің склерозданған жерін сүйектің қан тамырлы қабатына дейін тазлау қажет. В) сүйек кемігі өзегін жоғарғы және төменгі жағынан ашу. Емі
Жарақаттан кейінгі остеомелиттің хирургиялық емі Хирургиялық емінде сынықтардың бітісіп немесе бітіспеуіне байланысты болады. Бітіскен сынықта склерозданған секвестр қабырғасының резекциясымен жүретін некрсеквестрэктомия жүргізіледі. Осы кезде түзілетін сүйектік қуыс қанданатын тіндермен толтырылады. Терінің дефектісі болған жағдайда еркін тері пластинкасы жасалады. Айқын көрінетін тыртықтануларда италияндық тері-фасциальді пластикасы, трансмиопластика қолданылады.
Секвестрэктомиядан кейін мықын сүйекті жуу.Жууға арналған инелер
Созылмалы остеомиелитте сүйектің қуысына дренаж орнату.
Жарақаттық остеомиелит дамуы патогенді микробтың, яғни алтын стафилакоктың сүйек кемігіне түсуінен болады. Ауру ағымы ауыр түрде өтеді. Операциядан кейінгі остеомелитті емдеу кезінде металдық конструкцияларды алып тастауға асықпаған жөн. Тек ауыр клиникалық ағыммен жүретін сүйек кемігінің флегмонасында ғана тезірек алып тасталады. Қалған барлық жағдайларда жақсы дренаж қойып сынықтың бітісуіне дейін толық сыртқы гипстік иммобилизация жасалады. Қорытынды
Травматология и ортопедия. Юмашева Г.С. М. “Медицина” 1990ж. http://medicalplanet.su/stomatology/125.html www.google.ru Травматология және ортопедия .Қ. Ғ.Сапарова «Кітап»2004 Пайдаланылған әдебиеттер:
26246-kara_osteomielit_(2).ppt
- Количество слайдов: 26

