6610.pptx
- Количество слайдов: 16
Алматы Қаржы-Құқықтық және Техналогиялық Колледжі Қор биржасы. Оның құрылымы мен қызметтері Алматы 2016
Биржа – сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналаты орны.
Биржа міндеттері: 1. бағалы қағаздар саудасын бір орында орталықтандыру 2. тепе-тең биржалық баға белгілеу 3. тек уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып қана қоймай, оларды қайта бөлуді қамтамасыз ету 4. биржалық сауданың ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету 5. арбитражды қамтамасыз ету 6. биржалық залда жасалған мәмілелердің орындалуы үшін кепілдік беру
Биржа мүшелерінің жалпы жиналысы оның ең жоғарғы заңнамалық басқару органы болып табылады. Биржа мүшелерінің жиналысы 15 айдан аспайтын интервалда, жылына бір рет міндетті түрде шақыртылатын жылдық, және шұғыл (кезектен тыс) болуы мүмкін. Соңғысы биржалық комитетпен (кеңеспен), ревизиялық комитетпен немесе 10% дан кем емес дауыстары бар биржа мүшелерімен шақыртылады.
Биржадағы негізгі ұғымдар • Биржа айналымы — белгілі бір кезеңде биржада жасалған мәмілелер көлемі. • Биржа бағасы — биржа мекемелері жасалған келісімдерді ескере отырып белгілеген құнды қағаздар (акциялар мен облигациялар) мен тауарлар бағасы. • Биржа дағдарысы — экономикалық дағдарыстың немесе ерекше бір саяси жағдайлардың салдарынан құнды қағаздар (акция, облигация) биржасында дағдарыстың орын алуы. • Биржа делдалдары — қор, валюта биржаларында делдалдық қызмет атқаратын адамдар немесе фирмалар. • Биржалық алым — биржа комитетінің құнды қағаздарды сатып алушыдан биржа келісімін жасауына берілген құқық үшін жинайтын ақшалай алымы. Әдетте, сату бағасының 2 %-і көлемінде алынады.
Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 — 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.
Қор биржасының қызметі Қор биржасы құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді: қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру; ел үкіметінің шығыстар мен өндірісті қаржыландыру және несиелендіру; жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.
Қор биржасы өзінің қызметін келесі қағидаларға сай құрады: брокер және тұтынушы арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде ресімделеді; биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялылық пен ашықтық; сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудиторлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.
Қазақстандық қор биржасы (KASE)
Тарихи анықтама 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы оқиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және жиырма үш жетекші қазақстандық коммерциялық банктерімен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды. Осыған дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылды. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді. Осылайша қазіргі Қазақстан қор биржасы ұйымдастырылған, ал 17 қараша – оның туған күні болып саналады.
KASE бүгін Мәртебесі Биржа, акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында қызмет ететін, коммерциялық ұйым болып табылады. Биржаның органдары: • жоғарғы орган – Биржа акционерлерінің жалпы жиналысы; • басқару органы – Биржаның Директорлар кеңесі (Биржалық кеңес); • атқарушы орган – Басқарма. Мүшелері Биржада мүшеліктің үш санаты бар. Ұйымды қызықтыратын қаржы құралының түрлері бойынша өткізілетін сауда-саттықтарға қарай, КАСЕ валюталық, қор немесе мерзімдік нарық мүшесі бола алады. Бір уақытта аталған екі немесе үш санатқа мүшелік етуге рұқсат етіледі. 2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша КАСЕ мүшесі мәртебесіне нарықтың 58 кәсіби қатысушысы иеленген.
КАСЕ нарықтары КАСЕ қызмет көрсететін нарықтар: • шетел валюталары (соның ішінде валюталық своп операциялары); • мемлекеттік бағалы қағаздар; • үлестік бағалы қағаздар (акциялар мен пайлар); • корпоративтік борыштық бағалы қағаздар; • репо операциялары; • деривативтер.
Лицензиялары Биржаның қызметі негізінде келесідей нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: 1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; 2) Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңы; 3) Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңы; 4) Қазақстан Республикасының "Инвестициялық қорлар туралы" заңы; 5) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы № 170 қаулысымен бекітілген, Бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыру ережелері; 6) "Сауда-саттық ұйымдастырушысының ұйымдастыру құрылымына және қор биржасының листингілік комиссиясының құрамына қойылатып талаптарды бекіту және Сауда-саттық ұйымдастырушысының саудасаттық жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша саудасаттық ұйымдастырушысының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 195 қаулысы.
7) "Эмитенттер мен олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің кейбір санаттарына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 26 мамырындағы № 77 қаулысы. 8) "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау ережелерін және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп мойындау сұрақтары жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің комитетін қалыптастыру, оның жұмысы және оның сандық құрамы туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 28 қарашасындағы № 196 қаулысы.
KASE акциялары және капиталы 2016 жылғы 01 сәуірден: меншікті капиталы 6 325, 0 млн тенге ($18, 6 млн) төленген жарғылық капиталы 2 366, 3 млн тенге ($6, 9 млн) жарияланған акциялар саны 5 000 орналастырылған акциялар саны 942 013 акциялардың баланстық құны 6 735, 5 тенге ($19, 8)
Назарларыңызға рахмет!!!
6610.pptx