Алматы.pptx
- Количество слайдов: 7
Алматы Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т. б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1, 3 миллионды құрайды.
• Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.
Климат • Алматы климаты континенттік. Ең ыстық айлар — Шілде, Тамыз. Ең суық ай — Қаңтар. Орташа жылдық температурасы 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен -4. 7 °С, ал шілдеде +23. 8 С°. Үсіктер қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяздар 67 күн болады — желтоқсаның 19 -і басталып, ақпанның 23 -і аяқталады. Ыстық күндер температурасы 30 С° дейін — 36 күн болады. Жылда 600650 мм жауын-шашын болады. 15 күн Алматыда жиі-жиі жел соғады (15 м/с). 50 -70 күн тұман болады. Алматыда қыс мезгілінде жаңбыр жаууы мүмкін.
• Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар. • 28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.
• Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы — Шота Уәлиханов. Монументтің ұшында барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған. • А. Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей — республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады. • Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан. [5]
• Б. з. д. 10 -9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
• Б. з. д. 7 ғ. -б. з. д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстардың орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда «Алтын адам» , Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердің орталығы болған.
Алматы.pptx