айнымалы ток.ppt
- Количество слайдов: 16
Айнымалы токтарды қолданатын диагностикалық және терапиялық құралдар Орындаған: Есентаев Нурбай Курс: 1 Факултет: Жалпы медицина
Айнымалы тоқ (ағылшынша alternating current – айнымалы тоқ) – бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тоғы. Ал техникада айнымалы тоқ деп тоқ күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты тоқ болады. Айнымалы тоқ байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т. б. ) кеңінен қолданылады.
Айнымалы токты пайдаланудың ең алғаш рет 1875 жылы орыс ғалымы П. Н. Яблочков ұсынды. Айнымалы ток Яблочков шырағындағы көмірдің біркелкі жануын қамтамасыз етті және шамдардың бір электр энергиясы көзінен қоректенуіне жол ашты. Кернеуді бұдан былай түрлендіру үшін, айнымалы токты түрлендіретін құрылғы, яғни қарапайым трансформаторлар қажет болды, оны да өзінің шырақтары үшін Яблочков ойлап тапты. Добровольскийдің басшылығымен үш фазалы жүйе ойлап шығарылды. М. О. Доливо – Добровольскийдің арқасында айнымалы ток кеңінен тарады. 1889 жылы ол бірінші рет фазалы қозғалтқыш және үш фазалы тізбектің барлық тетіктерін жасап шығарды. 1891 жылы ол электр энергиясын үш фазалы токпен 175 шақырым қашықтыққа жеткізуді іске асырды.
1. Лездік мәні – белгілі уақытқа сәйкес келетін тоқтың шамасы 2. Амплитуда – максимал лездік мәні (айнымалы тоқ жететін мәні). 3. Период - айнымалы тоқ өзгерісінің толық тербеліс жасауға кеткен уақыт Т - әрпімен белгіленеді 4. Жиілік – айнымалы тоқтың бір секундтағы тербеліс саны Жоғары жиілігі f әрпімен белгіленеді. Дыбыстық жиілігі F әрпімен белгіленеді. Жиіліктің өлшем бірлігі герц болып табылады, шартты белгісі Гц. Егер тоқ секундына бір тербеліс жасаса, онда жиілігі 1 Гц-ке тең. Практикада жиіліктің қысқаша өлшем бірліктері қолданылады - килогерц пен мегагерц 1 к. Гц=1*103 Гц; 1 м. Гц= 1*106 Гц 5. Фаза – тербелістің берілген амплитудасы кезінде тербелмелі жүйенің кез келген уақыт мезетіндегі күйін анықтайды.
ЛЕЗДІК ТОК ҰҒЫМЫ Айнымалы токтың кез келген аз уақыт мезгіліндегі мәнін лездік ток деп атайды, оны i әрпімен белгілейді. Лездік токтың (і) зарядқа және уақытқа қатысты екендігі мына қатынастан көрінеді: i = dq / dt. 0 – ден t – ға дейінгі уақыт аралығында айнымалы ток мынандай заряд тасиды: q = ∫ i dt. Халықаралық СИ жүйесі бойынша ток күшінің бірлігі ретінде ампер (А) алынған. Бұл жүйеде заряд ампер – секундпен немесе кулонмен өлшенеді. 1 кулон (Кл) заряд 6, 29 * 1018 электрон зарядына тең. Егер ток күші 1 ампер болса, онда бұл - өткізгіштің көлденең қимасы арқылы секундына 6, 29 * 1018 электрон ағып өтеді деген сөз.
Периодты токтар деп токтың лездік мәндері бірдей уақыт аралықтарында қайталанып отыратын токтарды айтамыз. Ал тоқтың лездік мәні қайталанып отыратын ең аз уақыты сол токтың периоды деп аталады, оны Т әрпімен белгілейді. Периодтық ток үшін: i = F(t) = F(t+T)
Электротерапия дегеніміз жоғары жиілікті токтар мен электромагнит өрісін адам мен жанжануарларды емдеуге қолдану әдістерінің бірі. Сонымен қатар, Электротерапия - электр тоғын, электр, магниттік немесе электрмагниттік өңірін организмге мөлшермен пайдалануға негізделген физиотерапия әдісі.
Электротерапия әдістері: Әдістері: амплипульстерапия диадинамотерапия дәрілік электрофорез Электростимуляция Флюктуоризация гальванизация интерференцте рапия
Электротера Гальванизац Дарсонвализация Диатермия пия иялау әдісі әдістері: Анықтамасы уақытқа байланысты өзгермейтін тұрақты электр тогын емдеуге қолдану. Бұл әдіс арқылы организмге емдік заттар енеді, олардың фармакологиял ық әсері жоғары болады және ешқандай зяинды эффектілері болмайды. жоғары жиілікті токтың айнымалы импульсі арқылы әсер ету. Дарсонвализация ауруды білдірмеу, жұмсақ мускулатурадағы спазманы болдырмау, тамырлардың варикоздық ұлғаюын кезінде қан тамырларының созылмалы болуын күшейту, сонымен қатар гипертония, невроз, ұйқысыздық сияқты ауру түрлері кезінде тағайындалады. кернеуі төмен, ток күші жоғары жиілікті токпен организмге әсер ету. Ол кезде қан айналымы, зат алмасу процессі, организмнің иммунитеті күшейеді. Диатермия созылмалы ауру түрлерін емдеуге қолданылады. УВЧ терапия жиілігі 30 – дан 3000 МГц аралығындағ ы электромагни ттік өріспен әсер ету. Бұл ауыртпайтын әдіс. Белгілі бір дозаларында тамырлар кеңейеді, қан қысымы азаяды.
Импульстық ток Қазіргі заманғы электротерапияда ырғақты түрде қайталанып отыратын қысқа уақыттық (ритмды) токтарды(импульстерді) кеңінен пайдаланады. Мұндай токтарды импульстік токтар немесе импульстер деп атайды. Импульс токтың ағзаға әсер етуі ток күшінен басқа оларды әр түрлі уақыттық сипаттамаларымен де анықталады. Мұндай сипаттамаларға мыналар жатады: а) импульс ұзақтығы t, б) импульстердің қайталану жиілігі / немесе уақыты периоды Т, в) импульс формасы, мұнда басты ұғым, фронт ұзақтығы tұ және кесінді ұзақтығы tc.
Электродиагностика – жүйке мен бұлшық ет талшықтарының зақымдалу сатысын орнату үшін, сонымен қатар тоқтың электростимуляциясының оптикалық параметрларын анықтау үшін тікелей электростимуляция жасау алдында жасалады. Рәсім тоқ импульстарын қолдану арқылы жүргізіледі: ДДТ, ТСМ.
Электродиагностиканы өткізу үшін электростимуляция үшін қажетті аппарат пен активті, пассивті электродтар болуы қажет. Процедураны жүргізу кезінде науқасқа ыңғайлы жағдай туғызу қажет, яғни зерттеліп отырған аумақтың бұлшықетінің толық босаңсуы үшін науқасты отырғызып, тұрғызып немесе жатқызу қажет. Қажет болған жағдайда, әсіресе, жылдың суық мезгілінде зерттеліп отырған аумағымыз қыздырады, мысалы, ол үшін Инфраруж, Соллюкс шамдары немесе басқа да қыздыру құралдары жылытқыш, парафин, озокерит арқылы, емдік қасиеті бар медициналық жамылғылар пайдаланылады.
ҚОРЫТЫНДЫ Сонымен, Электродиагностика жүйке-бұлшық ет аппаратының зақымдануының ауырлық дәрежесі анықтау мақсатында пайдаланылады. Жеңіл зақымдану кезінде ең алдымен сандық өзгерістері бақыланады: бұлшықеттің қысқаруын қоздыратын электр тогының табалдырықтық күші (сатушы тауарды сатуға келіскен ең төмен не ең жоғары күші). Электротерапия кезінде электр емдік мақсатпен қолданылады, ауруды басатын және тыныштандыратын әдіс ретінде келесі аурулар болғанда: невралгия, сіңір тартылу, сал ауруы, немесе бұлшық еттің семуі, буындардың сарпы, кейбір әйелдер аурулары, жүйке бұзылуы, долылық және басқа аурулада. Электротерапияда электрэнергияның барлық түрлері қолданылады: гальваникалық ток, фарадикалық ток, жоғары кернеудегі және үлкен жилігі бар токтар, статикалық электрмен емдеу (франклинизация), дарсонвализация және рентген сәулелері.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. 2. 3. 4. “Биологиялық физика” Б. Арызханов Ремизов А. Н. “Медицина и биофизика” Ливенцев Н. М. Курс физики О. Д. Дайырбеков, Б. Е. Алтынбеков, Б. К. Торғауытов, У. И. Кенесариев, Т. С. Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл
Назарларыңызға рахмет!!!
айнымалы ток.ppt