Аида Кауменова.pptx
- Количество слайдов: 14
Аида Кауменова Талдықорған қаласында дүниеге келген, ол онда білім беру мектебімен қоса өнер мектебінде бітіріп шықты. Кейін Алматы Технологиялық университетін 1997 жылы «инженер-конструктор-модельер» мамандығымен аяқтады. 2002 жылы Италияға кетті, онда ол «Carlo Во» (г. Urbino) сән мектебінде оқып, білімін жетілдіре түсті. «Daraleque» маркасының арт-директоры және дизайнері болған. Артдиректордың мамандығынан кейін Аида «Aida Kaume. NOVA» сән үйін құрды.
Аида Кауменова – әдемі, сәнді, көркем pret-aporter de lux коллекциясын шығарушы, табысты әрі жас дизайнер. Аида 5 жылдан бері өзінің жеке маркасында (Aida Kaume. NOVA) брендтті киімдер шығаруда. Бұл бренд тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да шет елдерден өз орнын табуда.
«Aida Kaume. NOVA» сән үйі - қазақстандық fashion-индустриядағы жақсы дамып келе жатқан сән үйі болып табылады. Бұл «prêt-a-porte de luxe» классындағы киімдер коллекциясы шетелдік брендтермен киім саны бойынша жақсы бәсекелестер.
Киім тігу мен құраудағы технология мен тәсілдер әлемдік стандартқа сай. Аіda Kaume. NOVA» сән үйінің біраз жылдан бергі клиенттері болып қазақстандық тележұлдыздар, әншілер және т. б атақты тұлғалар болып табылады. Бұл 6 жылдық тер төгудің нәтижесі деп айтсада болады. Сән үйі қазіргі кезде шетелдік сән үйлеріменде қосылып жұмыс істеуде.
Әйелдер алдағы уақытта жабық киіне бастайды. Мен бұл жерде хиджабты меңзеп тұрғаным жоқ. Бірақ қыз-келіншектердің ашықшашық, тырысқан киімдері ескіліктің ұшқыны болып қалмақ. Тым қысқа немесе дене сымбатын айқын көрсететін киімдер сәннен шығып, кең көйлектер сәнге оралуда. Сән әлеміндегі тағы бір жаңа үрдіс – бастың жабылуы. Ол сәнді тағылған орамал, я болмаса ободок, түрлі аксессуарлар мен бас киімдер болуы мүмкін. Бұл – ислам әлемінің дүниежүзілік сән индустриясына әсері. Келер жылы қызғылтым, көк, жасыл түстер сәнді болмақ. Әрбір сән үйінің өзіндік қолтаңбасы болады. Біздің қолтаңбамыз – нәзік, сезімге толы шығыс әйелі. Топтамамды жасауда шығыс ертегілерінен шабыт алдым. Сондықтан болар, көбіне шығыстық бағытта тігілген – шапандар, ханшайымның тәжі, ұзын, нәзік көйлектер басым.
Қыз-келіншектің сәнді болуы тек талғаммен киінуімен ғана шектелмейді. Сәнді әйел – ол түр-келбеті келіскен, шашынан бастап тырнағының ұшына дейін күтілген әйел. Көп жағдайда киімнің құны сапасына пара-пар келеді. Менің тіккен көйлектерім тек байларға ғана қолжетімді деп айта алмаймын. Бізде тұтынушының ыңғайына барлық жағдай жасалған. Мысалы, көйлекке ақшаңыз жетпей жатса, бөліп төлесеңіз болады. Өкінішке қарай, көпшілігі дизайнерлік бутиктерден сырт айналып жүреді. Ішіне кірмей жатып бағасынан шошитындар бар. Бізде киімнің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Тағы бір айта кететін мәселе – сатып алынған киімнің тігісі сөгіліп жатса біз тегін жаңартып, тігіп береміз.
Ұлттық нақышты жандандырып, бүгінгі заман талғамына сай кең етек, бүрмелі көйлектерімен елге танылып жүрген белгілі сәнгер Аида Кауменованы отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де жақсы таниды. 2010 жылы Аида Кауменова «Алтын сапа» президенттік сыйлығын алса, 2013 жылы «Люкс класының отандық дизайнері» аталымы бойынша Luxury Lifestyle халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Ұлттық, этникалық стильді жаңғыртып жүрген сәнгер Kazakhstan Fashion Week және басқа да шетелдік сән апталықтарына үнемі қатысып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүр.
Аида Кауменова.pptx