Африка – үлкен құрлықтардың бірі. Көлемі 30 млн. шаршы шақырым. Ол Солтүстік және Оңтүстік жарты шарда орналасқан. Табиғи жағдайына байланысты бірнеше аймаққа бөлінеді: Ø Тропикалық аймаққа орталық экватордың батысы, Гвиней бұғазының солтүстік жағалауы және Конго атырабы. Бұл жерлерде мәңгі көгеріп тұратын ағаштар өседі. Ø Гилейдің солтүстігі мен оңтүстігінде «муссо» ағаштары өседі. Бұл ағаштар Африканың жер көлемінің 30 пайызына тараған. Ø Жартылай шөлейт солтүстігінде Сахара, оңтүстігінде Колахари және Намиб аймағы бар.
Бұл құрлықтан адам сияқты жүре бастаған, бірақ әлі де болса адам қалпына келіп жетпеген автролопитек, зинджантроптың сүйектері табылған. Олар табиғи құралдарды пайдаланып, шөппен және етпен тамақтанатын болған. Синантроптың сүйегіне ұқсас қаңқалар да көп жерден табылған.
Африка халықтарының антропологиялық ерекшеліктеріне қарап, оларды 5 нәсілге бөліге болады: 1. Жерорта теңіздік 2. Негроидтық 3. Эфиопиялық 4. Пигмейлік 5. Қойсандық
Жерорта теңіздік Африканың солтүстік жағалауын мекендеген халықтарды жатқызады. Олар антропологиялық белгілері бойынша, еуропоидтық нәсілге жақын. Шаштары қара, көздері күңгірт, қара-қоңыр, бойлары 165 -170 см.
Негроидтық нәсілге Батыс, Орталық, Судан, Нилдің жоғарғы ағысын, Конго өзенінің бассейнін түгелдей дерлік Шығыс, Оңтүстік Африка жерлерін мекендейтін халықтар жатады. Бұл нәсілдің негізгі белгілері: түстері қара қоңыр, шаштары қара бұйра, тығыз, танауы кең, еріндері түріңкі, қалың, тістері аппақ, бойларының ұзындығы 165 -185 см.
Эфиопия нәсілі Еуропоидтық және негроидтық нәсілдің арасындағы антропологиялық бөлік болып есептеледі. Бұл халықтар Африканың солтүстік-шығысындағы Эфиопия жарты аралын мекендейді. Түстері негрлерге ұқсағанымен қызғылт-қара, шаштары толқынды бұйра, еріндері шамалы түріңкі, мұрындары кішілеу.
Пигмейлік нәсіл Пигмей нәсіліне жататын халықтар кішігірім топ-топ болып, Конго бассейнін мекен еткен. Пигмей – адамдардың дамуы бойынша «балалық шақта жасаушылар» деген мәнді береді. Олардың бойлары орта есеппен 141142 см аспайды. Түстері негрлерден ашаңдау, беті түкті, шаштары мол, кең танаулы, жұқа ерінді.
Қойсан нәсілі Африканың оңтүстік шетін мекендейді. Оларға бушмендер мен готтентоттар жатады. Бушмендер бұйра шашты, желбезекті мұрынды болуы сияқты кейбір белгілерімен негрлерге ұқсас. Ал түстерінің сарылығы, көздерінің қиығы, еріндерінің жұқалығы бойынша монғолоидтарға ұқсайды. Бойлары 150 см. болып келеді. Ал готтентоттар бушмендерге қарағанда бойшаңдау.
Африка елдері табиғат жағдайы мен халқының құрамына сәйкес бес тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады: Солтүстік Африка, Батыс Африка, Орталық Африка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка.
Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жағалауы мен Сахара шөлінің солтүстік бөлігін қамтиды. Солтүстік Африка аймағының құрамына Алжир, Либия, Египет, Марокко, Батыс Сахара, Тунис елдері кіреді. Халқының негізінен араб тілінде сөйлейтіндігіне, мәдениеті мен тұрмыс-салтына байланысты Солтүстік африканы Араб Африкасы деп те атайды.
Мысыр шаруалары - феллахтар Фелидж – түйе мен ешкі жүнінен басылған туырлық іспетті, оны шатыр сияқты қазықтармен тігеді
Африка ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африка жеріндегі Египет, Ефиопия, Гана тәрізді ежелгі мемлекеттерде қолөнер, сауда, құрылыс ісі өркендеп, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар, Александрия шам-шырағы (маягі) «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ піл сүйегі мен ағаштан ойып жасалған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасалған мүсіндер көптеп сақталған.
Батыс Африка елдері. Аймақтың құрамына Атлант мұхиты жағалауы бойындағы Кабо-Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея-Бисау, Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия, Кот-д-Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия және ішкерірек орналасқан Буркина-Фасо, Нигер, Мали, Мавритания елдері кіреді.
Батыс Африканы терісінің түсі өте қара судандық негрлер мекендейді. Олардың көбісінің бойлары ұзын, сондықтан біркездері олар Америкаға құл ретінде сатылған болатын. Нигерияның солтүстігінде белгілі хауса тайпалары тұрады. Олардың тілдері Батыс Африканы мекендейтін тайпалардың қарым-қатынас құралы болып табылады.
Шығыс Африка елдері. Аймақтың құрамына Судан, Эритрея, Эфиопия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Малави кіреді. Шығыс Африка жерінде Африка материгінің теңіз деңгейінен ең төмен және ең биік жатқан нүктелері орналасқан.
Шығыс Африка халқының өзіне тән ерекшеліктері бар. Амхора галла тайпалары ертеден ақ жер, мал шаруашылыымен айналысқан. Ерлері мақтадан тігілген ұзын, өте тар шалбарлар, ұзын, жағасы тік келген көйлек киеді де, үстінен арнаулы жапқыш – шамма жабады. Ал суықта бурнус киеді. Әйелдері жеңі қысқа, ұзын көйлек киеді.
Саваннада оңтүстік Кения мен Танзанияның солтүстігінде тұратын Африканың жартылай көшпелі байырғы халықтары Масаилар Шығыс Африкада ең танымал тайпалардың бірі болып табылады.
Оңтүстік Африка елдері Конго және Замбези өзендерінің суайрықтарынан оңтүстікке қарай жатқан бөлігін қамтиды. Оның құрамына Намибия, Боствана, Зимбабве, Мозамбик, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Лесото және Мадагаскар елдері кіреді.
Оңтүстік Африка тайпалары Бушмандар Оңтүстік Африканы мекендейтін аңшы тайпалар Бушмендер аласа бойымен, үлкен қысыңқы көдерімен және ісінген қабағымен ерекшеленеді
Зулустар – саны шамамен 10 млн жететін, Оңтүстік-Африка Республикасының Кавзулу-Наталь провинциясында өмір сүретін африкалық тайпа.
Орталық Африка Экваторлық Африка елдері – Чад, Камерун, Габон, Конго, Заир, Ангола, Орталық Африка Республикасы экваторлық Гвинея, Принсипи, Сан-Томе. Халқының көп бөлігі негроидтық нәсілге жатады. Солтүстік аймақтарындағы халықтардан еуропоидтық нәсілдің белгілері байқалады
Банту тайпалары Камерун, Габон, Орталық Африка Республикасы, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея аумағында тұрады.
Орталық африканың көтеген елдерінде (Заир, Гобон, Конго) экваторлық ормандарда негр нәсілінің өкілдері пигмейлер тұрады Пигмейлердің бойы аласа (144 — 150 см), түстері ашық қоңырқай, талпақ танау, бұйра шашты, жұқа ерінді, кеуделі, аяқ-қолдары қысқа болып келеді. Банту тілдері тобындағы бірнеше тілде сөйлейді.