Адольф Гитлер.pptx
- Количество слайдов: 7
Адольф Гитлер
Үшінші рейх тоталитарлықдиктатурасының негізін қалаушы, ұлттық-социализмнің орталық тұлғасы, неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының нем. Nationalsozialistische Deutsche Arbeiterpartei көсемі (1921— 1945), Германия рейхсканцлері (1933— 1945), Германия фюрері (1934— 1945), Екінші дүниежүзілік соғыста Германия қарулы күштерінің бас қолбасшысы (1941 жылдың 19 желтоқсанынан).
Өмірі Адольф Гитлер 1889 жылдың 20 сәуірінде қазіргі Австрия елінің Браунау ам Инн жерінде дүниеге келген. Әкесі — кеден қызметкері Алойс Гитлер (нем. Alois Hitler) анасы — Клара Пөлцель (нем. Clara Pölzel). 1903 жылы әкесі, 1907 жылыанасы дүниеден өтеді. 1905 жылы мектепті аяқтамай тастап кетеді. Кейін Гитлер Австрияның астанасы, Вена қаласына қоныс аударады. 1913 жылы Германияның Мюнхен қаласына көшеді. Гитлер Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933 – 1945 жылдар аралығында канцлер болып билік етеді. Сондайақ, 1921 жылдан бастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі болып та саналады. Канцлер болып тұрған шағында өзін неміс Рейхының ең жоғарғы қолбасшысы, лидері деп санады.
Саясаты. Мансабы Гитлердің билігі тұсында елдегі ұлттық социалистер III Неміс Рейхының диктатурасын орнатты. Ұлттық социалистер билікке келгеннен бастап басқа партияларға шектеу қойылып, қысым жасалды. Кейбірін өздігінен жойылып кетуге дейінгі халге жеткізді. Гитлердің саясатына қарсы келгендерді қудалап, Концлагерлерге жер аударып жіберді. Тіпті, жазалаудың шектен шыққаны сонша, адамдарды өлтіруге дейін барды. Еуропалық Иудейлерді қырғынға ұшыратқан осы Гитлердің нацистік, фашистік саясаты мен оның жақтаушылары еді. Холакауст кезінде жазықсыз иудейлер өлтірілді. Олар үшін басқа этникалық топтар мен басқа діннің өкілдерінің көк тиындық құны болмады. Ақырында Екінші Дүниежүзілік Соғыстың отын тұтатты. Соның салдарынан Германияның көп бөлігі мен Еуропаның біраз бөлігі қирады, бүлінді. Екінші дүниежүзілік соғыста өлген 55 миллион адамның 6 миллионы еуропалық Иудейлер, 30 миллионы Славиян халқының өкілдері болды.
Өмірінің естеліктері Гитлердің жиырма бес жасына дейін атқарған немесе атап айтарлықтай іс-әрекеті болмаған. 25 жылдық өмірінде мамандыққа қатысты білімі болмаған, әлеуметтік және қоғамдық өмірде де белсенді болмаған. Алайда, аздаған жылдар арасында немістердің еліне барып ел билігін қолына алып, диктатор болады. Саясатқа келген кезіндегі ол жайлы мәліметтер құпия болатын. Ол өзінің қарсыластарына айтқан сөзінде: Сіздер менің қайдан келгенімді және қандай отбасынан шыққанымды білуге тиісті емессіздер — деп айтқан екен. Майн Кампф, Менің күресім (нем. Mein Kampf) еңбегінде бұрынғы өмірінің нацистік түсінікте қалыптасқан мықты тұлға болуға өзін-өзі тәрбиелегенін айтады.
Өмірінің соңы. Қайтыс болуы Адольф Гитлер өмірінің соңына дейін христиан дінінің католиктік бағытын ұстанған. Оның ең сенімді адамдарының бірі Альберт Шпеер Гитлердің шіркеулерге деген көзқарасының оң болмағанын айтады. Әртүрлі ортада әртүрлі ой білдірген. Шіркеулерді халықты ұстап отыратын күшті элемент деп те қарастырған. Гитлер 1930 жылдан бастап вегетариан болған. Ол жайлы оның өмірін зерттеген адамдар да бірауыздан келіседі. 1933 жылдан бастап Гитлер өзінің қалауы бойынша көшелер мен орталық алаңдарды өзінің атымен атай бастайды. Кез-келген елді мекендер мен қалаларда Гитлердің атымен аталатын көше және алаңдар болды. Ол әсіресе, өзіне ұнамайтын адамдардың атына ие көшелер мен алаңдарды өзгертті. Біраздан соң НСДАП партиясы елдегі жаңа көше мен алаңдарға Гитлердің саясатын қолдаған тұлғалардың есімін беру туралы заң шығарды. Партияның жастар қанатын. Гитлер жастары деп өзгертті. Сондай-ақ, стадиондар, мектептер, қалашықтар Гилердің атымен немесе Гитлердің қарамағында екендігін білдіретін атаулармен аталды. 1945 жылы 30 сәуірде Берлин қаласындағы бункерінде өзіне-өзі қол жұмсап мерт болады.
Қызықты мәліметтер Адольф Гитлердің Wolf (қасқыр) деген лақап аты болған. Өзі басшылық еткен майдандар мен әскери орталықтарды осы Қасқыр атауына қатысты атаулармен атаған. Гитлердің жақын бір қызметтесінің кішкене баласы Onkel Wolf(Қасқыр көке (аға)) деп атаған. Атының өзі көне неміс тіліндегі adal және wolf деген екі сөздің туындысы екен. Гитлер паркионсон ауруымен ауыратын. Гитлер талантты суретші болған.
Адольф Гитлер.pptx