антропология.pptx
- Количество слайдов: 8
Адамның даму тарихында ми көлемінің ерекшеліктері Орындаған: Ноғай А Тексерген: Құлбекова А
Адамтектес маймылдар мен адамдардың ми салмағының ерекшелігі Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады. Оларға: Ежелгі адамдар (архантроптар) Ертедегі адамдар (палеоантроптар) Қазіргі адамдар (неантроптар) Аустралопитек (ми көлемі: 450 – 650 см 3) Питекантроп ( ми көлемі: 750 – 1100 см 3) Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400 см 3) Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 – 1500 см 3) Саналы адам (ми көлемі: 1600 см 3)
Адамның даму барысында бас көлемі мен ми сауытының өзгеруі
Қазіргі саналы адам миының негізгі құрылысы Ми адамның бас сүйегінің ішінде орналасқан. Ірі үш бөліктен тұрады: 1. Ми сыңарлары. 2. Мишық. 3. Ми сабауы (бағанасы). Ми бес бөліктен тұрады: 1. Алдыңғы. 2. Аралық. 3. Ортаңғы. 4. Артқы (мишық, көпір). 5. Сопақша ми. Адам миының қазіргі салмағы 1100 грамнан 2 келіге дейінгі аралықта ауытқып отырады. Көлемі – 1456 текше сантиметр, аумағы 1622 сантиметр. * Мидың орташа салмағы – 1, 4 келі.
Ғалымдардың айтуынша: Мидың функциясын б. э. д. 400 жылы мысырлықтар мен гректер зерттеген. 1. Алдынғы мида ауырпалық рецепторлар болмайды, сондықтан ми ауырпалықты сезбейді. 2. Ми адам мүшесінің ең майлы жері, мүшенің 60% майын құрайды. Мида 100 000 миль қан таситын қан тамырлар бар. Ми оттегісіз 4 -6 минут өмір сүре алады, содан кейін өле бастайды. Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда, мидың ауыр зақымдалуына әкеледі. Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың механикалық функциясына байланысты деп ойлап келген, алайда ол мидың функциясына байланысты екен.
Кез келген адамды данышпан етіп шығару болады Корей дәрігерлерінің дәлелдеуінше, ота жасаудың (операция) көмегімен ақылы аз адамның өзін данышпан етіп шығаруға болатын көрінеді. Өйткені, Сеул ұлттық университетінің бір топ ғалымдары мидың артқы бөлігінде ақылдылыққа «жауап беретін» нүктенің бар екенін анықтаған. Ол үшін Ли Кун Хо бастаған ғалымдар 16 -18 жас аралығындағы 25 талантты баланың және 25 қарапайым баланың миын магниттікрезонанстық томографтың көмегімен бақылауға алады. Оларға түрлі есептер шығартып, ой еңбегін талап ететін тапсырмалар береді. Сонда анықталғаны – ақылды балалардың шүйде тұсындағы ми бөлігі белсенді түрде жұмыс істеген, ал қарапайым балалардың миының бұл бөлігі ұйықтап жатқан. Осыны зерттей келе ғалымдар «мидың қатты жұмыс істеуінің себебі онда нейрондар көбірек болады» , - дейді. Демек, кез келген адамды данышпан етіп шығару үшін оның ми бөлігінің осы тұсындағы нейрондардың белсенділігін арттыру қажет. Ғалымдар осы сәулелендіру жолымен немесе нейрондардың импульсін арттыра түсетіндей етіп операция жасау арқылы жүзеге асыруға болатынын айтады. Корей ғалымдарының пікірінше, «мұндай операцияны адам миының қалыптасу процесі толық аяқталатын кез – 25 жасқа дейін жасаған жөн» .
Назарларыңызға рахмет!


