СРС(ШерипбайЕ)философия.pptx
- Количество слайдов: 22
Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы және философияның ондағы рөлі Орындаған: Шеріпбай Е. Т Тексерген: Тәттібек Н. М
* *Философиялық білмнің негізгі сипаттары. *Философияның функциялары. *Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
* *Августин: «Философия — ақылдылыққа құштарлық» — дейді. Аквинат: «Философия — барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім» - дейді. * М. Монтень: «Философияның қайғылы, іш пыстыратын, нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі — ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі» — дейді. .
*Т. Гоббс: «Философия адамның ақылойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі» дейді. * Декарт: «Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім» дейді. *Фихте: «Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты» -деген
* Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo — сүйемін, sophia — даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді. * Философияның басы — таңдану. Сократ «Менің білетінім — мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады. * Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән. *
*Сократ: «Философия — ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету» *Геродот: «Философия — білімді, ақылдылықты сүю» *Аристотель: «Философия — ғылымдар негізі» .
*Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.
*Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл — байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау. *Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.
*Философияның анықтамасы: Философия — бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
*Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент — Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М. Әуезов: «Философия…- кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыкқа сүйрейді. Философия: *адамның қайдан жаралғанын шешпек; *адамның жанын, ішкі халін тексермек; *адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.
*Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ» дейді. *Бұл ойларды неміс философы И. Канттың сөздерімен толықтыруға болады: *Мен не біле аламын? *Мен не істеуім керек? *Мен не нәрсеге үміттене аламын? *Адам дегеніміз не?
* Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль, үшіншісіне — дін, төртіншісіне — антропология. Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді. …Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады» .
* * 1) көзқарастық — философиялық көзқарастың жоғарғы деңгей болып табылады. Көзқарас — адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ойпікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, акыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды нанымсенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірақ философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады. * 2) рациональды жүйелеу — философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытыпсараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге келтіреді * 3) сыни — философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді;
* 1)философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді. * 2) Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді. * 3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тігізеді. *
* Швейцария философы Ю. Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдарын көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күштіәсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонансоң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп, философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.
*Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі — ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік «Менін» көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.
* Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың, К. Ясперстің сөзімен айтсақ, «философия кеңістігіндегі субтанциялардың» қайталанбас дүниесіне үңілу, жеке өмірі мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді. Мысалы, Сократ, И. Кант, Л. Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз. Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады.
* Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия — рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
*Еркіндік мәселесі — философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған «мәңгілік» мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап ету керек. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.
*Ойымызды қорыта келсек, философия ғылымы адамга өзі өмір суріп отырған орта — табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жуйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жанжақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады.
* «Философия» оқулығы. Серік Мырзалы *https: //www. google. ru/ *
Назарларыңызға рахмет!
СРС(ШерипбайЕ)философия.pptx