биология журек.pptx
- Количество слайдов: 15
Адамның қанайналым жүйесі
Қан дегеніміз не? Қан (sanguis) – организмде химиялық заттарды тасымалдау арқылы клетка (жасуша) және клетка аралық кеңістіктерде өтетін биохимиялық үрдістерді (процестерді) біртұтас жүйеге біріктіріп тұратын сұйық тін.
АДАМ ҚАНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Қан эритоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер деп аталатын қан түйіршіктерінен, клеткааралық сұйық зат – плазмалардан тұрады.
Гематокриттік көрсеткіш дегеніміз осы қан түйіршіктері мен сұйық бөлшегінің өзара пайыздық арақатынасы. Қалыпты жағдайда қан түйіршіктері 40 -48 пайыз, плазмасы 52 -60 пайыз болады, дейді дәрігерлер.
Қан тамырларының бес түрі бар. Күретамыр (артерия). Артериолалар. Қылтамырлар (капиллярлар). Венулалар. Көктамырлар (веналар).
Күретамыр (артерия). Жүректен қанды тасиды. Жүректің әрбір соғысында қан қысымына төтеп беретін күретамырдың жуан қабырғалары бар. Артериолалар. Күретамырдың көшірмесі. Шаштың жуандығындай ұсақ
Қылтамырлар (капиллярлар). Ұзындығы 1 мм-ге жетпейді. Ені мұнан да жіңішке және ұсақ. Олардың қабырғаларымен оттегі және құнарлы заттар қаннан айналадағы тіндерге ағады. Бірігіп, қылтамыр венулалар құрайды. Венулалар. Баяу аққан қанды одан да аз қысыммен көктамырға жеткізеді.
Көктамырлар (веналар). Қанды жүрекке кері жеткізетін жұқа қабырғалы, жұмсақ тамырлар. Әрбір уақыт аралығында денедегі қанның 66 пайызы көктамырда, 29 пайызы күре тамырда, 5 пайызы қылтамырда болады.
Қан айналымы
Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады.
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250 -300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады.
Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бірбірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.
Ересек адамның Ж-гі минутына 72 – 75 рет соғады. 1 мин-та Ж-тің қантамырларға шығаратын қан мөлшерін Ж-тің минуттық көлемі деп атайды. Ж-тің жұмысы қанмен бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ, өзіндегі шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырылады. Ж-тің адам организмінде алатын орны ерекше.
Назар аударғаныңызға рахмет!!!
биология журек.pptx