
Prezentatsia_lekts_ka_14-3.pptx
- Количество слайдов: 18
* Адам организміне өндіріс ортаның жоғарғы және төменгі температура әсері. доцент м. а. Садыкова Г. С.
*Адамның ашық ауада еңбек етуі жылдың әртүрлі мезгілінде ыстық немесе суық климаттық жағдайда жұмыс істеуі жоғары және төмен температураның әсерімен жүреді. * Бұл ауылшаруашылық жұмысшыларына, құрылысшыларға, * таукент жұмысшыларына, *шахтерларға, *нефтяниктерге, *балықшылар, * ағаш дайындаушыларға тиісілі. *Сонымен қатар кейбір өндірітік орындар жылуды сәуленің бөлуіне байланысты жұмыс орнының қатты ысып кетуіне әкеледі мысалы ыстық цехтарда. *Төмен температура жер төлелерде, *тоңазтқышты құрылғыларда, *жылытылмайтын складттарда болады.
Патогенез * Сыртқы және өндірістің жоғары және төмен температураның әсерінен жылу берумен жылу түздің бұзылуы ағзаның қызып және мұздап кетуіне әкеледі. *Термареттеудің негізгі түрлеріне жылуды түзумен жылуды бөлу жатады. * Жылу түзу ағзада интенсивті тотығу үрдісіне байланысты. *Жылу бөлу физикалық жолмен (сәулелену, жылуды өткізу және булану) жүреді. *Бұл үрдістерді басқару қызметін бас миының орталығымен қыртысты қабатта атқарады.
*Жоғары температура әсер еткенде – қызғанда – терінің қан тамырларының кеңеюуімен қанайналымының қүшейіп тердің көп бөлінуімен жүреді. *Терімен судың көп мөлшерде бөлінуі натрия хлор тұздарының және кейбір органикалық заттардың көп бөлінуі су-тұз алмасуын бұзып, *қанның қоюлануына, * жүрек-қантамыр, *асқорыту жүйесінің қызыметінің бұзылыстарына әкеледі. *Төмен температура әсер еткенде * жылудың түзелуі жоғарлап, *жылуды бөлуі баяулайды.
*Мұндай жағдайда терідегі спастикалық белгілер күшейіп, қанайналымы баяулап * зат алмасу күшейіп, *қалақанша бездің, * гипофиздің, * бүйрек үсті бездерінің секреторлы қызметі артып; * бұлшықеттің тонуысы жоғарлап, * еріксіз дірілдеумен (үйрек терісіндей) теріні көруге болады. *Жоғары және төмен температураның келеңсіз әсерлері ауаның ылғалдығымен қозғалу жылдамдығына байланысты. *Адамға оптималды метеорологиялық жағдайлар ауанның ылғалдылығы 40 -60 % , ауанның жылдамдығы 0, 5 -1 м/с, температурасы 18 -20 °С болуы керек.
Клиникасы *Ыстық өткен кезде аурудың екі түрін ажыратады: гипертермиялық және тырыспалы. *Ыстық өткенге күн өту жатады. *Гипертермиялық түрі кенеттен немесе біртіндеп басталады. *Жеңіл жағдайда басының ауыруына, * бас айналуға, жалпы әлсіздік, аузының құрғауы, * шөлдеу, құлағының шулауы, көзінің қарауытуы, *кейде заттар жасыл немесе қызыл түске бояалғандай болып, құсуға шағымдалады, *дене қызу 38 -39 °С жоғарлайды. Тері, әсіресе беттің *терісі қызарады, сипағанда ыстық немесе ылғалды болады. *Тынысы беткейлі жиілейді. Пульс жиі, аз толымды. *Аталған жағдайдың барлығы медициналық көмек көрсетілгенен кейін 1 -2 күнен кейін қалпына келеді.
*Ыстық өтудің гипертермиялық түрінің ауыр ағымында есінің тануымен коллапаспен өтеді. * Бұл кезде тері жамылғысы бозарған, цианозды; * дене температурасы 40 -41 °С жоғарлайды, * айқын терлегіштік болады. *Пульс пен тыныс жиілеген. * Балтыр бұлшықетінде ауырсынуы, тырысу, *Эпилепсия түрдегі тетаникалық тырысулар, *психикалық бұзылыстар (қозғыштық, галлюцинация, сандырақтау) соңынан комаға өтеді. *Тырысу түрі ағзаның сусыздануынан су-тұз алмасуының бұзылып жіті басталады. *Бұл жағдайда жоғарыдағы аталғандармен қатар айқын тетаникалық тырысулар балтыр, иық, білек, бұлшықеттерінде болып қимылдағанда қатты ауырсынады.
* Науқастар қимылсыз, * беткелбеті ұзарған, * көз айналасы қарайған. * Терісі цианозды, құрғақ, мұздай. * Жүрек қан тамыр жүйесінде бұзылыстар: * пульсы жиі 110 -120 рет минутына, жіп тәрізді, * артериальды қысым төмен, жүрек тоны тұйық. * Диурез 50 - 100 мл тәулігіне, зәрдегі хлоридтер азайған. * Қанның қоюлану белгілері анықталады: * эритроциттер мен гемоглобин саны арттады, * қанның тұтқырлығы жоғарлаған. * Ауыр жағдайда эпилепсия түрдегі талулар, * кейде психиканың гемиплегиясы немесе бұзылыстары болады. * Тырысу түрінен кейін денсаулығы толық қалпына келеді кейде нервтіпсихикалық бұзылыстар сақталып ОЖЖ ошақты өзгерістер қалып қояды.
*Үнемі жоғары температурада жұмыс істейтін жұмысшыларда, *жүйке, қан тамыр жүйесінде, АІЖ, бүйректердің қызметінің бұзылыстары анықталады. * Клиникада неврастениямен, тамыр гипотензиясымен, *асқазан секреторлы қызметінің бұзылуымен, *бүйректің концентрациялау қызметінің ауытқыларымен көрінеді. *Жылумен сәулелену өндірістерде инфрақызыл немесе ультракүлгін сәулелермен қосылады. *Инфрақызыл сәулелер катаракты, ал ультракүлгін жіті кератоконъюнктивиттер (электроофтальмия) шақырады.
Емі * Жедел медициналық көмекті және емді аурудың түріне, ауырлығына қарай тағайындалады. * Жеңіл түрінде гидропроцедуралар: * жылы душ (судың температурасы 26 -27 °С, ұзақтығы 5 -6 мин) * соңынан дене құрғатып, толық тыныштықта болу керек. * Ауырлау түрінде – жылы ванналар (судың температурасы 29 °С, ұзақтығы 7 -8 мин), соңынан душ және толық тыныштық. * Науқасты ылғалды простынямен (температурасы 25 -26 °С; ұзақтығы 10 -15 мин), * соңынан құрғақпен, толық тыныштықпен қамтамасыз етеді. * Мұндай науқастар көп сұйықтық қажет етеді. * Көрсеткішіне қарай седативті * және жүрек-тамыр құралдарын тағайындайды (валериана, бром, камфора, кофеин ж. т. б. ).
* Ауыр түрінде салқын сумен шайындырып, * ылғалды компресстерді кеудеге, ішке қояды. * Тамыр ішіне изотониялық натрии хлоридін енгізеді. * Айқын цианоз, тырысу, сандырақтауда қан қысымын бақылау арқылы 200 -300 мл қан ағызады. * Бас миының қысымы көтерілсе (Керниг симптом), жұлынми пункциясы жасалынады. * Өте ауыр жағдайда ( асфиксия, жүректің тоқтауы) реанимациялық шаралар жүргізіледі. * Тыдрысу түрімен науқастар толық тыныштықты қажет етіді, * натрии хлорид глюкозамен изотоникалық ертіндісін тамыр ішіне енгізіп, тұзы көп тағам қабылдауы керек. * Жүрек қан тамыр жетіспеушілігінде камфора, кофеин тағайындау керек. * Күн өтуі белгілі болғанда науқасты қараңғылау, салқын бөлмеге ауыстырып үстінен тынысын тарылтатын киімін шешу керек. * Басына мұзды қап, салқын компресстер, ванналар немесе душ, * керек болған жағдайда жүрек дәрмектерін, изотоникалық ертінділер тағайындалады. * Өте ауыр жағдайда реанимациялық шаралар жүргізіледі.
*Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. * Күн өтудің жеңіл сатысында емдеу уақытында уақытша жұмысқа жарамсыз болады. *Жазылған соң өзінің бұрынғы жұмысына оралады. * Жүйке және қан тамыр жүйесінің қызметінің бұзылысы бар науқастар толық айыққанша басқа жұмысқа орналастырады, * керек болса жұмысқа уақытқа жарамсыз қағазы беріледі. *Тұрақты функционалды бұзылыстарда науқастар еңбек ету қабілетінің жоғалту деңгейін анықтау үшін және реабилитациялық сипаттағы шараларды жүргізу үшін МӘСК жіберіледі.
Алдын алу * Жұмыс орында жылу сәлеленудің алдын алу үшін санитарлы-гигеналық техникалық талаптарды сақтау керек. *Бұл үшін арнайы қорғаныштар, ыстықтан сақтайтын материалдар, мұздатқаш вентиляцияларқолдану керек. *Кезекті медициналық қараудан 24 айда бір рет терапевт және офтальмологтан өтіп тұру керек. *Жоғары температура мен жылумен сәулеленуде жұмысқа медициналық қарсы көрсеткіштер: *Созылмалы жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары; *айқын, жиі өршитін созылмалы гастрит; *көру өткірлігі бұзылыстарында, катарактада; созылмалы тері ауруларында.
*Салқындаудың клиникалық көрінісі * Салқындауда дененің ашық жерлерімен бірге ағзаның кейбір мүшелеріде зақымданады. *Төмен температура әсер еткенде клиникалық көріністері облитерлеуші эндартерит (ангиоспастикалық бұзылыстар), ұсу және жалпы дененің салқындауы (гипотермия) болады. *Облитерлеуші эндартерит қол аяқтардың ұзақ салқындауынан және балықшыларда, тоңазтқышта жұмыс істешілерде кездеседі. *Клиникалық белгілеріне саусақтарының бозаруы, сезімталдығының нашарлауына, * парестезия, аяқ-қолдарының қимылының нашарлауына * шеткі қан-тамырлардың пулсының төмендеуімен көрінеді.
*Облитерлеуші эндартерииттің төрт сатысы бар: * I сатысы (спастикалық) функционалды ангиоспастикалық бұзылыстармен сипатталады. *Науқастарда ауырсыну, аяқ-қолдарының жансыздануына, мұздауына, шеткі тамырлардың пулсының төмендеуімен көрінеді. * Бұл көріністер ұзақ уақыт байқалып, кезеңді жоғалып отырады. *II сатыда (ишемиялық) ангиоспастиклық синдром тамырлардың қабырғаларының құрылысының өзгеруінен тұрақты болып қалады. * Бұл сатысында тромбтар түзелуі мүмкін. *Үшінші сатысында (некротикалық) ұлпаларды қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауынан аяқ-қолдарда жаралар пайда болады. * IV сатысында (гангренозды) құрғақ немесе ылғалды гангреналар дамиды.
*Үсіп қалу, облитерлеуші эндартериит секілді, суықтың әсерінен ағзаның жергілікті зақымдануымен сипатталады. *Үсудің клиникалық белгілері суық әсер еткенен кейін бірнеше уақыттан кейін байқалады. * Үсудің үш кезеңнен тұрады. *I кезеңінде ашыған сезім, қышыну, шаншу, бозару, соңынан зақымданған жердің қызаруы болады, бірақ тез өз қалпына келеді. * II кезеңде терінің сезімталдығы төмендеп, бозарып ісініп, көпіршіктер пайда болады. *III кезеңде гангрена дамиды. *Жоғары ылғалдылықпен суық қосылғанда, гиподинамия, тар аяқ киімді ұзақ уақыт кигенде ол жердің қан айналымы бұзылып үсуге әкеледі.
*Дененің жалпы мұздауынан (гипотермия, мұздауы) бүкіл ағзаға суық ұзақ әсер еткенде баайқалады. * Гипотермияға көмірсутегінің және ақуыз алмасуының бұзылуы, тотығу үрдістерінің баяулауы, тамырдың өткізгіштігінің жоғарлауы тән. *Дененің жалпы мұздауының клиникалық көрінісінде жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, терінің көгеруі болады. *Дене температурасы және артериалды қысым төмендейді. Пульс және тыныс сирейді. * Есі анық емес. Қанның қоюлану белгілері анықталады. *Ауыр түрінде тетаниялық тырысулар, еріксіз зәрдің бөлінуі; өліп кетуіде мүмкін. *Ауыр түрдегі гипотермияда гемиплегия, эпилепсиялық талулар, психикалық бұзылыстар байқалады.
Емі * Емді аурудың түріне, ауырлығына қарай тағайындалады. * I және II сатысында облитерирлеуші эндартеритте жылы физиотерапиялық керек болса хирургиялық ем жүргізіледі. * I кезеңді үсіген науқастарға жалпы жылытқыш, үсіген жерлерді камфор немесе бор спиртімен (3 % ертінді) сүртіп зақымданған жерді құрғақ байлап қояды. * II және III кезеңде, жоғарыдағы шаралармен қатар кең спекторлы антибиотиктер тағайындайды. Еңбек ету қабілетінің сараптамасы * Жеңіл сатысында емдеу уақытында уақытша жұмысқа жарамсыз болады. * Тұрақты функционалды бұзылыстарда науқастар еңбек ету қабілетінің жоғалту деңгейін анықтау үшін және реабилитациялық сипаттағы шараларды жүргізу үшін МӘСК жіберіледі. Алдын алу * Салқындаудың алдын алу үшін тиімді арнайы киімдерді жылы аяқ киім, уақытында тамақтану, жұмыс орндарын жылы ұстау қажет.