Адам ағзасына азот қосылыстарының биологиялық әсері. Нитриттердің адам
Адам ағзасына азот қосылыстарының биологиялық әсері. Нитриттердің адам ағзасына улы әсерін анықтау Дайындаған:Жаркинбекова М.И
Азотты химиялық элемент ретінде 18 ғасырдың екінші жартысында француз химигі Лавуазье ашты. Бұл газ ауаның 78,8 %-ын құрайды. Оны азот деп аталу себебі тыныс алу, жану кезінде ешқандай рөл атқармайды әрі аударғанда “өмірлік емес” деген мағына береді. Бірақ кейінгі зерттеулерде азотты тек тіршілікте ғана емес, бүкіл органикалық тіршілікте маңызды рөл атқаратыны дәлелденген.
Нитрат нитрит азот қышқылдары Канцерогенді нитрозаминдер
Нитриттер – азтоксинді, бірақ адам денсаулығы үшін қауіпті нәрсе тамақ өнімдерінде болатын – ауыр металдар. Кез – келген тамақ өнімдерінен ауыр металдарды байқауға болады, бірақ әрбір тағамда металдық ластану дәрежесі (құрылымы) әр түрлі болып келеді. Нитраттар мен нитирттердің шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны технологиялық өңдеудің сапалылығы және пайдаланылатын қосымша материалдарға тәуелді болады.
Тағамнан улану — санитарлық-эпидемиологиялық қызметті алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі — бүгінгі таңда көп жағдайда нитраттар көлемі мөлшерден тыс бақша өнімдері. Жаз – жеміс-жидек, көкөністер кезеңі. Қазірде дүкендер мен базарлар сөресі ерте піскен өнімдерге лық толы, олардың бірқатары оңтүстіктен әкелінсе, бірқатары жылыжайларда өсірілген. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар мөлшерден тыс болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін. Денсаулыққа нитраттардан гөрі метаболиттер – нитриттер қауіпті екенін ұмытпаған жөн. Олар түрлі микроағзалардың әсерінен өнімдерді сақтағанда, кулинарлық өңдеуден өткізгенде пайда болады. Құрамында белгіленген нормадан тыс нитраттары бар тағамдар жегенде, ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудыратын метгемоглобинемия аса қауіпті. Бақша өнімдерімен байланысты тағамнан уланудың алдын алу үшін облыстың санитарлық қызметімен 561 бақша өнімінің сынамасы зерттеліп, олардың 4-еуі санитарлық талаптарға сай болмай шықты: «Ақниет» ЖШС-нен қызылша мен қырыққабат сынамасы, «Әлия» базарынан алынған баялды, «Анвар» супермаркетінен алынған редис сынамаларында нитраттар саны белгіленген мөлшерден артық болып шықты. Сатылымнан 11 кг көкөніс алынып, жойылды. Облыс халқын сақтандыру мақсатында ерте піскен табиғат сыйын пайдалану кезінде сақ болулары сұралады: қолдан немесе стихиялық базардан көкөніс сатып алмаған жөн. Тексеруден сырт қалғысы келген сатушы өнімді белгіленбеген жерден сатқанды жөн көреді. Бақша өнімдерін ұйымдастырылған базардан немесе дүкендерден сатып алған сенімдірек, өйткені сауда желілерінде сатылған азық-түліктің жауапкершілігі әкімшілік, сатушы, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханаларының қызметкерлеріне жүктеледі. Бақша өнімдерін сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмытпаңыз.
Нитриттердің организмге әсері: Нитриттер адам ағзасында оттекті тасымалдайтын гемоглобинді метгемоглобинге айналдырып, оттекті азайтады. Организмнің иммундық жүйесінің белсенділігін төмендетеді; Емшектегі балаларға өте қауіпті; Патогендік ішектік микрофлораның дамуына әсер етеді Тағамдағы витаминдерді азайтады; Аяғы ауыр әйелдерде баласының түсуіне, ер адамдарда белсенділігінің төмендеуіне әкеледі; Организмге ұзақ уақыт түскен жағдайда йодтың көлемі азайып, қалқанша бездің үлкейуіне әкеледі; Асқазан ішек жолдарында рактың пайда болуына әсерін тигізеді; Тамырлардың бірден кеңуіне әкеліп, соның әсерінен қан қысымы төмендейді; Адамның жұмысқа қабілеті төмендейді, бас айналу білінеді, есте сақтау қабілеті төмендейді, қанда сүт қышқылдарының,холестериннің, лейкоциттердің көбейуі байқалады, ақуыз мөлшері азайып, гемоглобин блокталады.
Нитриттердің организмге түсу жолдары: Өсімдік және жануартекті өнімдер арқылы; Ішетін су арқылы; Дәрілік заттар арқылы;
Тағы бір ескеретін жайт, ерте піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді тек қана арнайы дүкендер мен базарларда сатылған жағдайда тұтынғаныңыз дұрыс. Себебі ол нысандарды қадағалау органдары үнемі тексереді. Денсаулыққа зиян келтірмеу үшін сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын анықтамасын талап еткен жөн. Ол құжатта сатушының аты-жөні, өнімнің зерттелген күні мен тағам қауіпсіздігі туралы қорытынды болады. Улану мен ішек ауруларының алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтауды ұмытпаған дұрыс.
3370-adam_a_1171_zasyna_azot__1179_osylystaryny_1187_biologialy_1179__1241_seri-1_-_kopiya.ppt
- Количество слайдов: 10