серикова меруерт экология.pptx
- Количество слайдов: 17
Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті Кафедра: Педогогика және психология Пәні : Экология және тұрақты даму Тақырыбы: Экология облысындағы халықаралық ынтымақтастық Тапсырма: Қоршаған ортаны қорғау туралы ООН-ның Стокгольм конференциясына жасаған сараптамаға сипаттама беру Серікова Меруерт – Орындаған ПФИЯ 106 топ Шакизада Кенжебаевна- Тексерген
Жоспар Кіріспе: Негізгі бөлімі Қоршаған ортаның ластануы «Тұрақты даму» Концепциясы Стокгольм конференциясы Халықаралық табиғат қорғау ұйымына, одаққа, кеңеске кіретіндер Қортынды:
Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т. б. ), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т. б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз: 1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер. 2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар. 3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. 4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т. б. .
Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, әсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады. Есептеулер бойынша, (слайд) автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек оксидi 4%, көмiрсутектер — 0, 5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0, 004, азот оксидтерi — 0, 06%, күкiрт оксидтерi — 0, 006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25 -27% қорғасын болатыны анықталған. Қазiргi кезде бүкiл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2, 5 млн автомобиль, Парижде — 900 мың, т. с. с. ластайды. Ал әрбiр мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т. с. с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Яғни физикохимиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды.
Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т. б. қатысады. Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.
Тұрақты даму концепциясы 1967 жылы «Оливетти» италиялық фирмасының вице-президенті Аурелио Печчеи (1908 - 1984) Рим клубын құрудың басшысы болды. Рим клубы – ұзақ уақыттық жоспары жоқ экономикалық дамудың жалғасуындағы адамзаттың ғаламдық дағдарысының мүмкін болуымен қауіптенген беделді, белгілі кәсіпкерлердің, саясаткерлердің және ғалымдардың біріккен үкіметсіз ұйымы. Сол уақытта математикалық моделдеу саласында Джей Форрестер - халық санының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының өсуі, қоршаған ортаның ластануы сияқты негізгі әлемдік бағыттардың шынайы статистикасында негізделген «Әлемдік динамика» деген ғаламдық моделін жасады. Ол өзінің шәкірттері Дэнис Медоуз бен Донелл Медоузға тапсырыс берді, олар программистер қолдауымен Әлем-1 және Әлем-2 деген моделдерін жасады. Ғылыми болжам нәтижелерін Рим клубының бірінші баяндамасында және «Өсу шегі» деген кітабында жарияланды. Модельдеу қорытындысына сәйкес XXI ғасырдың бірінші жартысында халықтың тым көп өсуінен пайда болатын дағдарыс табиғи ресурстардың таусылуына және қоршаған ортаның шектен тыс ластануына, аштыққа, ауруларға және әлеуметтік құлдырауға әкелетін компьютерлік талдауы бар болжамдар жасалынған. 1972 жылы Стокгольм конференциясында осы мәселелер қарастырылып, БҰҰ шешімімен қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ Бағдарламасы (ЮНЕП) құрылған. Осы уақыттан бастап ЮНЕП ЮНЕСКО-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмысын алмастырып, экологиялық дағдарысты жоюда әлемдік қауымдастықтың келісімді әрекеттерін дайындаудың штабы болып қалыптасты. ЮНЕП халықаралық деңгейде экологиялық мәселелерді шешумен айналысады.
Декларация – мемлекеттің, әлемдік қоғамның сыртқы немесе ішкі саясаттарының негізгі қағдаларын жариялайтын ресми өтініш. Декларация – бұл келісімге және ынтымақтастыққа деген алғашқы қадам. Келісім-шарттың әртүрлі атауы (келісім, декларация, пакті, хаттама, конвенция және басқалар) болады. Келісім-шарттар халықаралық келісім-шарттар құқықы туралы Вена конвенциясына сәйкес жасалынады. Конвенция - жеке арнайы сұрақ бойынша әдетте көпжақты халықаралық келісімдер. «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі. Тұрақты даму – бұл адамзаттың өмір сүру формуласы. «Тұрақты даму» (sustainable development) термині ағылшынша «үнемді даму» , ұзақ уақыт бойы дамуды ұстап тұру қабілеті деген ойды білдіреді. ХХ ғасырда адамзат өзінің айналасына экологиялық мәселелердің өткір ұшқындарын қалдырғанын байқағысы келген жоқ. Ғаламшар бойынша егіншілік жерлер, орман жамылғылары қысқарды. Жер атмосферасындағы көміртегінің жоғарлауынан біздің ғаламшарымыз үлкен көшетханаға айналуда. Сондықтан ғаламдық контексте басты бүгінгі күннің тәртібі – бұл адамның іс-әрекетін табиғат мүмкіншіліктерімен теңестіру. 1992 жылы 3 -14 маусым аралығында 20 жылдан кейін Стокгольмдік декларациядан кейін Рио-де. Жанейродағы өткізілген БҰҰ конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлауда тұрақты даму – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Адам қоғамы табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты. Сонымен қатар екі ғаламдық экологиялық конвенцияларға қол қойылды: климаттың өзгеруі бойынша Рама конвенциясы және биологиялық алуантүрлілік Конвенциясы. 1997 жылы Нью-Йоркте «Рио+5» әлемдегі тұрақты дамуға өту саласындағы алғашқы бесжылдық есебі БҰҰ конференциясы өтті. 2000 жылы БҰҰ инициативі бойынша жаңа мыңжылдықтың Декларациясы жасалынып, қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау Стокгольмнен басталған Әлем мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғауға бірлесіп көңіл бөлу үрдісі 1800 жылдардың екінші жартысынан басталған. Алайда Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде нақты іске кірісу Стокгольм конференциясынан бастау алады. 1972 жылдың 5 маусымында ашылған осы конференцияда дүниежүзілік проблемалар ортаға салынды. Дәл осы 5 маусым қазір Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні аталады. БҰҰ-ның 1992 жылғы Бразилияның Рио-де -Жанейро қаласында ұйымдастырған дүниежүзілік конференциясы да әлем мемлекеттерін қоршаған ортаны қорғау мәселесінде бірігуге алып келді. Қазір мемлекеттер арасында осы сала бойынша сан түрлі құжаттар қызмет жасайды 1972 жылы Швецияның Стокгольм қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Ортаны Қорғау конференциясында қабылданған шешіммен, 5 маусым күні Дүниежүзілік Қоршаған Ортаны қорғау күні болып қабылданды. Бұл елеулі күн елімізде де аталып өтуде. Қоршаған ортаның қорғалуы, өркенделуі және жақсаруы тақырыптарында көрсетілген шаралардың басты мақсаты – адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға зиян тигізетін де, айналаны қорғайтын да, көріктендіретін де – адам болып табылады. Бүкіл дүниеде болғанындай, өлкемізде де, әсіресе үлкен қалаларда, қоршаған ортадағы ең үлкен проблема – қоқыс. Пластикалық ыдыстағы азықтардың орнына шыны ыдыстағы азықтарды таңдаған жөн. Бір шыны ыдыс 4000 жылда, пластик 1000 жылда, сағыз 5 жылда, сыра жәшігі 10 -100 жылда, темекі фильтрі 2 жылда жойылады. Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда қолданылатын химиялық жылтыратқыштардың орнына табиғи заттардан болған сірке суын қолдануға болады. Қолданып болғасын тасталатын батарейкалардың орнына қайта зарядталатын батарейкалар қолдануға болады. Шыны, қағаз, картон, пластик және металл сияқты қалдықтар бөлек-бөлек жиналып, шикізат көзі ретінде әр түрлі секторларда қолданыла алады.
1972 ж. 5 -маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтастықтың басталу күні болып есептелетін конференция «Жер біреу» деген ұранмен өтті. Халықаралық табиғат қорғау ұйымына, одаққа, кеңеске мыналар кіреді: • Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС) барлық елдердің дерлік академиялары мен ғылым одақтарын біріктіреді. Ғарыштық кеңістік, Антарктида, мұхиттар проблемаларымен айналысып зерттейді; • Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет биологиялық циклдарды, қоршаған ортаның улануын зерттейді, табиғи ортаны бақылау (мониторинг) мәселесімен айналысады; • ЮНЕСКО-ның «Адам және табиғат» бағдарламасы адамдардың іс-әрекетінің тропиктік және субтропиктік орман және жайылым экологиялық жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді; • БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты және су қорларын қорғау проблемаларын, мұхиттарды ластанудан сақтау мәселелерін зерттейді; • Қоршаған орта мониторингісінің глобалды жүйесі (ГСМОС) қоршаған ортаның жағдайын арнаулы бақылау жүйелері, бақылау станциялары, мониторинг, бақылау күзеттері, т. б. арқылы біліп отыру үшін құрылған; • Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін зерттейді; • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаны санитарлық тазалық жөнінен бағалайды және бақылайды; • Дүниежүзілік метереологиялық ұйым (ВМО) жер шары ауасындағы құбылыстар мен өзгерістерді бақылайды; • Халықаралық океанографиялық комитет (МОК) жер шары мұхиттарының жағдайын бақылайды; • Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйым (ФАО) топырақтың құнарлылығын, су қорларын үнемді пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін зерттейді, • Дүниежүзілік білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) табиғат қорғау жөніндегі маман кадрлар оқыту, даярлау мәселелерімен айналысады. 1975 ж. шілде айында Хельсинки қаласында еуропалық 35 мемлекет және АҚШ пен Канада елдері
Қоршаған ортаны қорғау туралы конференцияда жасалған ұсыныстар
ҚОРТЫНДЫ Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық «Гринпис» ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, «Табиғат» экологиялық одағы, «Невада-Семей» , «Каспий табиғаты» (Атырау), «Көкті сақтау» , Ауқымды экологиялық қор, «Жастар экология мен мәдениет үшін» азаматтық қозғалыстары, «Тау» орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады. ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Кабашев Р. А. ж. б. Жылу техникасы: Оқулық/ Р. А. Кабашев, А. К. Кадырбаев, A. M. Кекилбаев. -Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2008. - 425 б. Суреттері 140 сурет. Библиографиялы тізімі 17. 2. Мокроусов В. Электронная модель управления качеством воздушного бассейна города//Экология. - № 11(30), 2003, с. 16. 3. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965 -34 -809 -Х 4. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдыкгуманитарлық бағытындағы 11 -сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007
GLOSSARI Декларация – мемлекеттің, әлемдік қоғамның сыртқы немесе ішкі саясаттарының негізгі қағдаларын жариялайтын ресми өтініш. Декларация – бұл келісімге және ынтымақтастыққа деген алғашқы қадам Қоғамдық-саяси ұйымдар – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін -өзі басқаратын адамдардың бірлестігі. ЮНЕСКО - БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселелер жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы Халықаралық қатынастар - халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық , құқықтық , демократиялық , әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі. Тұрақты даму – бұл адамзаттың өмір сүру.
серикова меруерт экология.pptx