terror.pptx
- Количество слайдов: 14
Абылай хат атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық қатынастар мамандығы Дінтану пәні Жобалық жұмыс Тақырыбы: Қазіргі кездегі діни терроризм және оған қарсы Тақырыбы күрестегі қауымдастық Дайындағандар: Әскербек Э, Кумаргалиева Н, 102 топ Тексерген: Қарғаев Қайрат Алматы, 2014
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім: 1) Терроризмнің себептері мен принциптері 2) Діни терроризм 3) Қазақстандағы террористтік іс-әрекеттер ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т. б. ) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды.
Терроризм себептерін басынан үш аспектіден қарастыруға болады. Транснациональді қылмыстардың себептері – экономикалық, әлеуметтік, Терроризмнің өршуі не саяси және басқа да бөлек террористік топтық тәртіптер (билікке таласу, Терроризм себептері – актілердің (террористік меншікке, нарық өтімінде, (экстремизм, негізгі саяси, ұйымдардың қалыптасуы, әсер ету ортасының шегі, идеологиялық, діни және олардың жоғарғы әскери әлеуметтік теңсіздік, басқа көзқарастар т. б. ); және басқа информациялық қайта потенциалдары) себептері. өңдіру, бақылауға алынбаған ресурс өзгерістері);
Терроризм – соғыстың өте белсенді және экономикалық хабарлары: ел-тұрғындарына қарсы максималды тұрақсыз қалпына минималды әскери шығындалады. Тұрақсыздық мақсатына жау елдің басшылығының ауысуы, жау елдің саяси бағытының ауысуы, жау елдің қорын өз қызығушылықтарында қолдану. Әскери еш нарсе тасылмайды және өңдірілмейді – террор тек азаматтық технологиялық орталы жүйелі әдістерді және жаудың қару-жарағын қолданады, қарсыластардың жерінде орналасқан жеңілу құралдарын қолданады. Ешкім террористердің басшыларын байқай алмайды – жауынгерлік әрекеттерді басқаруда иерархиялық жүйелердің орнына өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің басқару торы құрастырылған. Ештеме рөлді ашып тастамайды, атқарушы терактардың мақсаттарында – террористерде белгілі қызмет, атақ, ерекшелейтін белгіері жоқ. Ешқай террористер ашылмайды – террористер қарсыластарының барлық территориясы бойынша ашық бөліп жайғастырылған. Жаңа заман шынайлығына теріске шығару жоқ, оларды өздерінің қызығушылығында қолдану бар – ашық қоғам, шексіз әлем, ғылыми-техникалық революция кері бейнеде қолданылады, бірақ оны құраушы әлеуметтік және ғылыми-техникалық иновациялық елдерден жылдамырақ және белсендірек қолданады. Террористер басқарудың қымбат «өркенделген» соғыстың әдістерін қолданбайды –оларда жалпы қамтылатын саяси идеологияға табиға қарсы тұратын көпжылдық идеология болып табылады.
Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саясиэкономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен торроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе. Дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Ол осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі Н. Ә. Назарбаев : «Қазақстанда терроризм, сепаратизм, экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп» 2001 ж. 11. 09 АҚШ-тағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа кезеңіне негіз болды. державалар тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның туу себептерін анықтап алмай тұрып беталды соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса «исламдық терроризм» туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы даурықпа науқаншылықтарда, біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақталық басым.
Ресей террорлогы Ю. И. Авдеев: "Діни терроризм қазіргі кезде терроризмнің кең тараған түрі болып табылады, діни және ұлтшылдық ұрандарды пайдаланып, белгілі бір саяси мақсат қояды. "-деп көрсетеді. Орталық Азия республикаларының заңдарында мемлекет алдында дініне қарамай азаматтардың бәрі тең қүқықты, барлық діни ұйымдар тең деп көрсетілген. Әсіресе соңғы кезеңде республикаларда көптеген діни бірлестіктер құрылуда, теологиялык оқу орындары ашылуда, қайырымдылық қызметтері кеңеюде. Дегенмен дінге бетбұрушылық қайшылықгарды да тудыруда. Ол әртүрлі дін тармақтарының өзіне адамдарды тартудағы іс-әрекеттерінен, шетелдік миссионерлердің өз қаржыларымен ықпал ететін аймақ үшін күресінен көрінеді. Шетелдік миссионерлердің әрекеті Орталық Азия мемлекеттерінің зандарына сәйкес келсе де, қоғамда келеңсіз орны бар.
Cоңғы бір жарым жыл (2011 жыл 17 мамыр - 2012 жыл 21 қыркүйек) шамасында Қазақстан аумағында болған, "терроризмге қатысы бар" деп аталған оқиғалар кезінде 74 адам (оның 12 сі - полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздары) қаза тапты. 2011 жыл 17 мамыр. Ақтөбе ҰҚК департаменті ғимаратында жарылыс жасаған Рахымжан Мақатов өзі өліп, 3 кісіні жаралады. 2011 жыл 24 мамыр. Астана ҰҚК абақтысы жанында көлік жарылды. Көліктен 2 адамның – Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының мәйіті табылды. 2011 жыл 30 маусым. Белгісіз адамдар Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында 2 полицейді атып кетті.
2011 жыл 2 шілде. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылындағы атыста 1 арнайы жасақ сарбазы қайтыс болды, 3 полицей жараланды. 2011 жыл 11 шілде. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы атыста 1 полицей және қарулы топтың 9 мүшесі қайтыс болды. 2011 жыл 26 шілде. Ақтөбе полицейлердің өліміне күдіктілерді ұстау кезінде атыс болып, 1 күдікті өлді, 3 адам ұсталды. 2011 жыл 29 шілде. Ақтөбе қаласы маңындағы Қызылжар ауылындағы арнайы операцияда 1 полицей және қарулы топқа қатысы бар деген 2 күдікті көз жұмды. 2011 жыл 31 қазан. Атырау қаласында екі рет жарылыс болып, соны жасаған адамның өзі өлді.
2011 жыл 12 қараша. Таразда «жиһадшы» деп аталған Мақсат Қариев 5 полицейді, 2 бейбіт тұрғынды өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберді. 2011 жыл 3 желтоқсан. Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінде қарулы топқа қарсы арнайы операция барысында 7 адам (екеуі – ҰҚК арнайы жасағының қызметкерлері) қаза тапты. 2012 жыл 5 қыркүйек. Атырау қаласындағы жарылыстан 1 адам (сол іске күдікті Нұрлыбек Сақауов) қаза болды. 2012 жыл 12 қыркүйек. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында полициямен атысқан 5 адам мерт болды. 2012 жыл 16 тамыз. Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округінің «Таң» саяжай алабындағы арнайы операция кезінде үй өртеніп, оқиға болған жерден 13 адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды. 2012 жыл 21 қыркүйек. Атырау қаласы маңындағы «Көктем» саяжай алабындағы үйлердің біріндегі атыста «полицейлерге шабуыл жасады» деген күдікке ілінген 4 адам қаза тапты.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің 2013 -2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бағдарламада лаңкестіктің алдын алуға жұртшылықты жұмылдыруға және мақсатты топтар арасында ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жетілдіруге жете мән берілген. Экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған бес жылдық бағдарламаға 200 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылғаны белгілі. Бүгінгі таңда барлық кәсіпорындар, мекемелер мен компаниялар өз қызметкерлерінің терроризм мен экстремизмге қарсы сауатын арттырып жатыр. Әрбір министрлік аталған тақырыпқа қатысты жоспар құрады. Мұсылмандар діни басқармасы да мешіттерде діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Терроризм мен экстремизм – адамзаттың қас жауы! Оны елге кіргізетін болсақ жазықсыз жандар – балалар, аналар мен қарттар шейіт болады. Жұртшылық осыны ұғынуы керек.
Қорытынды Терроризм-адамзат баласына қайғы мен қасірет әкелетін жаман қағидат. Оны өздеріне пайдаланушы арам пиғылды топтар Алла мен адам ұрпақтары алдында үлкен күнәға батуда. Адамзатты қырып-жоятын бұл тәсіл белгілі топтарды байытуға, өз мүдделерін үстем етуге, жан рахатын табуға қаратылған көзқарас ниеттер болып табылады. Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылуының салдары деп ұғынған жөн. Терроризм-жаңа құбылыс емес. Билікке, қоғамдағы ахуалға қарсы топтар әр жерден бас көтерді. Кісі өлтірумен айналысып, үйлерді өртеді, осылай қылмыстарының ізін жасырғысы келді, олар дүниені қайта құруды мақсат етті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: üЭрнст Генри. Против терроризма. М, 1981, 32 -бет. üТерроризм-қасірет. // Ана тілі, 2002, 7 қараша. üБұл да сонда. üАнтонян Ю. М. Терроризм. М. 1998, 41 -бет. üКолосов Н. В. Международное право. М. 1998, 22 -бет. üБұл да сонда. üАнтонян Ю. М. Терроризм. М. 1998, 33 -бет. üТерроризм-қасірет. // Ана тілі, 2002, 7 қараша. üТеррористическая сеть. 2001, 11 қазан.
Назарларыңызға Рахмет!!!
terror.pptx