Ekon_Aleumet_integr_Model.pptx
- Количество слайдов: 15
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ “ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ ЕЛДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАСЫ“ Орындаған: Адилханов Батыржан 404 топ , Кумарбеков Мурат 401 топ Алматы, 2014
ЖОСПАР Кіріспе Ø Негізгі бөлім: Сыртқы сауда қызметінің түсінігі. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі сыртқы сауда саясаты. Қолданылған әдебиеттер тізімі Ø 1) 2) 3)
КІРІСПЕ ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек. Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуге де нақты әсер етуге болады. Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.
СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ. Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі — сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады. Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т. б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз. Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.
СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ. Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар: — сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді) — шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат. — Валюталық саясат. Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан. Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: — тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы. — Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы. Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.
СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ. Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу – сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі. Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы — өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
СЫРТҚЫ САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т. б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ. Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды. Американ ғалымы Дис Сакстың пікірнше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ» . Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар өңдірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және ола рдың өзара экономикалық тәуелділігі. Ғылыми – техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым — қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ Сыртқы саудада «фритретерствоны» /еркін сауда/ немесе «протекционизмді» /өз тауар өңдірушілерін қолдау/ талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті. «Фритретерство» саясатың ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артылықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады» — деп жазған. ХХ ғ. екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті.
ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ МӘНІ МЕН ТИПТЕРІ Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді. Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ 1 халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы; 2 экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми – техникалық революция; 3 дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі; 4 тарифтер мен сауда туралы. Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі; 5 көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кедең бағасы төмеңдеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы; 6 сауда – экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы; 7 сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т. б.
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда – экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады. Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90 -шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда – саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» — Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады. Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классифкациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал – жабдықтар т. б. факторлар ескеріледі.
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады. Мамандардын болжауы бойынша ХХІ ғ. алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатына АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030 -шы жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол. Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға /шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға/ ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен «жаңа индустриалды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік» : АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр. Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттықимпорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды. 1991 жылғы 16 -желтоқсаннан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан, заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады. Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 2001 ж; 2. Ержанов «Халық аралық экономикалық қатынастар» Алматы 1999 ж; 3. Жуков Е. Ф. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Москва 1999 ж; 4. «К вопросу о межрегиональном приграничном сотрудничестве с Казахстаном» Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 2000 ж шілде, www. ebiblioteka. ru; 5. Майдан-Әли Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998 ж; 6. Мамыров Н. Қ «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998 ж; 7. «Международная экономика» I том Москва «Международные отношения» 2000 г; 8. Николаенко В. Россия и Казахстан. «Международная жизнь» , 1998. № 11 -12; 9. Ресей-Қазақстан Сауда-экономикалық сабақтастығы. Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 1999 ж қыркүйек, www. ebiblioteka. ru; 10. Саясат журналы « 1999 жылдың I жартысындағы Қазақстан Республикасы экспортының даму тенденциялары» 1999 ж тамыз;
Ekon_Aleumet_integr_Model.pptx