педагогика.pptx
- Количество слайдов: 12
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ КАФЕДРА: ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ (ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ) Тақырыбы: “Педагог мамандығы және қоғамдағы орны” Орындаған: Валитова Ажар, 101 топ, ПФИЯ Тексерген: Барақбаева К. Алматы 2013
Жопар: 1. Кіріспе Педагог мамандығы 2. Негізгі бөлім Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек? Мұғалімнің қоғамдағы орны 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиет Глоссарий
Проектінің аннотациясы Тақырып : “Педагог мамандығы және қоғамдағы орны” Мақсаты: Педагог мамандығының ең беделді, әрі жоғары төленетін мамандықтын бірі екенін, мұғалімнің қазіргі қоғамдағы мәртебесін түсіну. Өзектілік: Қазіргі таңда жоғарғы оқу орнына түсіп жатқан студенттер мамандық таңдауда қатты қиналады және педагог мамандығына көңіл бөлмей, өздеріне артылатын жауапкершілігі мен ауыртпалықтарын ұғынбайды.
Кіріспе Ұстаз мамандығы- мәртебелі мамандық. Белгілі ағартушы қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытовтың ұстаздық қызмет туралы мына бір сөзін тілге тиек еткім келіп отыр: «Ұстаз-шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп өз басынан кешірген , тәжірибесіне таянып, келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбескекүні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоршысы деп биік баға берген екен» . Мұғалім ең алдымен бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білетін тамыршы болуы тиіс. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.
Мұғалім - киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету- өте қиын шаруа. Бұған Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөзі дәлел. Оқушыларды Отан сүюге, адамдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке баулу - ұстаздың басты парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білігі мен білімі жоғары болуы міндет. Сонда «мектеп те, мұғалім де – бала үшін» қызмет етпек, Н. Ә. Назарбаев: «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл бөлігі болып табылады. Сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл-ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата-аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жас ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге деген махаббаты көп ретте сіздерге байланысты. » десе, атақты педагог – ғалым В. А. Сухомлинский «мұғалімдік мамандық – бұл адам тану, адамның күрделі және қызықты, шым- шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп, ұстаздық қабілетке ерекше баға берген.
Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек? Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді? Мұғалім ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің перделерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Оқытуға деген ынта, өзіндегі барды асқан мейірімділікпенжеткізе білу ұстаз шеберлігінің бір қыры. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздіңасылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр кұятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне , және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Кез келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Еліміздің жарқын болашағы , өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Мұғалімнің қоғамдағы орны Дамыған елу елдің қатарында болу – еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, мұның барып тірелер жері – білім, ал білім беру тетігі – мұғалім. Қазақта бұрындары балаларға берілер батаның үлкені «айналайын, мұғалім бол!» болатын. Себебі, ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы адам есептелетін. Мұғалімді ұстаз санап, әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Қазіргі тұлғалардың қайсысын алсаңыз да білім берген мұғаліміне еліктеді, үлгі алды. Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол мәртебесінен, атақ-абыройынан айырылып қалған. Оның сүреңсіз дәлелдері көп-ақ, Мұғалімнің айтқанын жүре тыңдап, ескерткен әр пікірін талқыға салып, тіпті беттен алып айтысып, одан қалды сотқа беріп жатқан жайттар аз емес.
Соңғы уақытта мұғалімдердің әкімшіліктің тегін жұмыс қолы саналатындықтан, науқандық жұмыстардың бәрі мұғалімдердің белсенділігімен атқарылады. Мысалы, алаңдардағы митингілер мен үлкен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрерменіне айналуы, сайлау немесе тағы да сондай саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мұғалімнің кәсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру үшін: «Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер әулеттерінің слёттері, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер жұмысы жүргізілетін болады (2011 -2020 жылға арналған бағдарлама). Демек, педагогтің мәртебесін жоғарылату – Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Біз мұғалімнің мәртебесі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз» , – деген сөзін әр педагог үміт сәулесіндей көкірегінде сақтап жүр.
Қорытынды Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан - жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. «Білім туралы» заңда (8 -бап) білім беру жүйесінің басты міндеті «. . . ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптар төмендегідей: - әлеуметтік –гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу, әлеуметтік жағынан қажетті ділгірліктер мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан саласында қолдана білу; - адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс жобаларын әзірлеуде ескере білу; т. б. Мұғалімдік қабілеттілікке ие болу үшін педагогтық ережелерді жаттап алу жеткіліксіз. Мұғалімдік жұмысқа қабілеттіліктің дамуында күнделікті өз ісіне қортынды жасауы көп көмектеседі. Ал, оның шыңдай түсуі сол ұстаздық қызметінің басталуынан-ақ көрінеді. Ол жылдар бойында оның үнемі ізденуінің нәтижесінде толысып отырады. Әрине ол шыңдай түсуде талмай еңбектенуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Жарықбаев Қ. , Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. – Алматы, 2000. 2. Бап – Баба С. Жантану негіздері. – Алматы: «Дәнекер» , 2001. 3. Синица И. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. – Алматы: «Мектеп» , 1987. http: //sc 0002. egindykol. akmoedu. kz http: //www. vestnik-kafu. info/ http: //thenews. kz/2011/08/19/894915. html
Глоссарий Мәртебе - лат. status - істің жай-күйі, жағдайы азаматтың, заңи тұлғаның, мемлекеттік органнын халықаралық ұйымның құқықтық жағдайын сипаттайтын құқықтары мен міңдеттерінің жиынтығы. Индивидумның немесе топтың бірқатар белгілер (экономикалық, кәсіптік, этникалык, т. б. белгілер) бойынша айқындалатын әлеуметтік ара қатынас жағдайы әлеуметтік мәртебе деп аталады. Дарындылық [1]қызметтің табысты орындауын қамтамасыз ететін қабілеттердің сапалы өзіндік байланыстыруы; адам мүмкіндіктерінің кендігі мен қызмет өзіндігін айқындайтын жалпы қабілеттер немесе қабілеттердің жалпы сәттері; ақыл әлеуеті, немесе парасаттылығы, оқуға деген танымдық мұмкіндіктері мен қабілеттердің біртұтастық жеке сипаттамасы; қабілеттердің, табиғи көрсеткіштердің жиынтығы, қабілет табиғи себептерінің айқындалу және өзіндікі деңгейінің сипаттамасы; таланттық; қызметіндегі ұлы жетістіктер үшін қажетті ішкі шарттардың бірі. Мамандық[1]– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқыпүйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.
педагогика.pptx