этно.pptx
- Количество слайдов: 19
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қарым Қатынастар жане Әлем тілдері университеті Тақырыбы: Тарихи кесенелер мен ескерткіштер Орындаған: Биназар Ә. Тексерген: Барақбаева Күләш.
Жоспары: • • • Кіріспе Мақсаты Міндеті Негізгі бөлімдері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе бөлімі • Жалпы Қазақстанда тарихтан сыр шертетін дүниелер жетерлік. Оған дәлел ретінде тарихи кесенелер мен ескеркіштер айтуға болады.
Мақсаты: Біріншіден, студенттерге кесенелер жайында ақпарат бере отырып оларға тарихты жеткізу. Екіншіден, тарихты айта отыра патриотизмге баулу. Үшіншіден, этнопедагогиканы оқуға қызығушылығын ояту.
Міндеті: • Жоспарда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру. • Тарихтағы дүниелерді жаңғыртып, еске түсіру. • Толық ақпаратты жеткізу.
Негізгі бөлімдер: • МҰҚИЯТ БОЛАМЫЗ
Айқожа кесенесі
• Бұл құрылыстың фундаменті ретінде күйген кірпіш тұр, оның жалпақтығы 20 см. Фундамент астына 20 см тереңдікте тас бетон қойылған фундаменттің жан жағынан 50 см қиыршық тас салынған қалаудың материалдық жағдайы қанағаттандырарлық, ешқандай қайта жасау қажетсіз, барлығы жөндеу барысында қалпына келтірілді. Қабырғалар күйдірілген саз кірпіштен қаланды. Қабырғаларының қалыңдығы 1, 4 м, жөндеу жұмыстары атқарылып пайдаланылуға берілді. • «Ақтас» мешіті Қызыл-Орда облысының далалы ауданында орналасқан. • Құрылыс 27 х14 х6, 5 см және 26 х27 х6, 5 см және 1, 5 -2 см қалың көлемдегі күйген кірпіштен салынған күмбезді құрылыс. Жоспар бойынша жан-жағынан 19 х18, 6 м биіктігі күмбез ұшына дейін 19, 5 м. Көлемдігі квадрат ұқсас. Күмбез тіреліп тұрған қабырғалар арка болып салынған. Қабырғалары шикі сазбен сыланып ақталған. Құрылыстың салынған уақыты шамамен 1884 ж, 1984 -1986 жылдары ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сазды лаймен кірпіш, қалаудың жекелеген жіктері цементпен бекітілді. Нысан пайдаланылуға берілді. • Қызыл-Орда облысы Шиелі ауданындағы «Асан - Ата» кесенесіне реставрация жұмыстары аяқталды.
Алаша хан кесенесі
• Мазар халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандық әйгілі кесенелердің бірі Қаракеңгір өзенінің аңғарында, оң жағалаудан 2 км қашықтықта, Малшыбай ауылынан алшақ емес жерде орналасқан. Мазарды зерттей бастау Ш. Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж. ). • 1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады. Орталық Қазақстанның сәуле ескерткіштерін зерттеуге «Атбасарцветмет» тресінің бас геологы Қ. И. Сәтпаев атсалысты. Кейін ол академик атанды. «Алаш» термині ежелгі кезеңде қолданылған, яғни ру-тайпалар бөлінбей, ортақ мал ұстаған кезеңде. Бұл ежелгі түрік сөзі, - «туған-туыс, ниеттес» дген мағынаны білдіреді. Дұрысын айтқанда, «алаш» - қазақтың өз аты. «Алаш» сөзі бірнеше мағынада түсіндіріледі. Солардың дәлелденген бірі «Алты алаш» сөзі –Оғыздың алты ұлының соңынан ерген алты тайпа деген мағынада айтылады. Алтын Орда құлаған соң «Алаш» көшпелі қазақтарды біріктіретін ұранға айналды.
Қарағұл кесенесі
• Қарағұл кесенесі, Кіші Жүз қазақтарының құрметке бөленген өкілдерінен біреуінің басында тұрғызылған. Бұл XIX ғасырдың, көркем күмбезді кесенелер тобы ішінен айрықша ескерткіштердің біреуі. Кесене, Мұғалжар ауданындағы Борлы ауылынан, оңтүстік-шығыс бағытында 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Ескерткіш, бөлекше, төбеде орналасқан, қасында бірнеше жақын заманның мазарлары бар. • Оңтүстік алдыңғы жағымен күмбезді кесене жоспарында салынған тікбұрышты ғимарат. Бір қатарлы блокты цоколдан іргетассыз тұрғызылған, қабырғалары үш қатпарлы конструция болады. Қабырға қиюлыларының екі деңгейлерінде горизонтальді блоктар қойылған. Күмбезі үшкірлеу келген. Биіктігі 6, 0 м.
Бабаджа-Хатун кесенесі
• Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғғ сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.
Арыстанбаб кесенесі
• Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14 -15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18 -ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18 -ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909 жылы қайта салынды. • Жерасты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды. • Кешен алғашқы үлгісіне негізделіп қалпына келтірілген, яғни Ислам дінінің ғұламасы Арыстанбаб жерленген жерге тұрғызылды, екінші бөлме мешіттің сол қанаты оның дін жолындағы шәкірті Гурханға арналды. Осы екі нысан біріктіріліп қосылып салынды.
Қорытынды: • Қорытындылай келе қазақтың тарихи кесенелері жайында біраз ақпарат бердім деген ойдамын. Дей келе біздегі тарих сырлары таусылмасы жане ашылмаған көріністері әлі де көп екендігін айтқым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: • 1. Ғаламтор сайттары………………. • 2 Әзірет Сұлтан мемелекеттік тарихи-мәдени қорық музейі / Дайындаған. Рыскелдиев Т. Түркістан 2006, 3 б. • 3. Әмір Темір аманаты - Шымкент: Жібек жолы 2000. - 59 б. • 4. Түркістан тарихы мен мәдениеті. Түркістан: Қазақ-түрік университеті, 2000. - 76 б. • 5. Әзірет Сұлтан. Түркістан: 2005. - 7 б.
Сау болыңыздар!!!
этно.pptx