Абылай хан.ppt
- Количество слайдов: 20
Абылай хан әскербасы, саясаткер.
Жоспар: 1. Сабалақ 1. Абылай хан әскербасы 2. Абылай хан саясаткер 3. Абылай ханның қазақ халқы өміріндегі маңызы
«Қазақтардың аңыз – әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серлігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр дастандардың арқауына арналған» Ш. Уалиханов
1711 жылы “қан ішер” Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында дүниеге келген нәрестені азан шақырып атын Әбілмансұр деп қойыпты. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрды тұтқындағы басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып құлдыққа сатпақшы болады. Осы жерде ол тұтқыннан қашып елге келіп ауқатты адамдардың малын бағуға жалданады. Үйсін Төле бидің түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт Сабалақ атандырған ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзінің асқан ерлігімен, батылдығымен көзге түседі.
Осы ұрыста “ Абылай, Абылай !” – деп айқайлап жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына ұмытылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды ол жекпе – жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ұрыста ол жауды талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді. Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза болған ол оған “Абылай” деп ат беріп, хандық тағын ұсынады. Абылай есімін алған сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесіне бас ақылшы, кеңесшісі болады.
1741 жылы жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға қолға түскен одан жоңғарлардың ұлы қонтайшысы Қалдан – Серен : “Менің ұлымды өлтірген сен бе ? ” – дегенде, Абылай : “ Сенің балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана”, - деп жауап берген.
Жоңғар мемлекетінің ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мирасқорларының арасында хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс басталады. Осы орайда көрші жатқан Цинь империясы жоңғарларға қарсы қайта – қайта соғыс ашып, жоңғар мемлекетін әлсіретеді. Міне, осы аласапыран, жанталас уақытты тиімді пайдаланған Абылай қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту мақсатымен Телікөлдің маңына үш жүздің әскери жасақтарын жиып, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат жорығына аттанады. Бұл үш жүздің басы қосылған алғашқы жорығы еді. Осы жорықта ерен ерлігі, тамаша батырлығымен көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батыры Бұғыбай, Уақ руының батыры Баян, т. б өз есімдерін өшпес даңққа бөледі.
Абылай өте айлакер, ақылды әскербасы болды. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел – жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғара, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Ол Бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей жырау қосылды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер қолы Түркістанның Солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып бекінуге тиісті болды.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сырдарияның төменгі сағасына қарай бет түзеді. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Үшінші, негізі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта қазақтың аты шулы батырлары Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ, Жәпек т. б болды. Бұқар жырау науқастанып қалып келе алмағандықтан топқа 17 жасар Көтеш ақын қосылды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи болды. Ол да өз әскерін үш топқа бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарсы бағыттады. Жоңғар әскерлерінің қаруы – мылтық, найза, қылыш болдыжәне түйе үстінде орнатылған 15 зеңбірегі болды. Қазақ жастары сойыл, шоқпар, садақ, кейбіреулері найзамен қаруланған болатын.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбет оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Абылай өзінің Сағымбай, Қанай, Жанұзақ сияқты сенімді батырларымен және 17 жастағы ұлы Жанймен әскердің дәл ортасында жүрді.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартып, Түркістанға таяп барды. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне тақау барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сағасына шегіндірді. Амалы таусылған Цеван Доржи Абылайдан бітім сүрауға мәжбүр болды. Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қармағына өтті.
Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай, қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлар қазақ жастарының басын қосып, 1750 жылдардың орта шенінде жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап, ес тидырмай талқандап түбегейлі жеңді. Сөйтіп Абылайдың асқан ақылдылығы, батырлығы, дұрыс жүргізген әскери саясатының арқасында қазақ халқы қалмақтардың тепкісінен, зорлық – зомбылығынан құтылды.
Абылай көреген саяси қайраткер болды. Қалмақтармен аса ауыр соғыста қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылы ол Орта жүздің хан Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым – қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды (1757 – 1577 ж Пекинге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығына тиімді пайдаланып отырған. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ жылқы сойып, ақ кигізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп санады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице – канцлер М. Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жердегі Жаңғызтауда ағаш үй салынды.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол – «Ақ толқын» , «Ала – байрақ» , «Бұлан жігіт» , «Дүние қалды» , «Жетім торы» , «Қайран елім» , «Қара жорға» , «Қоржынқақпай» , «Майда жел» , «Садаққаққан» , «Сары бура» , «Шаңды жорық» т. б күйлер авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде өткізіп, Арыс өзенінің бойында 1780 жылы мамыр 69 жасында қайтыс болады. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Оның 12 әйілінен 40 қызы, 30 ұлы болды. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.
Орындаған: Мукашова Назерке Топ: 102 Мамандығы: Жалпы медицина
Абылай хан.ppt