8ad05297173e4a7c4a1b49bb902dacbd.ppt
- Количество слайдов: 36
Абай және кітапхана Абай Құнанбаевтың 170 -жылдығына арналған танымдық ақпарат
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Қазақстан Республикасы Семей қаласы Абай көшесі 86 тел. : 52 -04 -94, 52 -01 -44 Web-сайт: www. semeylib. kz E-mail: semeybib@yandex. ru
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев
XIX ғасырдың соңынан бастау алатын Семейдің қоғамдық кітапханасының іргесі 1883 жылдың 3 қазанында (ескіше 11 қыркүйек) саяси жер аударылғандар Е. П. Михаэлис, В. Н. Филиппов, М. И. Суворцев, С. С. Гросс, заңгер А. Леонтьев, суретші П. Д. Лобановский, қала тұрғындары-өлкетанушы Г. Колмогоров, И. Земляницын және басқа да зиялы қауым өкілдерінің ұйымдастыруымен қаланған.
Михаэлис Евгений Петрович - орыстың революционердемократы. Қазақ даласына жер аударылған, 1869 жылы Семей қаласына ауысқан.
Абайтанушы-ғалым Қайым Мұхамедханов: «Жарты ғасырға жуық өмірін Семей қаласында, Семей облысында өткізіп, қаламыздың мәдениет тарихына өнегелі үлес қосқан, орыс халқының абзал азаматының бірі Евгений Петрович Михаэлис еді. Абайдың жаңа ізденіп, шарқ ұрып жүрген шағында алғашқы ақылшысы, жанашыр жәрдемшісі, айнымас адал досы Е. П. Михаэлис болды» .
Нифонт Иванович Долгополов –халықшылреволюционер. Абай онымен Семейдегі айдауда болған (1884 -86 ж) кезеңінде өте жақын танысты. 1885 жылдың жазында ауырып қалған ол Семей генералгубернаторынан Абай ауылына барып емделіп қайтуға рұқсат сүрайды. Л. М. Әуезова
Абай Семей облыстық статистика комитетінің және Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семейдегі бөлімшесінің қызметі барысында Н. Я. Коншинмен жақсы таныс болды. Л. М. Әуезова
А. И. Долгополов Қаланың рухани өміріне саяси жер аударылғандар мен прогресшіл зиялылардың ықпалы зор болды. Осылардың ішінең Абай өзіне рухани жақын тұлғалар тапты. Олар – Е. П. Михаэлис, С. С. Гросс, Н. И. Долгополов, Н. Я. Коншин.
XIX ғасырдың соңында ашылған қоғамдық кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды.
Абай Сібірдің ең бай кітапханаларының бірі Семейдің қоғамдық кітапханасының тұрақты оқырманы болған. Л. Леонтьев. Абай Семей қаласының кітапханасында. 1954 ж.
Ғұлама ақын Абай Құнанбаевтың қоғамдық кітапхананың оқырманы болғанын тарихта қалдырып, әлемге әйгілеген 1885 жылы Ресей империясының түрмелерін зерттеу мақсатында Сібір мен Алтайға саяхат жасаған американ публицисі Джордж Кеннан болатын.
Семейдің қоғамдық кітапханасынан Дж. Кеннан көрген Спенсер, Тэйлор, Дрепер, Уоллэс, Милль, Шекспир, Гете, Шиллер, Гейне, Байрон шығармалары мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармалары Абайдың ой-өрісін кеңейтіп, дүниеге көзқарасын өзгерткен ғылым-білім университеті, таным баспалдақтары болды.
Шәмшиябану Сәтбаева: “Сібір аймақтарын аралаған, қазақ жерінде, Өскеменде, Семейде болған Американ жазушысы, публицист Джордж Кеннан 1906 жылы жазған “Сібір және сүргін” кітабында Абай туралы өте құнды дерек келтіреді”.
А. А. Леонтьев: «. . . Мен осындағы Бокльді, Милльді, Дреперді оқыған бір қырғызды білемін. Бірінші кездескенде ол менен индукция мен дедукцияның арасындағы айырмашылықты өзіне түсіндіруді сұрады. Ол ағылшын философтарының және аталған авторлардың шығармаларын зерттеп жүр екен» , - деп Дж. Кеннанды қайран қалдырады.
Кәкітай Ысқақұлы: «Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Тургенев, Белинский, Добролюбов және Писаревтың шығармаларымен таныстырған адам Михаэлис еді. Ол туған әкемнен де артық еңбек етіп, менің дүниеге көзімді ашты деп отырушы еді» .
Абай «. . . Сол әдетімен қыстың бір күнінде Семейдің Гоголь атындағы кітапханаға барып, өзі оқып бітірген Толстойдың 1 -ші том кітабын қайтарып, 2 -ші томын сұрайды. Кітапхананың іші толған оқушы орыстар екен, басында тымағы бар, аяғында саптама етігі, үстінде қара тоны бар қазақтың Толстойдың кітабын сұрап тұрғанын көргенде отырған орыстар қайран қалады. . . » . Ақын жанына Е. П. Михаэлис келіп танысып, ол таныстық баянды достықпен жалғасады. Абай кітапхана қабырғасынан рухани сусын ғана емес, Михаэлистей дос тапқанын Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов осылай еске алады.
Абай қалаға келе алмаған жағдайда ғажап ертегіші, елгезек, сырға берік атқосшысы Баймағамбет арқылы Е. П. Михаэлис пен Н. Я. Коншиннің жіберген хаттарын, кітаптарын, қоғамдық кітапханадан өзіне керекті шығармаларды ауылға алдырып, өзі оқығанын місе тұтпай, ауылдастарына әңгімелеп беруді әдетке айналдырған. v
Сондай бір сәтті М. О. Әуезов: «Ас ішіп болған соң үйдің іші жатпай, күндегі әдеті бойынша «Абайдан тағы бір әңгіме шығар ма екен» дегендей боп ұзақ отырды. . . Сонымен түн ортасына дейін міз бақпай, қадала қарап, бұны тыңдаған мәжіліске осы кеште Абай француз жазушысы Александр Дюманың атақты романы «Үш мушкеткерді» қызық әңгіме етіп ұзақ баяндап отырды» , - деп сипаттаған.
Н. В. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың ғимараты
1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің шешімі бойынша Н. В. Гоголь атындағы Семей облыстық кітапханасына Абай есімі берілді.
Абай және орыс әдебиеті Белгілі абайтанушылар зерттеулерінен Абайдың орыс классиктерінен Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков. Щедрин т. б. шығармаларын терең үңіліп, танысқанын білеміз.
Абайдың алғашқы басылымы Санкт - Петербург 1909 жыл
Абай заманындағы мерзімді басылымдар
Белгілі ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедханов Семейдің қоғамдық кітапханасының орыс және әлем әдебиеті классиктері шығармалары, әртүрлі ғылым салаларынан кітап қорының мол болып, «Вестник Европы» , «Русский вестник» , «Русская мысль» , «Исторический вестник» т. б. ресей мерзімді басылымдарын алып отырған сол замандағы Сібір кітапханаларының ішіндегі ең қоры бай кітапхана болғанын жазады.
Абай грек философы Платонның ой-пікірімен жақсы таныс болған. Ақын мезгілсіз дүние салған сүйікті баласы Әбдірахманның қазасынан кейін жазған “Бермеген құлға, қайтесің. . . ” деген өлеңінде бұл ажал ақылды Аплатон, Сократты да алған деп, өзін-өзі жұбатады.
. . . Гросс пен Михаэлис екеуі де Абай ауылында қонақта болып, оны орыс әдебиетімен таныстырды. Солардың ықпалымен Абай Пушкин, Лермонтов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писаревтің творчествосымен танысты. . . Ә. Бөкейханов.
Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең таныптүсінудің таптырмас құралы деп санады. З. Ахметов
“. . . екі ұлттың екі заңғар биігіне қарап отырамын да, таңтамаша қаламын. Гетені оқысам, Абайды танығандай боламын. Абайды оқысам, Гетені танығандай боламын”. Г. Бельгер
Абайдың еркін аудармалары арқылы «Татьянаның әні» қырда шырқалып, қазақ сахарасы орыс классикалық туындыларымен, Батыс Еуропа әдебиетінің тамаша үлгілерімен таныс болды
Батыс классиктері Шиллер, Гете, Байрон, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдерін Абай Құнанбаев алғаш рет қазақ тіліне аударуы халқымыздың рухани тарихында маңызды құбылыс болды. Ш. Сәтбаева
“Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақынжазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең таныптүсінудің таптырмас құралы деп санады”. З. Ахме тов
Ә. Бөкейхановтың Абай Құнанбаевқа арнап жазған қазақ тарихындағы тұңғыш қазанамасы кітапхана қорында сақталған
Абай шығармалары әлем тілдерінде
Н. Назарбаев: Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы
Назарларыңызға рахмет! Сіздердің жаңалықтарды білуге деген құмарлықтарыңызды қолдаймыз және көмектесеміз ! Сіздерді біздің кітапханада күтеміз! Қазақстан Республикасы Семей қаласы Абай көшесі 86 тел. : 52 -04 -94, 52 -01 -44 Web-сайт: www. semeylib. kz E-mail: semeybib@yandex. ru
8ad05297173e4a7c4a1b49bb902dacbd.ppt