Шпицберген.pptx
- Количество слайдов: 8
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогткалық Университеті Елтану кафедрасы Шпицберген Орындаған: Бақберген Жанар ГОЭК 3 курс Тексерген: Әбілмәжінова С. Ә
Шпицберген архипелагы (аралдар тобы) — Норвегия Корольдігіне тиесілі аралдар тобы. Ол Солтүстік Мұзды Мұхитта орналасқан. Орталығы — Лонгйир (Longyearbyen) қаласы. Архипелагтың жалпы ауданы 62 000 кмІ территорияны құрайды. Оның 35 100 кмІ аймағын мұз басқан. Мұз қабаттардың қалыңдығы 200 метрге дейін жетеді. Шпицберген архипелагының негізгі атауы — Свальбард (Svalbard). Шпицберген деген архипелаг құрамындағы ең үлкен аралдың атауы. Неміс тіліндегі «Spitzbergen» сөзі тек аралды емес бүкіл архипелагты атау үшін қолданылып кеткендіктен әлемнің басқа тілдерінде де Шпицберген сөзі кеңінен қолданылады. Свальбард (Svalbard) сөзінің мағынасы «Суық жағалаудағы ел» деген мағынаны білдіреді. Шпицберген архипелагы Норвегия корольдігінен басқа елуге жуық мемлекеттердің жұмыс істеуіне болатын әскери басымдыққа ие емес аймақ болып саналады. Норвегия және Ресейдің ол архипелагта өздерінің шаруашылықтары мен басқа да қызметтерін жүргізу көрсеткіштері жоғары. Орыстарға тиесілі Пирамида және Грумант деген шахтерлер қалашықтары бар. Бұдан бөлек Батыс Шпицберген аралында Баренцбург қалашығы бар. Онда 500 -ге тарта орыс және украин ұлттарының өкілдері тұрады. Шпицберген архипелагындағы ең ірі арал — Батыс Шпицберген аралы. Оның ауданы 37 673 кмІ территорияны құрайды. Одан кейінгі орынды Солтүстік-Шығыс Жер аралы иеленеді. Оның жалпы ауданы — 14 443 кмІ. Барлық аралдарында мекендейтін халықтың саны небары 2 600 адам шамасында. Олардың басым бөлігі арнайы экспедиция мүшелері мен шахтер-кеншілер.
Шпицберген, Грумант, Свальбард – Солтүстік Мұзды мұхиттың батысындағы аралдар тобы, Свальбард аралдар тобының негізгі бөлігі. Ірі аралдары: Батыс Шпицберген, Солтүстік-Шығыс Жер, Эдж, Баренц, т. б. Ауданы 62 мың км 2. Жер бедері таулы, ең биік жері – 1712 м, Ньютон тауы. Батыс және солтүстік жағалаулары фьордтарға (Ис-фьорд, Вейдефьорд, т. б. ) күшті тілімделген. 35, 1 мың км 2 -ден астам жерін (етегінен теңізге дейін) мұздықтар алып жатыр, көп жылдық тоң таралған. Төрттік кезеңнің жанартаулары (Сверре, Сигурд) және ыстық бұлақтар бар. Климаты арктикалық теңіздік; шығысы қатаң, батысында Шпицберген жылы ағысы әсерінен салыстырмалы жұмсақ. Орташа температура жағалық бөлікте ақпанда – 12 С, шілдеде 4 С. Жылдық жауыншашын мөлшері 315 мм.
• Арктикалық шөл және тундра өсімдіктері (қортық талдар, мүктер мен қыналар, ергежейлі қайың т. б. ) өседі. Сүт қоректілерден солтүстік бұғысы, полюс түлкісі, ақ аю, ақ түлкі, дала тышқаны және Гренландиядан қоныс аударған қошқарөгіз (овцебык) бар. Суы балыққа бай: гренландия итбалығы, нерпа, теңіз қояны, морж, кит тіршілік етеді. Архипелагты қоныс еткен құстардың 90110 түрлері бар. Бүкіл архипелаг территориясының жартысына жуығы қорықтар мен қаумалдардан тұрады: 3 қорық және 3 қаумал. Солтүстік-Батыс Шпицберген, Форланн ұлттық саябақтары, Солтүстік-Шығыс Свальбард резерваты құрылған.
Шпицберген топаралдарынан жоғары сапалы тас көмір өндіріледі. Байырғы халқы жоқ; тұрғындары негізінен көмір өндіретін 1, 2 мың норвег, 1, 5 мың орыс азаматтарынан тұрады. 1925 жылы Шпицберген топаралы ресми түрде Норвегияның бөлігі болып жарияланды. Әкімшілік орталық – Лонгьир, порты – Баренцбург.
Шпицберген.pptx