Арай Осман.pptx
- Количество слайдов: 18
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Осман Империясы Орындаған: Рамазанова А. Ж Тексерген: Султанова Ф. М
XIV ҒАСЫРДА КІШІ АЗИЯДА ТҮРІКТІК ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ. ИМПЕРИЯ ҚҰРАМЫНА ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР КІРДІ. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ЛИДИЯ, МИДИЯ, ПЕРГАМ, КӨНЕ РИМ, ВИЗАНТИЯ, КОНИЯ СҰЛТАНАТЫ, АХЕМЕНИДТЕР МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ЕСКЕНДІРДІҢ (АЛЕКСАНДР МАКЕДОНСКИЙ) АЛЫП ДЕРЖАВАСЫ ДА БОЛДЫ. XIV ҒАСЫРДЫҢ ЖИЫРМАСЫНШЫ ЖЫЛЫНДА КІШІ АЗИЯНЫҢ СОЛТҮСТІК БАТЫСЫНДА ФЕОДАЛЬДЫҚ КНЬЯЗДЫҚ ПАЙДА БОЛДЫ. БҰЛ ДИНАСТИЯНЫҢ АТАУЫ АЛҒАШҚЫ СҰЛТАНЫ ОСМАННЫҢ ЕСІМІМЕН АТАЛДЫ. ҚҰРАМЫНДА БАСЫМ БӨЛІГІ ТҮРІК ТАЙПАЛАРЫ БОЛҒАН ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХАЛҚЫН ''ОСМАН ТҮРІКТЕРІ'' ДЕП АТАҒАН. АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢНЕН БАСТАП-АҚ МЕМЛЕКЕТ ӘСКЕРИ-ФЕОДАЛЬДЫҚ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСТЫ. МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ТОБЫ ӘСКЕРИ ФЕОДАЛЬДАР БОЛДЫ. ОЛАР ҮШІН ЖАҢА ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫ ЖАУЛАП АЛУ МЕН ОЛАРДЫ ТОНАУ БАСТЫ МАҚСАТ ЕТІН.
Осман империясының құрылуы XI ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНА ҚАРАЙ КІШІ АЗИЯДА ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ ТҮРІК ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРЫЛА БАСТАДЫ. XI ҒАСЫРДА ҚЫПШАҚТАР КҮШЕЙІП, ОҒЫЗДАРДЫ ЫҒЫСТЫРДЫ. ОҒЫЗДАРДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІН ҚҰРАҒАН САЛЖҰҚТАР ШЫҒЫС ЕУРОПА МЕН КІШІ АЗИЯҒА КӨШІП КЕТУГЕ МӘЖБҮР БОЛДЫ. САЛЖҰҚ ТОҒРЫЛБЕК ХОРЕЗМДІ, ИРАНДЫ, ӘЗІРБАЙЖАНДЫ, КҮРДІСТАН МЕН ИРАКТЫ БАСЫП АЛЫП, ӨЗ БИЛІГІН ОРНАТТЫ. 1071 -1081 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА САЛЖҰҚТАР КІШІ АЗИЯНЫ ЖАУЛАП АЛДЫ. ОҒЫЗДАРДЫҢ ҚЫНЫҚ ТАЙПАСЫНАН ШЫҚҚАН ӘСКЕРБАСШЫСЫ, САЛЖҰҚТЫҢ НЕМЕРЕСІ ТОҒРЫЛ-БЕК 1040 -1060 ЖЫЛДАРЫ КІШІ АЗИЯДА САЛЖҰК ТҮРІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРДЫ. МОНҒОЛДАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНАН КЕЙІН ЫДЫРАП КЕТКЕН САЛЖҰҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ОРНЫНА 1299 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА ОСМАН ТҮРІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТІ КЕЛДІ.
Осман империясының негізін. 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осман сұлтан (1258 -1326) қалаған еді. XIV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастайды. 1352 -1354 жылдары түріктер Дарданелл жағалауын, Галлиполь және бірқатар калаларын басып алады. Бұдан кейін осман түріктері Балкан түбегінде тұр`ып жатқан оңтүстік славян тайпаларынан құрылған Болгар патшалығы мен Серб мемлекетіне қарсы соғыс бастайды.
1389 ЖЫЛЫ ТҮРІКТЕР СЕРБИЯҒА ШАБУЫЛ ЖАСАЙДЫ. ШЕШҮШІ ҰРЫС 15 МАУСЫМДА КОСОВО ДАЛАСЫНДА БОЛАДЫ. СЕРБ КОРОЛІ ЛАЗАРЬ МЕН ТҮРІК СҰЛТАНЫ I МҰРАДТЫҢ АРАСЫНДА БОЛҒАН ШАЙҚАСТА ТҮРІК ӘСКЕРЛЕРІ ІРІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕДІ. СЕРБ САРБАЗЫ МИЛОШ ОБИЛИЧ I МҰРАД ОТЫРҒАН ШАТЫРҒА КІРІП КЕЛІП, ОНЫҢ ТУ СЫРТЫНАН ҚАНЖАР САЛЫП ӨЛТІРЕДІ. СОҒЫСТА ЛАЗАРЬ ТҰТҚЫНҒА ТҮСІП, ӨЛТІРІЛЕДІ. БАЛҚАН ТҮБЕГІН БАҒЫНДЫРУ I МҰРАДТЫҢ БАЛАСЫ ИЫЛДЫРЫМ БАЯЗИТ (1360 -1403) КЕЗІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ. СОҒЫС МАЙДАНДАРЫНДА КӨРСЕТКЕН ЕРЛІГІ ҮШІН ОҒАН ИЫЛДЫРЫМ (НАЙЗАҒАЙ) ДЕГЕН АТ БЕРІЛГЕН. ТҮРІК ӘСКЕРЛЕРІ БАЯЗИТ СҰЛТАННЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН БӨЛШЕКТЕНІП КЕТКЕН БОЛГАРДЫҢ ТЫРНОВА ПАТШАЛЫҒЫН БАҒЫНДЫРАДЫ. БАЛҚАН ТҮБЕГІНДЕГІ СЛАВЯНДАР АЙТАРЛЫҚТАЙ ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТЕ АЛМАЙДЫ. СОДАН СОҢ ТҮРІКТЕР ВИЗАНТИЯ МЕМЛЕКЕТІНІН; АСТАНАСЫ КОНСТАНТИНОПОЛЬГЕ ЖОРЫҚ БАСТАЙДЫ. 1453 ЖЫЛЫ СӘУІРДІҢ БАСЫНДА II МЕХМЕД СҰЛТАН 200 МЫҢ ТҮРІК ӘСКЕРІМЕН КОНСТАНТИНОПОЛЬ ҚАЛАСЫН ҚОРШАЙДЫ. 1453 ЖЫЛЫ 29 МАМЫРДА ТҮРІК ӘСКЕРЛЕРІ КОНСТАНТИНОПОЛЬ ҚАЛАСЫН ЖАУЛАП АЛАДЫ. ВИЗАНТИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ СОҢҒЫ ИМПЕРАТОРЫ КОНСТАНТИН XI ПАЛЕОЛОГ (1444 -1453) ШАЙҚАС ҮСТІНДЕ ҚАЗА ТАБАДЫ. КОНСТАНТИНОПОЛЬДІҢ ҚҰЛАУЫ ВИЗАНТИЯ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ӨМІР СҮРУІН ТОҚТАТТЫ. КОНСТАНТИНОПОЛЬ СТАМБУЛ (ИСТАНБУЛ) АТЫМЕН ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АСТАНАСЫНА АЙНАЛДЫРЫЛДЫ. ТҮРКИЯ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНАДЫ. ОСМАН ТҮРІКТЕРІ XIV-XVII ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҰЛЫ ИМПЕРИЯ ҚҰРДЫ.
ӨРКЕНДЕУІ (1413 -1453) Меһмед I (1387 -1421) патшааралықтан жеңімпаз болып шығып, өзін күллі Османлы Мемлекетінің сұлтаны деп жариялайды. Ол Анадолыдағы бейліктердің бәрін (Караманнан басқа) қайта жаулап алады. Сонымен, Османлы Мемлекеті қайта өз қалпына келе бастайды. Меһмед I 1421 жылдың 26 мамырында қайтыс болады. Мұрад II (1404 -1451) 1422 жылы Константинополис (грек. Κωνσταντινούπολις) қаласын қоршайды. Бірақ османлыларда сол кезде әлі флоты да, артиллериясы да болған жоқ. Бұған қарамастан олар Византия астанасына шабуыл жасап, көп жауынгерлерінен айырылады. Оған қоса Анадолыдағы бейліктер жаңа бүліншіліктерді бастайды. Сондықтан Мұрад II Константинополисті қоршауын тоқтатады. Бүліншіліктерді басқан соң, ол Балқан түбегіндегі жерлерге бірнеше жорық жасайды. Балқандарда олар кейбір жеңістерге қол жеткізеді. Сұлтан Мұрад II Қожа Едірне қаласында 3 ақпан 1451 жылы мерт болады. Оның баласы және ізбасары әйгілі әскербасы әрі саясаткер Меһмед II Жаулаушы болады
Әкімшілік-басқару ТҮРІК ИЕЛІГІНЕ ҚАРАҒАН ХАЛЫҚТАР ӨЗ ҚОЖАЛАРЫНА ТІКЕЛЕЙ ТӘУЕЛДІ БОЛДЫ. ТҮРІКТЕР БАЛҚАН ТҮБЕГІНДЕГІ ЖАУЛАП АЛҒАН ЖЕРЛЕРІН ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ ЖАҒЫНАН САНЖАКҚА (ОБЛЫСТАРҒА) БӨЛДІ. САНЖАКТАРДЫ ТҮРІК СҰЛТАНЫ ТАҒАЙЫНДАҒАН БЕЙЛЕР БАСҚАРДЫ. БАЛҚАН ТҮБЕГІНДЕГІ ЖЕР ТҮРІК СҰЛТАНЫНЫҢ ИЕЛІГІНЕ КӨШТІ. ТҮРІК ЖЕРІНЕН ШАРУАЛАРДЫ КӨШІРІП ӘКЕЛІП, ОЛАРҒА ЖЕР БӨЛДІ. ФЕОДАЛДЫҚ ЖЕР ИЕЛІГІ – СПАХИ, АЛ МЕШІТ ИЕЛІГІНДЕГІ ЖЕРЛЕР – ВАКУФ ДЕП АТАЛДЫ. ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАҒАНДАРҒА ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖАСАЛДЫ. ЕЖЕЛГІ СЛАВЯН ТАЙПАЛАРЫНАН БЕРІ САҚТАЛЫП КЕЛГЕН МӘДЕНИЕТ ОРЫНДАРЫ ЖАБЫЛДЫ. БАЛКАН ТҮБЕГІНДЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ МҰСЫЛМАНДАНДЫРУ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗДІ. БОЛГАР, СЕРБ ХАЛЫҚТАРЫ ДІНИ ЕЗГІГЕ ҚАРСЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚҰРЕСКЕ
ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдык құрылымдағы мемлекет болды. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. I Сүлейман (1520 -1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжактарға бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды. Олар санжактарға да билік жүргізді. Ол азаматтық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарында ірі жер иелері болды. Феодалдық иерархиялық жүйеге кірді. Осман империясында coт жуйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды. Діни бағыттағы сот істерін - шейх-ульислам жүргізді.
Османлылардың 1526 жылдағы Мохач шайқасындағы жеңіс — өз заманындағы ең тез жеңіс (2 сағат)
1499 жылдағы Зончио шайқасы — кемелерден зеңбірекатқан алғашқы теңіз шайқасы Никопол шайқасы (1396)
Рухани феодалдар; Әскери феодал Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды Көпестер мен қала тұрғындары Шаруалар. Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды.
Түрік мәдениеті ТҮРКИЯДА ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ ҮЛГІЛЕРІ XIII ҒАСЫРДА ПАЙДА БОЛДЫ. ТҰҢҒЫШ ШЫҒАРМАЛАР СОПЫЛЫҚ САРЫНДА ЖАЗЫЛДЫ. КӨНЕ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА АХМЕД ФАКИХТІҢ «ТАҒДЫР КІТАБЫ» ЖАТАДЫ. ОНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ШЕЙАД ХАМЗА «ЖҮСІП ПЕН ЗЫЛИХА» ҚИССАСЫН ЖАЗДЫ. ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ШЫҒАРМА - СОПЫ АШИК ПАША ЖАЗҒАН «ҚУҒЫНДАЛУШЫНЫҢ КІТАБЫ» (ПОЭМА) БОЛДЫ. XIV-XV ҒАСЫРЛАРДА ПОЭЗИЯДА НИЗАМИ ГӘНЖАУИДІҢ «БЕС ДАСТАНЫ» ( «ҚҰПИЯ КАЗЫНА» , «ХҰСРАУ МЕН ШЫРЫН» , «ЛӘЙЛІ МЕН МӘЖНҮН» , «ЖЕТІ АРУ» , «ЕСКЕНДІРНАМА» ) ҮЛГІСІМЕН РОМАНТИКАЛЫҚ САРЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАР ЖАЗҒАН БІРҚАТАР АВТОРЛАР (АХМЕД, ЖҮСІП, СИНАН Т. Б. ) ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ. МАТЕМАТИКА, АСТРОНОМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАҒАН ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША БІРҚАТАР ЕҢБЕК ЖАЗҒАН ЛЮТФИ ТАКАДИ ЕДІ. ГЕОГРАФ АДМИРАЛ ПИРИ РЕИС 1513 ЖЫЛЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ КАРТАСЫН, АЛ 1523 ЖЫЛЫ «БАХРИЙЕ» АТТЫ ТЕҢІЗ АТЛАСЫН ЖАСАДЫ.
ОСМАНЛЫ ТҰҒРАСЫ Бұл Османлы Империясының Сұлтаны Маһмұд II тұғрасы. Онда былай делінген: Маһмұд хан Абдүлһамідтің ұлы мә ңгілікжеңімпаз
ДИВАН Cұлтан империяда жоғарғы билеуші болса да, мемлекеттегі атқарушы билік уәзірлерге (осм. Vezir) жүктелінеді. Олардың күнделікті жұмыс орындары «Диван» (осм. Dîvân-ı Hümâyun) болып саналды. Диванның басшысы әрі Османлы саясатындағы сұлтаннан кейінгі екінші адам Садразам (осм. Sadrazam немесе оны Везир-и Азам (осм. Vezir-ı Azam) деп те атайды) болып саналды. Бірақ 1320 жылдан бастап садразамдар сұлтандардың да кейбір міндеттерін орындай бастады. Садразамдар сұлтандардан толығымен тәуелсіз болды: олар сұлтанның мұрагерлік мүлкін өз қалауы бойынша басқара алды, мемлекеттегі кез келген уәзірді немесе пашаны қызметтен босатуға құқылы болды.
Түрік эпостық дастандары катарынан «Оғызнама» , «Кітаб Дәдәм Коркуд» пен «Көрұғлы» шығармалары ерекше орын алады. XV-XVII ғасырларда түрік сәулетшілері (X. Синан т. б. ) сәулет өнерінің композициялық құрылымы мен көркемдігіне ерекше көңіл бөлді. Түркия қалаларында медресе, кесене, күмбезді монша, хауыздар салу кең өріс алды. XVXVII ғасырлар аралығында сән және қолданбалы өнердің керамика, жібек жібін иіру, кілем тоқу, металл өндіру, қару-жарақ жасау сияқты салалары өрістеді. Түрік музыкасы баска да түрік халықтарының музыкасымен сабақтас. Мысалы, мани, қошма, тюркю әндері Орта Азия, Қазақстан, Әзірбайжан музыкасымен әуендес болып келеді. Музыка аспаптары: кеманча, ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дәф, давул т. б
Пайдаланған әдебиет 1. 1 ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ. АЛМАТЫ: АТАМҰРА, 2007
Назаларарыңызға рахмет!!!
Арай Осман.pptx