арнайы пед.pptx
- Количество слайдов: 14
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ АЛМАТЫ, 2015
● Сабақтың мақсаты: ► Студенттерді арнайы білім беру жүйесімен, соның ішінде, есту қабілеті зақымданған балаларды оқыту, тәрбиелеу педагогикалық жүйесімен таныстырып, білімдерін кеңейту. ● Жоспар: ►Есту қабілеті бұзылған балалардың клиникалық ерекшеліктері ►Коррекциялық жұмыс ►Арнайы білім беру ұйымдары, оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ►Жалпы мектепте оқыту және кәсіби білім беру, әлеуметтік бейімдеу жұмысы
Есту қабілеті бала интеллектісінің дамуында ерекше орын алады. Есту қабілеті қалыпты бала айналадағы дыбыстарды естіп, ересектердің сөзіне еліктеу арқылы өз бетінше сөйлеуді игереді. Есту қабілетінің көмегімен өзінің сөзін басқалардың сөзімен салыстыруға, өзінің сөзіне бақылау жасауға, дыбыстарды дұрыс айтуға, тілдің лексикалық – грамматикалық құрамын игеруге дағдыланады. Уақыт өткен сайын сақталған ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеуі қалыптасады.
Есту қабілетінің бұзылу себептерін әртүрлі жағымсыз әсерлер құрайды. Олар: Инфекциялық аурулар Механикалық соққылар Акустикалық соққы Контузиялық соққы Тұқымқуалаушылық аурулар Туа пайда болған жағымсыз әсерлер Қазіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі аудиометрияның көмегімен анықталса, сөз арқылы тексеру естудің жағдайын анықтауда қолданылады.
Қазіргі уақытта есту қабілеті бұзылған балаларды классификациялауда өз әдісін қолданған ғалым Л. В. Нейман. Ол өзінің әдісінде “саңыраулық” диагнозы 75 -80 дб кезіндегі естудің жоғалуына қойылатынын анықтаған. Саңыраулық - құлақ қалқанының түбінен берілген дыбыстарды өз бетімен қабылдай алмаушылық, тұрақты түрдегі естудің жоғалуы. Саңыраулық 2 -ге бөлінеді: журе және туа пайда болған. Естудің нашарлауы – есту қалдығына сүйене отырып, сөйлеу қабілетін игерудің мүмкіндігімен анықталатын тұрақты түрдегі естудің бұзылуы. Естудің нашарлауына - күрделі түрдегі сөйлеу тілі бұзылған есту қабілеті нашар балалар жатады. Есту қабілеті бұзылуын ғылыми тұрғыдан зерттеген педагогикалық психологиялық классификациясын анықтаған ғалым Р. М. Боскис. Бұл классификацияда есту функциясының бұзылу леңгейі, естудің бұзылу кезінлһдегі сөйлеу тілілің даму деңгейі есту қабілетінің бұзылу уақытын есепке алған.
4 тип: Сөйлеу тілі дамымаған саңырау балалар Сөйлеу қабілеті сақталған саңыраулар Сөйлеу тілілі дамыған есту қабілеті нашар балалар Сөйлеу тілінде күрделі кемістігі бар есту қабілеті нашар балалар
Естімейтін балалар жалпы білім беру бағдарламасы бойынша арнайы (коррекциялық) мектепте білім алады. Білім алу барысы 3 сатыға бөлінеді: 1. бастауыш білім (дайындық сыныбын қоса есептегенде 5 жыл) 2. негізгі жалпы білім (нормативтік ұзақтығы 6 жыл) 3. орта (толық) жалпы білім (нормативтік ұзақтығы 2 жыл) Бірінші сыныпқа 7 жастан бастап қабылданады. Мектепке дейінгі балабақшада тәрбиеленбеген балалар дайындық сыныбынан өтеді. Сынып оқушыларының толымы 6 -8 оқушы.
v Қазіргі сурдопедагогикада естімейтін тұлғаларды оқытудың мынадай жүйесі қолданылады: v. Билингвистикалық оқыту жүйесі арнайы білім беру процесінің құралдарын қолдануда бір тектілік, ұқсастық, яғни сөйлеу тілі мен ыммен сөйлеуді қатар қолдануда басшылыққа алынады. v Ымдық – дактильдік сөйлеуі – есту қабілетінен айырылған тұлғалардың өзара қарым- қатынасқа түсу тілі. Ыммен сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық заңдылығы ымның семантикалық бірлігіне негізделіп, оның функционалдық белгілері арқылы анықталады.
Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұнындағы өзіндік ерекшеліктері тұлғаның ортаға бейімделуін, шығармашылық әрекетін, эмоциялық – ерік сферасын дамытуға бағытталған. Мұндай жағдайлар мүлдем естімейтін тұлғаларға полисенсорлық негізде арнайы сабақтар жүргізу арқылы ұйымдастырылады: Ерін қимылынан оқу дағдысын қалыптастыру; Сөйлеу техникасын игерту (сөйлеу кезіндегі қимыл); Есту қалдығын қолдану және дамыту.
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептер болғанымен, кей ағдайларда олар жалпы мектептерде білім алуға мәжбүр. Себебі: 1. Естуі бұзылған балаларға арналған арнайы мекемелердің ірі қалаларда ғана орналасуы. Және де бұл мекемелер интернат типінде болғандықтан, ата – аналар балаларын лысқа жіберуден бас тартады. ; 2. Жалпы мектептерде мүлдем естімейтін балалар мен есту қалдығы сақталған балалар бір топқа топтасырылуына байланысты есту қалдығы сақталған баланың сөйлеу тілінің дамуына кедергі көп келеді. 3. Көп жағдайда балалардың денсаулығына байланысты арнайы интернат типіндегі мекемелерде білім алуына рұқсат етілмейді Мұндай жағдайда жалпы білім беретін мектептегі мұғалім интеграция жүйесі бойынша оқытуы тиіс. Мысалы балаға жиі назар аударып, оның оқу материалын естіп отырғандығына назар аудару, оқушыны алдыңғы партаға отырғызу және қосымша сынақхат сияқты жұмыстар жүргізуі тиіс.
Естуі бұзылған баланың жалпы білім беретін мектепте білім алу мүмкіндігін баланың жалпы дамуы мен сөйлеу тілінің даму деңгейімен ғана анықтамай, баланың қалыпты балалар арасында қарым – қатынасқа түсу арқылы білім алуға деген психологиялық дайындығын да анықтайды. Есту қабілеті бұзылған баланың түрлі жас кезеңінде психикалық, дене және сөйлеу тілінің дамуы қалыпты бала дамуына жақын болған кезде оқытудың интеграцияланған түрін ұсынуға болады. Дегенмен, естімейтін немесе нашар еститін балалар интеграциялы оқыту кезінде сөйлеу әрекетіне бйланысты берілген тапсырмаларды орындауда қиындықтарға кездесуі мүмкін. Ол үшін арнайы педагог (сурдопедагог) тарапынан сауатты түрде құрылған түзету ұмысы қажет. Сонымен, есту қабілеті бұзылған балаларға жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесі – сөйлеу әрекетіндегі ерекшеліктермен айқындалатынкүрделі процесс. Бұл кезде мұғалімнен шыдамдылық пен балаға деген махаббат қана емес, арнаулы білімнің көлемі де қажет болып табылады.
Тыңдағандарыңызға рахмет!!!
арнайы пед.pptx