Ahmet_Baitursynuly_jane_sintaksis_maseleleri.pptx
- Количество слайдов: 34
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ СИНТАКСИС МӘСЕЛЕЛЕРІ “Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. . . ”,
Ахмет Байтұрсынов (1872 - 1937) туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
Еңбектері: • 1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді. • Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді • Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). • Қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады
• «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911 - 1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. • Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 19121925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын таныптанытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. • Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. • Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды. • Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. « 23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. • Тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926).
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл. Сәкен Сейфуллин … А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады… Міржақып Дулатов Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Мұхтар Әуезов Ахмет Байтұрсынов- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. Рабиға Сыздықова
Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар- ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”- деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады. Серік Қирабаев Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам- тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. Рымғали Нұрғалиев Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынов туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты. Сырбай Мәуленов
Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі- екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”. Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-біріне солғұрлым ұқсас болады”. Зейнолла Қабдолов Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет. Сәбит Мұқанов Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов. Қайым Мұхамедханов … Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді. Ғаббас Тоқжанов
Сөйлем дегеніміз - сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады. Сөйлемнің жаны – сөздердің басы мағыналы болып құрылуы. Сөйлем жүйесі Сөйлем мүшесі Сөйлем түрлері
Сөйлем мүшелері Тұрлаулы мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтылатын сөздер немесе қалса да қалғандығы сезіліп тұратын сөздер Тұрлаусыз мүше сөйлем ішінде бірде болып, бірде болмайтын сөздер немесе керек болған жерде айтылып, керек болмаған орында айтылмай қалып отырған сөздер жана да қалған жерде қалғандығы сезілмейтін сөздер Анықтауыш Бас мүше (бастауыш ) Толықтауыш Баяншы мүше (баяндауыш) Пысықтауыш
Бас мүше (бастауыш ) сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөз, сөйлем иесі. Бір нәрсенің атын көрсетеді. Бұл ішкі белгілері. Ал тысқы белгісі: бас мүшенің «кім? » , «не? » деген сұраққа жауап беруі. Бастауыш болатын сөз таптары 1. Атау тұлғалы зат есім 2. Атау тұлғалы сын есім 5. Етістіктің тұйық райы мен есімшеге айналған түрі 9. Одағай 3. Атау тұлғалы сан есім 6. Үстеу және үстеу орнында жүретін сөздер 8. Жалғаулық және жалғаулық орнында жүретін сөздер 4. Атау тұлғалы есімдік 7. Демеу мен демеу орнында жүретін сөздер
Қосарлы бастауыш бір сөзбен аяқталмай бірнеше сөзбен аяқталады: 1) Тамағы жоқтық таптырар 2) Асық ойнаған азар 3) Жөнге тартқан жөндер 4) Тоны жаман тоңар
5. О жән даға сөз е бас й дер қа 6. Б сөз үтін дер есім ат 3. З 2. С есім ын 1. Е тіс 4. Е сім тік дік Баяншы мүше (баяндауыш) ол нәрсенің сырын сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз. Ол «не етпек? » , «не қылмақ? » , «қайтпек? » , «не болмақ? » деген сұрақтарға жауап береді. Қосарлы баяндауыш екі немесе үш, әйтеуір бір сөз емес, бірнеше сөзбен айтылады.
Тұрлаусыз мүшелер Сын есім Үстеу Етістік Анықтауыш сөйлем ішіндегі анықтық үшін айтылатын сөз «қандай? » , «қай? » , «нешінші? » , «кімнің? » Есімдік Зат есім Сан есім
Зат есім Үстеу Етістік Толықтауыш нәрсе амалын, жайын, болмысын толықтыру үшін айтылатын сөз. «кімге? » , «неге? » , «кімді? » , «нені? » , «кімде? » , «неде? » , «кімнен? » , «неден? » Сын есім Сан есімдік
Сын пысықтуышы Мекен пысықтауыш Мезгіл пысықтауыш Себеп пысықтауыш Пысықтауыш амал пысықтау үшін айтылатын сөздер. Мақсат пысықтауыш
Сөйлем түрлері Жалпы түрлері Айтылуынша айырылатын түрлері Құрылуынша айтылатын түрлері
1. Жалпы түрлері Болымды сөйлем Не жайынан болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп аталады. Мысал: Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар Болымсыз сөйлем Не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деліп аталады. Мысал: Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес
Толымды сөйлем Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем толымды деліп аталады. Мысал: Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Толымсыз сөйлем Тұрлайлы мүшесінің біреуі немесе екеуі де жоқ болса, сөйлем толымсыз деліп аталады. Мысал: Ауру астан, дау қарындастан.
Жалаң сөйлем Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем. Мысал: Ел қонды. Жайылма сөйлем Тұрлаулы мүшелерінен басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем. Мысал: Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады
Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері Жақты Бастауышы бап сөйлем Жақсыз Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем Жалаң Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем Жалаң Жайылма Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем Жайылма Толымды Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем Толымды Толымсыз Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем Толымсыз Атаулы Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем
2. Айтылуынша айырылатын түрлері Тілекті сөйлем нәрсенің болғанын, істің істелгенін көңіл тілеген орында айтылатын сөйлем. Көңіл тілегі түрлі айтылады: Бұйрық түрде • Келіңдер, боз балалар, атты алыңдар! Өтініш түрде • Даусыңды тым болмаса, бір шығаршы! Үгіт (ақыл) түрде • Балалар, оқуға бар, жатпа қарап! Жай тілек (мұрат) түрде: • Жасаған болғай панамыз көруге жазғай еді!
Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем Жай сөйлем • сөйлем жауап сұралғанда айтылатын сөйлем. • Мысал: Сен тамақ іштің бе? • аталатын адам көңіл күйі, жан жайымен сөйлегенде, мәселен, жан ауыр не кенелгенде, таңданғанда, сұқтанғанда, кейігенде, есіркегенде, күйінг сүйінгенде, қорыққанда, қуанғанда айтылатын сөйлемдер. • Мысал: Уа, дариға, өттің бастан қызық жас! • Сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі жатады. • Мысал: Ат ерінді келеді, ер мұрынды келеді.
Айтылу мақсатына қарай: Хабарлы сөйлем Хабарлау, баяндау, сур Жай сөйлем еттеу мақсатында айтылатын сөйлем Сұраулы сөйлем Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем Бұйрықты сөйлем Бұйыру, тілек-өтініш ету Бұйрықты сөйлем мақсатында айтылатын сөйлем Лепті сөйлем Сөйлеушінің көңіл. Лепті сөйлем күйін (қуану, ренжу, өкіну т. б. ) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем Сұраулы сөйлем
3. Құрылуынша айырылатын түрлері Іргелес сөйлемдер мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер. Мысал: Күн ашық. Тоғайлар шат. Ың жың орман. Қыстырыңқы сөйлем бір сөйлемнің ішінде екінші сөйлемнің қыстырылып айтылуы. Мысал: Бүгін, Құдай біледі, жауын болса керек.
Келтірінді сөйлем мақалды немесе біреудің айтқан сөзін айтушы не сол айтылған күйінде өзгертпестен айту немесе мағынасын жеткізу Мысал: Шал айтты: Көрмеймісің не еткеніңді? Орамды немесе өрнекті сөйлем Мысал: Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай, ойды ұзын айтып ой дәуірлеген бетімен барып, қайтатын түрі. Сақи болып мал шашсаң да Атымтайдай, Патшадай Әмір Темір дін түзетіп. Болсаң да Әйдік батыр арыстандай. Болсаң да Жиреншедей сөзге шешен, Ақырда жатыр орның тар лақат жай.
Құрмалас сөйлемдер мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер. Сыйысулы құрмалас сөйлем Қиысулы құрмалас біріне әрбірі бірнеше сөйлем сыйысып тең болып та (салалас), бірінен құрмаласқаннан болған бірі кем болып та (сабақтас) сөйлемдер. Мысал: Екі дос бірін қиысады. бірі сүйді, құшты.
Салалас сөйлемнің қиысуы бес түрлі: Жиылыңқы қиысу бірнеше сөйлемнің бірыңғай, б ір беткей қиысуы. мысалы: Ел де жатты, ай да батты. Қайырыңқы қиысу алдыңғы сөйлемге кейінгі сөйлемнің қарсы мағыналы болып қиысуы. мысалы: Мен бардым, сен үйде болмадың. Айырыңқы қиысу екі ұшты мағыналы сөйлемдердің қиысуы. мысалы: Не сен тұрарсың, не мен тұрармын. Сұйылыңқы қиысу маңызды, нығыз айтылған сөйлемді басқа сөйлемдер баяндауы. мысалы: Шалқайғанда шалқай, Пайғамбардың үлы емес, Еңкейгенге еңкей, атаңнан қалған құл емес. Қойылыңқы қиысу алдыңғы сөйлемдерді кейінгі сөйлемнің қорытуы. мысалы: Көк шалғын, ағаш, бұлақ – бәрі жақсы.
Салалас құрмалас сөйлем Жиылыңқы қиысу Ыңғайластық Қайырыңқы қиысу Қарсылықты Айырыңқы қиысу Талғаулы Сұйылыңқы қиысу Себеп салдар Қойылыңқы қиысу Кезектес Түсіндірмелі
Сабақтас сөйлем бірнеше сөйлемнің бірігіп, біріне бірі сабақталып, байланысып айтылуы. Сөйлемдер сабақталып біріккенде, бірі басыңқы болып, екіншісі бағыныңқы болып келеді. Басыңқы сөйлем ой біткен сөйлем Бағыныңқы сөйлем бітпеген шала сөйлем
Бастауыш бағыныңқы сөйлем. Мысалы: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер Анықтауыш бағыныңқы сөйлем. мысалы. : Кімнің жерін жерлесең, с оның жырын жырларсың Толықтауыш бағыныңқы сөйлем. Мысалы: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың. Мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы. Мысалы: Қашан жер отаяды, мал сонда сүтейеді. Мекен пысықтауышының бағыныңқысы. Мысалы: Егін қайда болса, береке сонда болады.
Сын пысықтауышының бағыныңқысы. Мысалы: Қалай бақсаң, атың солай жүрмек Себеп пысықтауышының бағыныңқысы. Мысалы: Олар көше алмайды, өйткені көлігі жоқ. Мақсат пысықтауышының бағыныңқысы. Мысалы: Орақшы шөп шабайын деп, тоғайға барды. Шартты бағыныңқы. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Ереуіл бағыныңқы. Мысалы: Қыс қатты болса да, мал аман шықты.
Сабақтас құрмалас сөйлем Бастауыш бағыныңқы сөйлем Анықтауыш бағыныңқы сөйлем Толықтауыш бағыныңқы сөйлем Мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы Мезгіл бағыныңқы Мекен пысықтауышының бағыныңқысы Сын пысықтауышының бағыныңқысы Қимыл сын бағыныңқы Себеп пысықтауышының бағыныңқысы Себеп бағыныңқы Мақсат пысықтауышының бағыныңқысы Мақсат бағыныңқы Шартты бағыныңқы Ереуіл бағыныңқы Қарсылықты бағыныңқы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: • Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 3 - т. Тіл - құралы (қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты еңбектері)7 - Алматы: "Алаш". - 2005. 352 бет • Серғалиев М. Синтаксистік зерттеулер. - Алматы: Сөздік. Словарь. 2004. 392 бет
Орындағандар: • KZ-3 • Даирбек Мақпал • Сүлеймен Дана
Ahmet_Baitursynuly_jane_sintaksis_maseleleri.pptx