
жако.pptx
- Количество слайдов: 31
Ақтөбе қаласының туристік маршуты 1. Әлия мұражайы 2. Ақтөбе облыстық тарихиөлкетану мұражайы 3. Планетарий
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1980 жылғы 5 маусымдағы жарлығы бойынша Мәдениет Министрлігі 1980 жылдың 11 маусымында Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың мемориалды музейін ашу туралы бұйрық шығарды. Музейді ұйымдастыру жылдарында экспозицияны, музейдің қорын құру және ғылыми-зерттеу жұмыстары, батыр қыздың өмірі мен ерлігі туралы мәліметтер жинақтау жұмыстары қатар жүргізіліп отырды. Сонымен қатар, Әлияның бейбіт өмірде және майданда жүріп өткен жолдары бойынша іссапарлар ұйымдасырылып, туыстары, командирлері, майдандастары, ұстаздары, сыныптастары және соғыс ардагерлерімен кездесулер өткізілді.
Әлия мұражайы Музейді құрудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру. Әлия музейі жұмысының мазмұны - батыр қыздың өмірі мен ерлігі туралы мәліметтерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болып табылады. Музей 1985 жылдың 22 сәуірінде Ақтөбе қаласында, Ұлы Жеңістің 40 жылдығына және Батыр қыздың 60 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды. Музей көпшілікке мәдени және әскери-патриоттық тәрбие беру орталығы болып табылады. Музейдің негізгі жұмыс бағыттары – ғылыми- зерттеу, танымдық, жинақтау және жалпы мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру. Музейдің ашылу салтанаты партия, комсомол мекемелері өкілдерінің әскери және ардагерлер ұйымдарының, Әлияның туыстарының, оқушылар мен студенттердің қатысуымен өтті. Салтанатты митинг ұйымдастырылып, онда Әлияның апасы әрі жақын досы – Сапура Молдағұлова облыс әкімшілігі мен соғыс ардагерлері сөз сөйледі. Музейді ашу құқығы Сапура Молдағұлова мен облыстық атқару комитетінің төрағасы С. Сағынтаевқа берілді. Туған жерінде Ә. Молдағұлованың музейінің ашылуы – батыр қызды ардақтап, құрмет тұтудың белгісі.
Соғыс жылдарында қолданылған қарулар. Оны Ақтөбедегі 1988 жылы құрылған іздестірушілер тобы соғыс болған жерлерде жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде тапқан. Арғы пландағысы — танкіге қарсы қолданылатын қару (ПТР — противотанковое ружье). Бергі пландағысы — Шпагин үлгісіндегі пистелет-пулемет. (ПТШ — Пистолетпулемёт Шпагина) Жауынгер қыздардың қысқы және жазғы киім үлгілері. Бұл киімдерді музейге Әлиямен мергендер мектебінде бірге оқыған құрбысы Лидия Бакиева тапсырған. Әлия да осындай киім киген
Әлия музейіндегі панорама
Әлия Молдағұлова атындағы теплоходтың макеті
1 -бағыт Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Әлия мұражайы
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – мәдени-ағарту мекемесі. 1929 ж. құрылған. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайында табиғат, археологиялық, архитуралық және этнографиялық бөлімдері жұмыс істейді. Мұражай қорында 51956 экспонат бар. Жыл сайын мұражай экспозициямен 100 000 -ға жуық адам танысады. Мұнда өлкенің пайдалы қазба кендері, жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі, археологиялық қазба кезінде табылған еңбек құрал-жабдықтары, қыштан жасалған бұйымдар, қазақ-қалмақ соғыстары туралы құнды мәліметтер, сол кездегі қару-жарақ үлгілері (Есет батырдың заттары, Арал батырдың сауыты), этногриялық материалдар қойылған. Халық ауыз әдебиетіне арналған экспозицияда “Қобыланды”, “Айман-Шолпан”, “Қыз-Жібек” сияқты эпикалық туындылар, Қорқыт, Асан Қайғы, Шернияз ақын жөнінде маңызды деректер кездеседі. “Алаш” ұлттық-демокр. қозғалысы, саяси-қуғын сүргін құрбандары, осы өлкедегі зиялы қауым өкілдері (дихан Ш. Берсиев, композитор Ғ. Жұбанова, ғарышкер В. И. Пацаев т. б. ) жөнінде құжаттар жинақталған.
Бірінші залдың экспозициясы археологиялық, сәулеттік ескерткіштер мен өңірдің қолданбалы өнерінің бірегей туындыларына арналған. Мұнда ежелгі уақыт заманынан табылған қырғыштар, пышақтар, жебенің ұштары және басқа еңбек құралдары көрсетілген. Б. д. д VI-V ғасырлардағы кезеңде облыс аймағында сармат мәдениеті дамыған болатын. Мұражай коллекциясында «Бесоба» , «Сынтас» , «Нагорный» қорғандарынан табылған алтын әшекейлердің, скифтік аң стилінде жасалған сүйек қасықтардың тамаша үлгілері бар.
Мұнда ежелгі зергерлік өнердің жоғары кезеңі болып табылатын түрлі-түсті ендірмелерімен полихромды стильде жасалған халық шеберлерінің бірегей туындылары да табылды. Мұражай залында Жилянка кенті және Талдық өзені маңында ғұн көсемінің жерленген жерінен табылған заттар (қоңыраулар, құмыралар, мыс ожау, белбеу және басқалары) көрсетілген. Өңірдің ортағасырлық тарихының куәгерлері оғыз көсемінің жерлеу жеріндегі заттар жүзік, белбеу, ат ауыздығы, сондай-ақ халцедондық моншақтар болып табылады.
Мұражайда 29 зергерлік әшекейден тұратын бай зергерлік коллекция бар. Экспозицияға қойылған бұйымдар – сырға, шолпы, өңіржиек, түйме, бойтұмар, айсырға, қоңыраусырға, білезік, кемер белбеу және т. б. Батыс Қазақстан шеберлерінің жоғары эстетикалық талғамы мен қайталанбас қолтаңбасын паш етеді. Экспозициядағы ерекше орын күйдірілген кірпіштен құрылыс жүргізу дәстүрі айқын байқалатын Солтүстік Шың үстірті (Доңызтау) ескерткіштеріне берілген. Сондай-ақ Абат-Байтақ (XIV - XV ғғ. ) кесенесінің макеті тұр.
Табиғат залының экспозициясы тау жыныстарында бекітіліп қалған ежелгі жануарлардың қатып қалған сүйектерінен басталады. Олардың ішінде алғаш рет 1912 жылы Ырғыз ауданында табылған үлкен сүтқоректі индрикатерийдің сүйектері. Ұзындығы 8 м жететін индрикатерийлер бұрынғы уақытта облыс аймағында өскен бақ тәрізді ормандарды мекендеген. Сонымен бірге мұражайда Ілек өзені жағасында табылған алып бұғының мүйіздері, байырғы бұқаның бассүйегі, мамонт сүйектері қойылған. Залдың орталық диорамасында облыс жануарлар әлемінің қазіргі заман өкілдері: қасқыр, сайғақ, дала бүркіттері, қабандар және басқалары бар.
Ілек өзені жағасында табылған алып бұғының мүйіздері, байырғы бұқаның бассүйегі, мамонт сүйектері қойылған
«Дулығалы дала перзенттері» залы тарихи және мұрағаттық құжаттар, ескерткіштер арқылы өңір аумағындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен бас көтерулер, жекелеген батырлар мен қолбасшылар туралы сыр шертеді. Залда Әбілқайыр хан (1693— 1748), кіші жүздің аса зор шешені мен биі Әйтеке Байбекұлы, аты аңызға айналған Жалаңтөс батыр (1576— 1656) сияқты көрнекті тұлғалар туралы материалдар сақталған. Экспонаттардың арасында ең бағалысы – Есет батырдың сауыты және антрополог Н. Шаяхметов жасап шығарған мәскеулік антропология лабораториясының бірегей жұмысы ақын және әйгілі тарихи тұлға Махамбет Өтемісұлының мүсіні. Ресей империясының кезеңін Хиуалық жорық картасы, Орынбор және Мәскеу мұрағаттарынан алынған бекініс жоспарлары, Ақтөбе қаласының ежелгі көріністері, қалалықтардың заттары, Арал теңізін зерттеу бойынша экспедицияның құрамында осы өңірде болған ұлы украиндық ақын Т. Г. Шевченко жасаған бекініс суреттерінің көшірмелері көрсетеді
Келушілердің қызығушылығын ақтөбелік космонавтар Кеңес Одағының Батыры В. И. Пацаев, Ресей Батыры Ю. Лончаков жөнінде айтатын «Космос» залы тудырады. Бұл залда мәскеу эксперименттік лабораториясында жасалған ғарыштық орбиталық «Салют-6» станциясының және «Союз» ғарыштық кемесінің макеттері орнатылған.
2 -бағыт Планетарий Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Ақтөбе планетарийі — 1967 жылы жұлдызды аспанның құбылыстарын таныстыру, дәріптеуге арналған астрономиялық ағарту орталығы. Қазақстан бойынша тұнғыш стационарлы планетарий Ақтөбе қаласын да 1967 ж. ашылды. Планетарийдің негізгі бөлмесі – бұл жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуы мен, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуын қосалқы проекциялық аппараттардың көмегімен тамашалауға болады. Сонымен қатар жұлдызды бөлмеде астрономия, ғарыш, табиғаттану бойынша қызықты дәрістер оқылады. Планетарий фойесінде көрермендер «Күн жүйесі» , «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері» , сондай – ақ астрономиялық бұрышпен танысып, көптеген мағлұмат алуына мүмкіндік жасалған.
Бүгінгі Планетарий: Оқушылар мен студенттерге арналған ғылыми танымал, балалардың бағдарламасын өткізу; телескоппен бақылау жұмыстарын ұйымдастыру; базадан тыс шаралар, көрмелер, конкурстар, конференциялар өткізу; ұстаздар мен оқушыларға әдістемелік көмек көрсету. Бүгінде Ақтөбе Планетарийі В. Г. Фесенков атындағы Алматы астрофизика институтымен, Ресей ғылым академиясының бас обсерваториясы, Санкт. Петербургтың Пулков обсерваториясымен, Москва, Орынбор, Төменгі Новгород планетарийлерімен және Байқоңыр ғарыш мұражайымен тығыз шығармашылық байланыста. Осында астрономия, жер, ғарыш, табиғаттану, география салалары бойынша дәрістер оқылып , қызықты әңгімелер айтылады. А. п. қорында 7 м. астам диапозитивтер мен слайдтар, астрономия саласы бойынша болып жататын құбылыстарды көрсететін құрал-жабдықтар бар. 70 орындық дәріс залында күн сайын бірнеше рет дәріс оқылады, күн, ай, басқа да планеталар қозғалыстары "Цейс" аппаратының көмегімен көрсетіледі. 30 жылдан астам уақыт ішінде А. п. 24 мыңнан астам дәрістер, әсерлі әңгімелер өткізілді. Оның негізін салушы, алғашқы директоры Н. П. Зафирис. Бұл Қазақстандағы теңдесі жоқ алғашқы ірі жалғыз планетарий
«Планетарий» аппаратын дүние жүзіне әйгілі болған «Карл Цейс» фирмасы дайындаған, Ақтөбе планетарий жұлдыз залында орнатылып, ол Жерден көрінетін жұлдыздар әлемін көруге мүмкіндік берді. Ақтөбе облыстық планетарийдің басты ерекшелігі жұлдыздар аспаны мен Күн жүйесін көрсетумен бірге лицензиялық толық күмбездік бағдарламалары болып табылады. Сеанстар толық енудің әсерін беретін күмбездің бүкіл ішкі бетін толтыратын бейнелер мен бейнебаяндарды пайдалану арқылы өткізіледі. Планетарийдің жұлдыздар залында бірнеше жобалық аппараттардың көмегімен түрлі астрономиялық құбылыстар көрсетіледі, мысалы, күн мен ай тұтылуы, метеор жаңбырлары, гало, Күн көзінің шығуы мен батуы. Осыдан басқа жұлдыздар залында астрономия, ғарышкерлік бойынша лекциялар, балалар лекциялары өткізіледі. Планетарийдің фойесінде келушілер Күн көзінің жүйесі, Марс ғаламшарының көріністері, жұлдызды аспанның картасы, ғарышкерлік бұрышы көрсетілген, сонымен қатар астрономиялық бұрышымен танысып, көптеген мәліметті таба алады.
Планетарийда үнемі нақты ғылымдар бойынша іс-шаралар, ғарышкерлік бойынша лекциялар, сонымен қатар дәстүрлі мерекелер өткізіледі. 2008 жылы Барнаул қаласындағы Достастық елдернің Халықаралық конференциямында Ақтөбе облысының планетарийі Планетарийлердің Еуро-Азиялық достастығының құрамына кіреді. Ақтөбе облыстық планетарийі өңірдегі астрономиялық білім мен ғарышкерлікті дәріптеудің ірі орталықтарының бірі болып, В. Г. Фесенков атындағы Алматы асирофизикалық институтымен, Санкт-Петербург қаласындағы Пулков обсерваториясының лекторлық тобымен, Байқоңыр ғарыш алаңының мұражайымен, Ресейдегі Орынбор, Нижегород, Смоленск және т. б. планетарийларымен шығармашылық байланыс сақтауда. Планетарий қызметкерлері өсіп жатқан ұрпақтар арасында білім беру жұмысын белсенді жүргізіп жатыр. Балаларға астрономия бойынша лекциялар, дүниетану сабақтары, балалар лекциялары; телесқопқа қарау; суреттер байқауы, астрономиялық олимпиадалар мен конференциялар; ғарышкерлік бойынша ақындық байқаулар, тақырыптық кештер, қызықты адамадармен кездесулер өтіп жатады. Ұстаздар мен студенттерге әрдайым әдістемелік көмек берілуде.
«Руханият» Ақтөбе облысының мұражайы
«Руханият» бірегей мұражайы Ақтөбе қаласында рналасқан о және бұл әлемдік және дәстүрлі діндерінің қайнар көздері жайында айтатын экспонаттары бар алғашқы әрі Қазақстандағы жалғыз мұражай болып саналады. Тақырыптаманы есепке алғанда, мұражай орналасуының символды мәні бар, ол «Нұр Ғасыр» бас мешітінің астынғы қабатында орналасқан, қабаттың жалпы ауданы 800 м 2 астам жерді алып жатыр. Мұражай 2011 жылы 8 желтоқсанда ашылған, ашылу күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 -жылдығына орайластырылған. Әлемдік және дәстүрлі діндерінің бейбітшілік пен келісім қолдауы, сонымен қатар облыстағы халықтың барлық таптарының мәдени және рухани дамуының арттыруы «Руханият» мұражайын ашудың негізгі идеясы болып табылады.
Мұражай қызметінің негізгі нысаны ғылыми-ағартушылық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі, сонымен қатар дін тарихы бойынша мұражай заттары мен мұражай топтамаларын айқындау және іріктеу, дін мамандарының кітаптары мен мәдени заттары кіретін дін қайнар көздерінің көмегімен оларды зерттеу және жұрт алдында көрсету болып табылады. «Руханият» мұражай қызметінің мақсаты әлемдік және дәстүрлі діндерінің бейбітшілік және келісімін талдау, сонымен қатар мәдени және рухани дамуын арттыру болып табылады. Осыдан басқа мұражай ұлтаралық рухани және мәдени орталығы болып саналады. Мұражадың орталық экспозициясы Исламның пайда болу тарихы жайындағы материалды көрсетеді. Осында Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны, Исламның түрлі ырымдары жайындағы қызық мәліметті табуға болады. Мұражай залында киелі ктіаптар, қолжазбалар, тұмарлар, әшекейлер, киім, таспиқ, тұрмыс заттары, Қоран сөздері бар қарулар, суреттер, литографиялар, нақыштар, қазіргі көшірмелер бар.
Осыдан басқа, мұражайда қазақ ағартушыларының өмірбаяндары мен еңбектерімен танысуға болады, олардың арасында: Ахмет Ясауи, Асан Қайғы, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Шоқан Уәлиханов. Бөлек экспозиция қазіргі Қазақстан мен Ақтөбе облысының территориясында Исламның енуі мен таралу тарихын ашады. Осында мүфтилер мен діни қайраткерлерінің, ислам оқу орындарының және т. б. фотосуреттері бар.
жако.pptx