Neboskreby.pptx
- Количество слайдов: 10
АҚШ-тың мемлекеттік реттеу жүйесі
1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Экономикалық дағда- рыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20 - жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті. 1929 жылы қазан айының 24 -і күні қор биржасында 12, 4 млн акция сатылса, бес күннен кейін 16, 4 млн акция сатылды. Қағаз ақша құны құнсызданып, акция иелері 32 млрд доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Нью-Йорк қор биржасында 19 млрд доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер етті. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы басталды.
Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15 -16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46 -сы ғана жұмыс істеді. Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929 -1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жетті. Жұмыссыздық 30 - жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ғақысқарды. АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шыға- рылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды. 1929 -1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықтар өздерінің банкке салған жинақтары- нан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе бастады. Американың гүлдену дәуіріне сенімсіздік күшейді.
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайындық басталды. . Елдегі экономикалық дағ- дарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап республикалық партияның беделі түсе берді. Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельт- тің кандидатурасын ұсынды. 1928 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлау қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф. Руз- вельтті қолдап 22, 8 млн сайлаушылар дауыс берді, республика- лық партия өкілі Гуверге 15, 8 млн сайлаушылар дауыс берді. Ф. Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия АҚШ конгресінің екі палатасында да көпшілік орын алды. 1933 жылы наурыз айының 4 -і күні Ф. Рузвельт президенттік қызметіне кірісті. 1933 жылы наурыз айының 9 -ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің арнаулы сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшін жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының бірінші кезеңі 1933 -1934 жылдарда жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚШ-тың қаржы-экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болды.
Мемлекет банктерге субсидиция беру үшін 5 млрд доллар бөлді. Бірақ мемлекеттің көмегін кез келген банк алу құқына ие бола алмады. Банк жүйесін ірілендіру арқылы жүзеге асыра алды. Сөйтіп, АҚШ-та банк жүйесіндегі реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны 15 мың банк қалып, мемлекеттен көмек ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын баламасын 40% арзандатты. Өнеркәсіпті қалпына келтіру НИРА заңы жұмыссыздықты азайту туралы да шаралар жүргізді. Бұл шараларды жүргізу үшін қоғамдық жұмысты әкімшілік реттеу (PWA) заңын қабылдады. Мемлекет бұл саладағы жұмыстар үшін 3, 3 млрд доллар қаражат бөлді. Жаңа бағыт саясатының алғашқы айла- рында жұмыссыз жүрген 4 млн адамға жұмыс тауып берді. 1933 жылы мамыр айының 12 күні фермерлерге көмек заңын қабылдады. Бұл заң бойынша ауыл шаруашылық тауарларының бағасын өсірді. Фермерлер мемлекеттен ақша алу үшін егіс көлемін, мал басын азайту арқылы мемлекеттен арнаулы ақшалай сыйлық алу құқына ие бола алды. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру (ААА) бағдарламасын қабылдады. ХХ ғасырдың 30 -жылдарындағы АҚШ-тағы «жаңа бағыт» капитализмді сақтап қана қойған жоқ, мемлекеттік реттеу арқылы капитализмнің жаңа жолмен дамуы- на мүмкіндік жасады
АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттарыкөбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Елдің экономикалық жүйесінің басты құрастырушың - табиғат ресурстары болып табылады. Құрама Штаттары құнарлы ауыл шаруашылық жерлерге және минералды ресустарға бай, әрі климаты қолайлы. Сонымен қатар ол Атлант және Тынық мұхиттарымен шектеседі. Ал құрылықтық ортасынан ағатын өзендер мен Канада және АҚШарасындағы шекараны бойлай жатқан Ұлы Көлдер кемелердің келуін қамтамасыз етеді. Осы кең ауқымды су жолдары ұзақ жылдар бойына ел экономикасының есімін қамтамасыз етіп, Американың 50 штатын тұтас экономикалық қауымдастыққа біріктірді. .
Табиғат ресурстарын тауарға айналдыратын жұмыс күші экономиканың екінші құраушы бөлігі. Қолда бар жұмысшылар саны, ең бастысы олардың өркендеуі, экономика сергектігін анықтауға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар тарихында жұмыс күшінің тоқтаусыз өсуі экономиканың тұрақты күшеюін қамтамасыз етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін жұмысшылардың басым копшілігін Еуропадан көшіп келушілер, олардың тікелей үрпақтары, немесе атабабалары, Америкаға құл ретінде көшірілген африкандық американдақтар құрады. 20 -шы ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-қа азиалықтар көп мөлшерде келді, ал Латын Америкасынан қоныс аударушылар кейінірек көшіп келдіАмерикандықтардың пікірінше, нарық күштері еркін болса, сұраныс пен ұсыныс тауар мен қызметтің бағасын анықтайды. Ал бағалар бизнеске не өндіру керектігін айтады: егер тауарға экономика өндірген мөлшерден көп сұраныс болса, оның бағасы артады. Мұны сезген компаниялар табыс табу мақсатымен сұранысы жоғары тауарды өндіре бастайды. Керісінше, тауарға сұраныс азайса, бағасы төмендейді, сонда өндірушілер басқа тауар өндіруге кіріседі. Бұл жүйе нарықтық экономика деп аталады. Социалистік экономика нарықтық экономикадан орталықтан түскен жоспар мен мемлекеттік меншіктің көп болуымен ерекшеленеді. Американдықтардың көбі салықтық түсімдерге иек артқан, нарықтық талаптарды ұстанбайтын социалистік экономиканың тиімсіз болатындығына сенеді.
Аралас экономика жүйесінде халық экономиканы бағыттауда тек тұтынушы ретінде ғана емес, сондай-ақ, сол экономиканың саясатын жасайтын шенеуніктерді сайлау арқылы да әсерін тигізеді. Соңғы жылдары тұтынушыларды әкімдердің қауіпсіздігі, кейбір өнеркәсіп салалары ұсынған экологиялық шаралар, денсаулыққа төнетін потенциалды қауіп жайы алаңдатып отыр. Үкімет жауап ретінде тұтынушы мүдделерін қорғайтын және халықтың жақсы тұрмысын қамтамасыз ететін агенттікттер құрды. Сонымен бірге, АҚШ экономикасы басқа бағытта да өзгерді. Тұрғындар мен жұмыс күші фермалардан қалаларға, даладай зауыттарға, әсіресе қызмет көрсету саласына, кетті. Бүгінгі экономикада қоғамдық және жекеменшік қызмет көрсету саласында жұмыс істеушілер саны өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық тауар өндірушілер санынан бірнеше есе артық. Экономиканың кешенделуіне орай санақ бойынша соңғы ғасыр бойына өзіндік қызметтен басқалардың жұмысына ұзақ мерзімге бағытталған жедел ауысу көп кездескен. Тұтынушылар мен тауар өндірушілер экономиканы қалыптастыратын көптеген маңызды мәселелерін шешіп жатса, мемлекет қызметі АҚШ экономикасының кем дегенде төрт аумағына әсерін тигізеді.
Назарларыңызға рахмет!
Neboskreby.pptx