Bank_isi.pptx
- Количество слайдов: 16
АҚШ-тың банк жүйесі Орындаған: Арыстан Г Атаева З
Банк жүйесі O Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы.
O Ақш банктік жүйесі 1776 жылы озінің тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап пайда болды. Банк құрудың бірінші әрекеттері 1781 жылы жасалынды. Ол- Солтүстік Америка банкі алайда ол ұзақ жұмыс істемеді. 1971 жылы Англия банкіндей ұйымдастырылған Бірінші банк құрылды, оның окілеттігі 20 жылға созылды. 1816 жылы екінші банк құрылды, олда 20 жыл арекет етті.
O Бұдан сон банк анархизмі кезеңі басталып, Азаматтық соғыстың аяғына дейін созылды. Банктік анархияның аяғын 1863 жылғы Ұлттық банктің акті жалғастырды. Бұл акт ұлттық банктерге, яғни федералдық заңнамаға бағынатын банктерге, банктік эмиссия құқығын берді. O Орталық банктің құрылуы туралы 1913 жылы қабылданған заңға сәйкес осы уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш деңгейлі Басқарушы кеңесінен, Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды Резервтік жүйенің негізі қаланды.
O Банк ісінің АҚШ-та пайда болуы өте күрделі процесс. Дүние жүзінің бір мемлекетінде АҚШ-тағыдай күрделі банк жүйесі жоқ. Әдетте басқа мемлекеттерде орталық банк және 10 -12 коммерциялық банктері болады. O ФРЖ 12 федералдық резервтік банктерден және ФРЖ-ға мүше жеке коммерциялық банктерден тұрады. Федералды резервтік банктер алтын резерві және өз депозиттерінің 35% заңи төлем қаражаты болуы қажет еді.
O Федералды резервтік банктердің пассивтері банк капиталының үлестік жарналарынан құрылған оз капиталынан, банкноттық эмиссиядан, банк депозиттерінен тұрады. O ФРЖ-ның басқару кеңесі-бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ-тың Президентімен 14 жылға тағайындалатын 7 негізгі мүше кіреді.
O ФРЖ-ның басқару кеңесі АҚШ конгресіне ФРЖ-ның оперциялары туралы жылдық баяндамаларын және жылына екі рет экономика жағдайы мен ФРЖ-ның ақша массасы мен несиелерге қатысты мақсатты бағыттары туралы арнайы баяндамаларын табыс етіп отырады. O ФРЖ-ның құрылымы оның функционалдық кешенін құрайтын 5 буынға бөлінеді. O 1. ФРЖ-ның басқару кеңесі O 2. Ашық нарықтағы операциялар жүргізетін федералды комитеті
O 3. Федералдық кеңес беру O 4. 12 федералдық резервтік банктер O 5. ФРЖ-ға мүше 6000 коммерциялық банктер O 1978 жылы ФРЖ-ның басқару кеңесі АҚШ-та қызмет ететін шетелдік банктердің филиалдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік банктердің оларға несие беру және басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу.
O Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі — ФРЖ- нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі -14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.
O Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады: O 1) олар орталық банктер болып саналады; O 2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді; O 3) «банктердің банкісі»
O АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады. O Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы — Нью-Йорк қаласының Федералдық Резервтік Банкісі. O Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.
O Федералдық резервтік банктер — «банктердің банкі» , өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды. O ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.
O Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6 -ы мүше-банктер округынан, 3 -і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т. б. атқарады.
O Ағылшын банкі — дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.
O Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек. O 1971 жьілдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.
O Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12, 5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0, 5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек. O Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген — эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. O Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі. O Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.
Bank_isi.pptx