
Lek 3.ppt
- Количество слайдов: 17
- ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен технологиялар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т. б.
Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады: мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы); оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);
бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия); қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы); қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);
саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы); қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы). Ӏс жүзінде мемлекет қызметіне ақпараттық стретегиялар және олармен байланысты техникалық міндеттер кедергі туғызуы да мүмкін.
— мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.
— ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.
ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық. Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады. Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
HTTPS қолданыңыз. Өз браузеріңіз URL ден басталама ма? сайтқа "http" немесе "https". HTPPS немесе гипермәтінді басқару хаттамасы Бұл сервермен ақпарат алмасуға, мәліметтер жіберуге мүмкіндіктер береді және бұл ақпаратты тек сіз және серверге ғана қолжетімді болады. Кейбір сайттар мен интернет сервистерде бұл міндетті түрде орнатылған. Әрқашан
Басқа сайттар сізге желіге логин және пароль арқылы енгенде HTTPS пен байланысты ұсынады. Басқа сайттарда HTTPS қолданылмайды. Сондықтан мұндай байланыс бұғатталмаған саналады әрі оны үшінші тұлға саналады. Мұндай сайттарға енгенде ашық плагин HTTPS Everywhere-ні енгізе аласыз. HTTPSпен байланысты орната алады. Өз пароліңізді қорғаңыз. Біздің бәрімізде пароль бар. Қауіпсіздігін ойласаңыз оны сақтау жолдарын ұмытпаңыз. Қағазға не браузерге сақтау қолайлы емес. Оны тегін ашық бағдарламада Key. Pass сақтаңыз.
Интернетті анонимді қолданыңыз. Егер анонимді түрде хабарлама қалдырғыңыз келсе, жеке ақпаратты іздестіре алады десеңіз Tor browser-мен жұмыс істеңіз. Tor өзара мыңдаған желілер мен торларды біріктіреді. Сондықтан сайттарды басқа IPадреспен көруге болады. Сіз желі ішінде бүкіл әлемді шарлай аласыз, бірақ ешкім қандай сайтта отырғаныңызды, қандай парақшалармен жұмыс істегеніңізді, қандай хабарлама жібергеніңізді көре алмайды.
Бұл браузердің бір ғана кемшілігі бар: Ол – TOR арқылы интернеттегі навигация өте баяу болады. Өз деректеріңіздІ қатты дискіде сақтаңыз. Қатты дискіде сақтаған мәліметтер кейде қатерге ілінуі мүмкін. Египет билігі ұйымдарға тінту жүргізгенде компьютерлерін тәркілеген. Тегін Trucrypt бағдарламасы сіздің қатты дискідегі деректеріңізді қорғай алады. Ол қосымша бұғатталып, ақпаратты оқуды қиындатады. Қауіпсіздіктің қосымша шарасы – Keypass-тағы Trucypt енгізген паролі.
VPN көмегімен үлкен туннелде өз туннеліңізді сала аласыз. Бұл үшін Интернетке шығуға мүмкіндік беретін қауіпсіз елден сервер қажет. Канадалық [Ps. Phone] сервері (http: //en. wikipedia. org/wiki/Psiphon) пайдаланушыларына әлемнің кез-келген нүктесінен интернетті қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сіздің USB-іздегішіңіздің қауіпсіздігін қорғайтын және кез келген компьютерде қолдануға мүмкіндік беретін портативті қосымшаларды атауға болады.
Журналистикадағы шығармашылық жұмыстарыңыз өнімді болуы үшін осы құралдарды пайдалану қажет.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Lek 3.ppt