техно слайд.pptx
- Количество слайдов: 9
Ақаба суларды тазалау әдістері
Ақаба су (Сточная вода) — 1) бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанган аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т. б ағындылары) елді мекен арқылы өткен су; 2) адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судыц 60 м 3ін ластайды. Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Акаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялык қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді.
Ақаба суды тазалау әдістері(Способы очистки сточных вод) — табиғатты және қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың маңызды шараларының бірі. Ақаба суды механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялык (ірілендіру, бейтараптау, хлормен өндеу, т. б. ) және биологиялық (суармалау танап тарында, биологиялық бассейнде, биосүзгіште) әдістермен тазалайды.
Ақаба суды биологиялық тазалау (Биологическая очистка сточных вод) — заттектерді минералды немесе одан да қарапайым органикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микроорганизмдерді өсіру арқылы ақаба суды ластағыш негізгі органикалық заттектерден тазалау. Ақаба суды биосүзгімен тазалау(Очистка сточных вод на биофильтрах) — ақаба суды активтелген тұнба қабаты немесе ластағыштарды тұтып, ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері (қалың өскен қамыс) арқылы өткізіп тазалау.
Ақаба суды жасанды тазалау(Искусственная очистка сточных вод) — арнайы технологиялық құрал-жабдықтар аркылы ақаба судың кез келген түрін тазалау. Ақаба суды жасанды тазалау судың өздігінен табиғи тазалануынан тезірек жүзеге асады. Ақаба суды залалсыздандыру(Обеззараживание сточных вод) — ақаба судың құрамындағы патогендік және санитариялық көрсеткіш микроорганизмдерді жою үшін өндеу. Ақаба суды иіссіздендіру(Дезодорация сточных вод)— иісті кетіру және сонымен қатар ақаба су жинақталып қалған кезде, сондайақ оларды биологиялық жолмен тазалау барысында, өндірістік процестер кезінде (жанғыш газдар, т. б. алу), жағымсыз иісі болатын материалдар мен шикізаттардан буланғанда түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін жою.
Ақаба суды механикалық тазалау(Механическая очистка сточных вод) — тез тұнатын және қалқып шығатын заттектерді техникалық құрылғылармен және әдістермен жою. Көбіне ірі түйірлі және ұсақ түйірлі (малтатас қүмтас) сүзгіш арқылы іске асырылады. Ақаба суды табиғи тазалау(Естественная очистка сточных вод) — судың өздігінен тазаруы барысында немесе суармалау танабының, сүзу танабының, топырақ асты суармалау үлескілерінің, аэробты және анаэробты биологиялық тоғандар мен тотықтырғыш каналдардың көмегімен ластағыштарды ыдырату.
Ақаба суды физикалық-химиялық тазалау(Физикохимическая очистка сточных вод) — ағындыларды ластағыштардан физикалықхимиялық әдістермен тазалау. Бұған реагенттік не электролиттік ірілендіру, қышқылдармен және сілтілермен бейтараптау, шайғындау, су буымен айдау, сорбция, суды ультрадыбыспен өндеу, электрхимиялық тотықтыру және т. б. жатады. Ақаба суды химиялық тазалау(Химическая очистка сточных вод) — ластағыштарды химиялық агенттер аркылы және заттектердің физикалық-химиялық қасиеттерін пайдаланып жою. Ақаба суды химиялық тазалауға қалқып жүрген және коллоидты заттектерден, фосфордан ірілендіру арқылы тазарту, еріген органикалық заттектерден абсорбция арқылы тазалау және тірі организмдерді жою — суды зарарсыздандыру, яғни хлорлау жатады.
техно слайд.pptx