Ақ Орда (XIV ғ. орт. - XVғ. Орт)
Территориясы Шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Астанасы: Сығанақ
Мемлекет басшысы хан. Хандары: • • • Орда Ежен Сартақ Қоныша Баян Сасы-Бұқа Ерзен Мүбәрак Шымтай Ұрыс хан (1361 -1377) Қойыршық Барақ хан (1423 -1428)
Саяси тарихы Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374 -1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. 1423 -1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т. б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425 -1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбани әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды.
Этносаяси негізі және Экономикасы мен шаруашылығы • Мемлекетте ресми тіл қыпшақ тілі болды. Ақ Орданың негізігі халқы монғол шапқыншылығынан бұрын қалыптасқан біртұтас этникалық территориясы, бірыңғай шаруашылығы және ортақ мәдениеті бар түркі тілдес ру тайпалары болды. • Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды
Жер иелену және салық түрлері • Жер иелену түрлері: инджу хан тұқымына берілетін жер, милк әскери қызмет үшін берілетін жер, соқтұрған қазақ хандарының туыстарына немесе шонжарларға сыйға берілетін жер. • Халық ақсүйектерге күшір, зекет, тағар салықтарын төледі