Есенеева К. А..pptx
- Количество слайдов: 27
АҚ «Астана Медицина Университеті» ЖҮКТІЛЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ГИПЕРТЕНЗИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР, ПРЕЭКЛАМПСИЯ, ЭКЛАМПСИЯ ОРЫНДАҒАН: ЕСЕНЕЕВА К. А. АСТАНА 2014 Г.
АНЫҚТАМАСЫ Анықтамасы: Жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын гипертензиялық бұзылыстар 4 -6 сағаттық үзіліспен 2 реттен кем емес, өлшегенде систолалық (с. АҚ ) 140 -тан жоғары, диастолалық (д. АҚ) АҚ с. б. 90 мм жоғары көтерілуі. Барлық жүктілер арасында гипертензиялық бұзылыстар (ГБ) 8 -16% -де кездеседі және ана өлімжітімінің құрамында 2 -3 орын алады.
Хаттама коды: P-O-007 " Жүктілік кезіндегі гипертензиялық бұзылыстар"
АХЖ-10 БОЙЫНША КОДЫ (КОДТАРЫ): О 10 Жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын бұрыннан бар гипертензия. О 11. Протеинурия қосылған бұрыннан бар гипертензия О 13. Жүктіліктен пайда болған аздаған протеинурия бар гипертензия О 14. Жүктіліктен пайда болған қомақты протеиурия бар гипертензия О 15. Эклампсия О 16. Ананың анықталмаған гипертониясы
ЖІКТЕМЕСІ 1. Жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын бұрыннан бар гипертензия (артериялық сүле гипертензия- АСГ) – жүктілікке дейін болған немесе осы жүктіліктің 20 аптасына дейінгі мерзімде анықталған, босанғаннан кейін де сақталған гипертензия. - маңызды (эссенциалдық); - кардиоваскулярлық; - бүйректік; - екіншілік (салдарлық)
2. Преэклампсия (кешеуілді уыттану) – жүктілікке тән белгілер, бұл жүктіліктің 20 аптасынан кейін (немесе трофобластикалық ауру кезінде одан да ерте) пайда болатын гипертензия, бұған протеинурия қосылады да (HELLP белгілерінің көріністері кіреді), босанғаннан кейін кері даму жүреді.
В. ЖЕҢІЛ ДƏРЕЖЕЛІ УЫТТАНУ (ҚР ЖІКТЕМЕСІ) демалыстан кейін екі рет - 6 сағаттық өлшегенде АҚ тура 140/90 немесе одан жоғары, бірақ с. б. б. 160/110 мм-ден төмен; - бастапқы АҚ –мен салыстырғанда систолалық АҚ с. б. б. 30 мм жоғары, ал диастолалық АҚ с. б. б. 15 мм-ден жоғары болуы; - бет пен қол ісінуінің болмауы; - тәуліктік протеинурия 0, 3 г/тәул. аз
А. АУЫРЛЫҒЫ ОРТА ДƏРЕЖЕЛІ УЫТТАНУ: - 6 сағаттық демалыстан кейін екі рет өлшегенде АҚ тура 140/90 немесе одан жоғары, бірақ с. б. б. 160/110 мм-ден төмен; - бастапқы АҚ – мен салыстырғанда систолалық АҚ с. б. б. 30 мм жоғары, ал диастолалық АҚ с. б. б. 15 мм-ден жоғары болуы; - бет пен қол ісінуінің қосылуы; - тәуліктік протеинурия 0, 3 – 5, 0 г/тәул.
Б. АУЫР САТЫДАҒЫ УЫТТАНУ: - 6 сағаттық демалыстан кейінгі аралықпен екі рет өлшегенде АҚ с. б. б. 160/110 мм-ден жоғары; - бастапқы АҚ – мен салыстырғанда систолалық АҚ с. б. б. 30 мм жоғары, ал диастолалық АҚ с. б. б. 15 мм-ден жоғары болуы; - бет пен қол ісінуінің қосылуы; - тәуліктік протеинурия 5, 0 г/тәул. жоғары; - HELLP белгілерінің көріністері; - нәрестенің дистресс белгілері.
3. Талма ауру (эклампсия) – уыттану көрінісі негізінде клонусты-тонусты құрысқақ дамиды. 4. Сүле гипертензияға қабаттасқан уыттану.
Категориясы АҚ САҚ мм рт. ст. ДАҚ мм рт. ст. Оптимальды АҚ <120 <80 Қалыпты АҚ 120 -129 80 -84 Жоғары қалыпты АҚ 10 -139 85 -89 АГ 1 - дәрежелі (жеңіл) 140 -159 90 -99 АГ 2 - дәрежелі (орташа) 160 -179 100 -109 АГ 3 - дәрежелі (ауыр) ≥ 180 ≥ 110
ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР: 1. - жүктілікке дейін АҚ көтерілу көріністері (жағдайлары); 2. - алдыңғы жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар; 3. - ананың бұған дейін сусамырмен ауыруы; 4. - анада жүйелі коллагеноздар; 5. - ана бүйрегінің бұған дейін ауыруы; 6. - көп ұрықты жүктілік; 7. - алғашқы жүктілік; 8. - генетикалық аралық үзілісі 10 жылдан артық; 9. - жүкті әйелдің жасы 40 -тан жоғары; 10. - алғашқы келгендегі дене салмағының көрсеткіші 35 -тен жоғары; 11. - бірінші рет жүкті болғандар 12. - жанұялық анамнезде жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар; 13. - қан сарысуында жегілік антиген болуы.
ДИАГНОСТИКА Диагностика критерилері: 1. 4 -6 сағаттық үзіліспен 2 реттен кем емес өлшегенде систолалық АҚ 140 -тан жоғары, диастолалық АҚ с. б. б. 90 мм жоғары көтерілуі; бастапқы АҚ –мен салыстырғанда систолалық АҚ с. б. б. 30 мм-ден жоғары, ал диастолалық АҚ с. б. б. 15 мм-ден жоғары болуы; 2. Тәуліктік протеинурия 0, 3 г/тәул. жоғары; 3. Ісіну қосылуы (міндетті емес).
НЕГІЗГІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ТІЗІМІ: Гипертензиялық бұзылыстар кезінде жүкті әйелдерге негізгі диагностикалық шаралар тізімі 2 аптада 1 рет немесе көрсетілім бойынша одан да жиі жүргізіледі: 1. Гемоглобин, гематокритті анықтау; 2. Тромбоциттер шоғырлануын анықтау; 3. Белоктың сыртқа шығу деңгейін анықтау; 4. Қан сарысуы креатининінің шоғырлануын анықтау; 5. Қан сарысуында зәр қышқылының шоғырлануын анықтау; 6. Сарысулық трансаминаздың қоюлығын анықтау; 7. Сарысулық албуминді, лактатдегидрогеназды анықтау; 8. Коагуляция кескінін анықтау; 9. Нәрестені 18 -20, 28 -32 апта мерзімінде, сонан соң туғанға дейін ай сайын УДЗ.
ҚОСЫМША ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ТІЗІМІ 1. ЭКГ; 2. Қан тобын анықтау, Rh –фактор; 3. Мерезге серологиялық тексеру; 4. Зәрді бактерилогиялық зерттеу; 5. Нечипоренко бойынша сынама; 6. Бүйректі УДЗ; 7. Нефрологтың консультациясы; 8. Көз дәрігерінің консультациясы; 9. Кардиологтың консультациясы.
ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ 1. І дәрежелі уыттануды бақылау күндізгі стационарда өткізіледі, дәрімен емдеу көрсетіліміне қарай. Сақтық тәртібі тағайындалады (денеге күш түсуін, ой ширығуын шектеу); күніне ең аз болғанда 1 сағаттан 3 рет демалғанда сол жақпен жату; оңтайлы тамақтану (құрамында белогы мол азық-түлікті тағам, тұз бен су шектелмейді, тек шөлдетпейтін мөлшерде); жүктілерге арналған дәрумендер кешені; темір және кльций бар препараттар көрсетіліміне қарай.
2. ІІ және ІІІ түрдегі уыттануы бар жүктілер міндетті түрде ауруханаға жатқызылуға тиісті. Уыттанудың ауыр түрлері тек қана қарқынды емдеу жағдайында жүргізіледі. Гипотензивтік терапия жүктілерге ДАҚ с. б. б 100 мм және одан жоғары болғанда жүргізіледі, гипертензияға қарсы дәрілерді таңдау терапевтпен бірге және қос арласқан экстрагениталдық патологиясына, құрсақтағы нәрестенің күйіне, қаралушының гипертензиялық бұзылыстарының ағымына, жеке сезімталдығына, дәріні көтеруіне, дәрінің қосалқы әсеріне байланысты жасалады. Біртекті емнен гөрі араласемнің әсері айтарлықтай тиімді. Сондықтан ГБ кезінде дәрімен емдеуді бір текті емнің ең аз мөлшерінен бастау ұсынылады. Егер бір текті ем кезінде АҚ “мақсатты” деңгейге жеткізу мүмкін болмаса, аралас ем қолдану қажет. Ауыр уыттану кезінде ем екі дәріні ең аз мөлшерде қосып тағайындаудан стационар жағдайында тиісті бақылаумен бірге басталады.
·*САГ және / немесе уыттануды емдегенде, метилдопа таңдалады, өйткені нәрестенің гемодинамикасын бұзбайды. Бір реттік емдік мөлшері 250 -500 мг, тәулігіне 3 -4 рет, тәуліктік мөлшері 750 -2000 мг. · Жүргізілген емнің әсері болмаған жағдайда: жүктіліктің 2 триместрінен бастап Са – каналдарының антогонистері жоғарыда көрсетілген сызба бойынша метилдопаға қосымша тағайындалады. *нифедипиннің бір реттік емдік мөлшері 10 мг, тәулігіне 3 рет, тәуліктік мөлшері 30 мг; *нормодипин тәулігіне 5 -10 мг.
b-адреноблокаторларын (* атенолол) тағайындау жүктіліктің 2 -триместрінен ғана рұқсат етіледі, өйткені оларды жүктіліктің ерте кезеңінде тағайындау құрсақтағы нәрестенің дамуын тежейді. Бір реттік емдік мөлшері 100 -200 мг, тәулігіне 1 -2 рет, тәуліктік мөлшері 200 -400 мг. · құрысудан сақтандыру және гипертензияны емдеу – магний сульфаты таңдалады. (Көк тамырға жіберілетін жүктемелік мөлшері 20 минут ішінде 4 -6 г құрғақ заттек, демеуші мөлшер – 2 г/сағат; бұлшық етке – жүктемелік мөлщері 10 г. құрғақ заттек).
35 -36 апта жүктілік мерзімінде жаңа туғандарды РДС-тен сақтандыру мақсатында стероидтар тағайындау қажет. (* дексаметазон 12 мг күніне 2 рет). Туу жолдарының даярлығы жеткіліксіз болғанда, Е 2 простогландиндерімен босануға дайындық жүргізіледі.
НЕГІЗГІ ДƏРІ-ДƏРМЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ : 1. * Метилдопа табл. 250 мг. 2. * Нифедипин табл. 10 мг, 20 мг 3. Нормодипин табл. 5 мг, 10 мг 4. * Атенолол табл. 50 мг, 100 мг 5. * Магний сульфаты егуге арналған сұйықтық 20% ампулада 20 мл 6. * Дексаметазон табл. 0, 5 мг, 1, 5 мг Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі : жоқ
ЕМ ТИІМДІЛІГІНІҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ: - АҚ деңгейінің тұрақтануы / қалыпқа келуі; - Протеинурияның азаюы / жоғалуы ; - Ісіктердің азаюы / жоғалуы; - Зертханалық мәлімет көрсеткіштерінің қалыпқа келуі; - Құрсақ ішіндегі нәрестенің қанағаттанарлық күйі ; - Жүктіліктің өсуі * – Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗБЕСІ 1. National Guideline Clearinghouse: www. guideline. gov National High Blood Pressure Education Program: Working Group report on high blood pressure in pregnancy; Chronic Hypertension in Pregnancy; Diagnosis and Treatment of Preeclampsia and Eclampsia; Preeclampsia Community Guideline. 2. Royal College of Obstetricians and Gynecologists. Setting Standart to Improve Women’s Health Managment of Eclampsia Pre-eclampsia – Study Group Recommendations 3. Scottish Obstetric Guidelines and Audit Project. Managment of Non-proteinuric Hypertension in Pregnancy 4. Institute for Clinical Systems Improvement. Health Care Guideline. Rutine Prenatal Care, 2005, p. 80 5. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Под ред. Бащинского С. Е. , Москва, Медиа-Сфера, 2003 г. , выпуск 2, часть 4, с. 1215 -1233. 6. National Collaborating Center for Women’s and Children’s Health. Antenatal Care: Rutine Care for the Healthy Pregnant Women. Clinical Guideline, 2003, p. 286 7. Артериальная гипертензия при беременности. Пособие для врачей и интернов. Ярославль, 1999, с. 34 8. Clinical Evidence. BMJ, 2001, Issue 6, p. 1111 -1124.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Есенеева К. А..pptx