Фарма Мока.ppt
- Количество слайдов: 23
АҚ “АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” Тақырыбы: Аяқ астынан болатын өлімнін алдын алу үшін тағайындалатын дәрілік препараттар: заманауи гиполипидемиялық дәрілер, антиагреганттар, антикоагулянттар Орындаған: Камалова М. Топ: 312 ЖМ Қабылдаған: Бутабаева А. Астана 2014 ж.
ЖОСПАРЫ : I. КІРІСПЕ II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1) ГИПОЛИПИДЕМИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР; 2) АНТИАГРЕГАНТТЫ ПРЕПАРАТТАР; 3) АНТИКОАГУЛЯНТТЫ ПРЕПАРАТТАР III. ҚОРЫТЫНДЫ IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
(КЕНЕТ ӨЛІМ) ОСЫҒАН ДЕЙІН НАҚТЫ АУРУ БЕЛГІЛЕРІНСІЗ, ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМНЫҢ КҮТПЕГЕН ЖЕРДЕН НЕМЕСЕ ЖАҒДАЙЫ НАШАРЛАҒАН УАҚЫТТАН БАСТАП, 60 МИНУТ ІШІНДЕ КЕНЕТТЕН ӨЛІМГЕ ҰШЫРАУЫ. ДҮНИЕЖҮЗІНДЕ БІРІНШІ ОРЫНДА ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘНЕ ҚАНАЙНАЛЫМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ ТҰР. ОСЫ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АСҚЫНҒАН ЖӘНЕ АЛДЫН АЛА ЕМ ҚАБЫЛДАМАҒАН ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ӨЛІМ СЕБЕПТЕРІ КӨПТЕП БОЛУДА. ПРОБЛЕМАНЫҢ НЕГІЗГІ ШЕШІМІ ЖИА ДАМУ ҚАТЕРЛЕРІНЕН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КҮРЕСУ. ОСЫНЫҢ ІШІНДЕ БІРІНШІ ОРЫНДА ДИСЛИПОПРОТЕИНЕМИЯ (ГИПЕРХОЛЕСТЕРИНЕМИЯ МЕН АТЕРОСКЛЕРОЗҒА СОҚТЫРАДЫ) ЖӘНЕ ТРОМБТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ АЛАДЫ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ДИСЛИПИДЕМИЯДАН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ МАҚСАТЫНДА МАҢЫЗДЫ ГИПОЛИПИДЕМИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР БАР, ОЛАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІН, ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ КЕРІ ӘСЕРІН, СОНЫМЕН ҚАТАР ҚАРАМА – ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
Бүгінгі күні жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының нәтижесінде өлімнің көптеп болуынан және жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының асқынуларынан алдын алу және емдеу мақсатында жалпы әсер көрсететін тек қана статин топтарының препараттары болып табылады. Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының асқынуында негізгі бастапқы маңызды рольдің бірін тромбтардың түзілуі ойнайды. Ал тромбтардың түзілуінің патогенезіндегі негізгі рольді Вирховтың триада анықтамасы бойынша үш патологиялық процесс алады: Қан тамыр қабырғасының эндотелийінің зақымдалуы (қабыну, атеросклероз) Қан тамырдағы қан ағысының баяулауы (қоюлану, жүрек жеткіліксіздігі) Қан потенциалының коагуляциялық өзгеруі (гиперкоагуляция)
КЕНЕТТЕН ӨЛУ ТҮРЛЕРІ 1. Кардиогендік 2. Кардиогендік емес генезді Тиімді қанайналымның тоқтауы негізгі кардиалдық себептері : - қарыншалық фибрилляция - пульссіз қарыншалық тахикардия - идиовентрикулярлы ритмді толық АВ-блокада - электромеханикалық диссоциация - АҚҚ күрт төмендеуімен жүретін айқын тамырлық дистония
Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде тромбоэмболитикалық асқынулардан алдын алу және емдеу мақсатында антитромбтық препараттардың 4 классы қолданылады: Антиагреганттар (тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясына әсер ететін препараттар – стероидты емес қабынуға қарсы препараттар – АСҚ, клопидогрел). Тікелей емес антикоагулянттар (тромбин ингибиторы, витамин К әсер етеді – қоюлану факторына тәуелді – варфарин). Тікелей антикоагулянттар (гепарин, төменгі молекулярлы гепариндер Тромбтық препараттар (плазминогенді плазминге айналдыратын фибринолитикалық жүйені белсендіретін заттар).
ГИПОЛИПИДЕМИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР. Гиполипидемиялық препараттар – «статиндер» - жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларын емдеуде және алдын алуда қолданылатын жаңа құрылымды және жоғарғы әсер көрсететін дәрілік топтар. Гиполипидемиялық препараттар атеросклероздың патогенезіндегі холестериннің ролін және қандағы холестерин мөлшерін төмендетудегі маңызды тізбек болып табылады. Классификациясы: 3 – гидрокси – 3 - метилглутарил – коэнзим А – редуктазаны тежейтіндер (статиндер); өт қышқылдарының секвестранттары; никотин қышқылының препараттары; фиброй қышқылының туындылары ( фибраттар);
Гиполипидемиялық препараттардың фармакологиялық әсері қанның құрамындағы холестерин мөлшерін төмендету емес, сонымен қатар ТТЛП, TӨТЛП жоғарылаған мөлшерінің редукциясына және ТЖЛП мөлшерінің жоғарылауына мынадай механизмдер арқылы әсерін тигізеді. Бауырда липидтер мен липопротеидтердің биосинтезін тежеу; Бауырдағы ТТЛП – рецепторлардың синтезін ынталандыруына байланысты, бауырмен липопротеиндердің ұсталуын (эндосинтез) белсендіру; Ішектен холестериннің және өт қышқылдарының сіңуін тежеу; Холестериннің катаболизмін, соның ішінде оның өт қышқылдарына айналуын белсендіру; Тамыр эндотелиінің липопротеинлипазасының белсенділігін ынталандыру; Бауырда май қышқылдарының синтезін және олардың май тінінен (липолиздің тежелуі) босап шығуын тежеу; Қан айналымында антиатерогенді ТЖЛП мөлшерін жоғарылату.
Фармакологиялық топ Өт қышқылының секвестранттары Дәрілік заттар Колестирамин Колестипол Холестеринді төмендету көрсеткіші Әсер ету механизмі Әсер ету ұзақтығы 10 -20% Ішекте холестерин мен өт қышқылдарын байланыстырады, олардың энтерогепатикалық циркуляциясын доғарады және ішек арқылы шығарылуын жылдамдатады әсері 24 -48 сағаттан соң басталады, әсер ету ұзақтығы 12 -24 сағат. Препаратты қабылдауды доғарғаннан соң әсері 2 -4 аптаға созылады. 15 -30% Липопротеинлипазаны белсендіреді және тіндерге ҮГ тасымалдауын жоғарылатады, ТӨТЛП және ТТЛП синтезін басады Әсер ету ұзақтығы 2 ай, және препараттарды қолдануды доғарғаннан соң әсері 2 -6 аптаға созылады. 20 -40% Бауырдағы мевалон қышқылының синтезін тежеу арқылы холестерин түзілуін төмендетеді Гуарем Никотин қышқылы Холестерин синтезінің тежегіштері Ниацин Пробукол Ловастатин Статиндер Флувастатин Симвастатин Правастатин Гемфиброзил Фибраттар Безафибрат Фенофибрат 10 -30% ТӨТЛП және ТТЛП катаболизміне әсер ету арқылы липопротеинлипазаның белсенділігін жоғарылатады, бауырдағы синтез және секрецияны төмендетеді, ТТЛП-дегі холестерин мөлшерін жоғарылатады. Ловастатин және Симвастатин әсері 2 -4 сағат, ал Флувастатин 0, 5 сағат, Правастатин 0, 71 -1, 5 сағат. Әсері 1 -2 сағаттан соң басталады, метаболизм бауырда жүреді. Әсер ету ұзақтығы 2 -5 күн.
ГЛП НЕГІЗГІ ТОПТАРЫНА МІНЕЗДЕМЕ Препараттар Липидтерге әсері % Статиндер ТТЛП ↓ 18 -55%ТЖЛП ↑ 515% Кері әсері Қарсы Қолданылуы көрсеткіштері Миопатия, трансаминаза жоғарылауы. Жедел және созылмалы бауыр аурулары. Инсульт және ЖИА жалпы өлімдерін азайту Диспепсия, басқа препараттардың абсорбциясының төмендеу, іш қату, жүрек айну, қыжылдың пайда болуы, метеоризм, бас айналу ҮГ > 400 мг/ұз ЖИА өлімін азайту Бауырдың созылмалы ауруы, подагра, СД, жаралық аурулар Өт қышқылдарының секвестранттары ТТЛП ↓ 15 -30%ТЖЛП ↑ 35% Никотин қышқылы ТТЛП ↓ 15 -25%ТЖЛП ↑ 15 -35% Терлеу сезімі, гипергликемия, подагра, диспепсия, гепатотоксика Фибраттар. ТТЛП ↓ 5 -20%ТЖЛП ↑ 1020%ҮГ ↓ 20 -50% Диспепсия, өт тас ауруы, миопатия Бауыр және бүйрек қызмеінің бұзылысы. Холестеринді қайта сіңірудегі блокаторлар ТТЛП ↓ 15%ТЖЛП жәнеҮГ өзгермеген диспепсия ? Коронарлы бұзылыстарды төмендету. Белгісіз
АНТИАГРЕГАНТТАР. Антиагреганттар тромбоцит және эритроцит агрегациясын тежейді, олардың қан тамыр эндотелиінің қабырғасына жабысуын, яғни адгезиялық қабілетін төмендетеді. Эритроцит мембранасының беткейлік тартылуын төмендетіп, олардың капиллярлар арқылы өтуін жеңілдетеді және қан ағысты жақсартады. Антиагреганттар тек агрегацияны алдын алуға ғана емес, сонымен қатар агрегацияға ұшыраған қан пластинкаларының дезагрегациясын шақырады.
АНТИАГРЕГАНТТЫ ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ: Тромбоцит белсенділігі жоғарылаған кезде тромбоцит мембранасының фосфолипаза А 2 ферментінің белсенділігі жоғарылайды, ол фосфолипид мембранасының арахидон қышқылының түзілуіне қатысады. Тромбоциттерде циклооксигеназа әсер етуімен алдымен арахидон қышқылынан циклді эндопероксидтер (G 2/H 2 простогландиндер) түзіледі, ал олардан тромбоксансинтетаза әсер етуімен тромбоцит агрегациясының белсенді стимуляторы және вазоконстриктор тромбоксан А 2 түзіледі. Қан айналымға тромбоксан А 2 босап шыққаннан соң томбоцит мембранасындағы тромбоксан рецепторларын стимулдайды. Нәтижесінде осы рецептормн байланысқан Cq-ақуызы фосфолипаза С белсендіреді және инозитол 1, 4, 5 трифосфаттың (IP 3) түзілуін жоғарылатады, ал ол тромбоциттің кальций депосынан Са² босап шығуына ықпалын тигізеді. Бұл цитоплазматикалық Са² концентрациясының жоғарылауына әкеледі. . Тромбоксан сонымен бірге қан тамырының тегіс бұлшық ет жасушаларындағы Са² концентрациясының жоғарылатады, ал ол вазоконстрикция себепшісі болып табылады. Простациклин дәл қарама-қарсы рөл атқарады. Ол тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды, яғни вазодилитациятудырады. Бұл тромбоциттер агрегациясының өте белсенді эндогенді тежегіші. Ол үлкен концентрацияда тромбоциттердің тамыр қабырғасының субэндотелиалды қабатына адгезиясын тежейді. Тамыр эндотелиимен түзіледі Оның негізгі әсері-простациклин рецепторларды және онымен байлансыты аденилатциклазаны ынталандырады, тромбоциттер мен тамыр қабырғасында ц. АМФ-тің мөлшерін жоғарлатады
Классификациясы: I. А 2 тромбоксан синтезін тежеуші заттар а) циклооксигеназа тежеушісі Ацетилсалицил қышқылы б) тромбоксансинтетаза тежеушісі Индобуфен Дазоксибен II. Простоциклин рецепторын стимулдаушы Эпопростенол III. Тромбоцитке тигізетін АДФ-тің ынталандырғыш әсеріне кедергі жасайтын заттар Тиклопидин, Клопидогрел Тромбоцит мембранасының IIb/IIIa гликопротеиндерін тосқауылдайтын заттар а) моноклональды антиденелер Абциксимаб б)IIb/IIIa гликопротеиндердің синтетикалық тосқауылдаушылары Эптифибатид, Тирофибан IV: Әртүрлі типті әсерлі заттар Дипиридамол, антурон
Қолдануы: стенокардияда миокард инфарктын алдын алуда, жүрекке және тамырларға жасалған операциялардан кейін тромбоздық асқынулардың жиілігін азайту үшін Жанама әсерлері: диспепциялық бұзылыстар. теріде бөртпе. қанда атерогенді липопротеиндер деңгейінің жоғарлауы кейде лейкопения, агранулоцитоз, панцитопения Аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері); Бронхоспазм; Бас шу болуы, бас айналу, бас ауру, Беттің мимолетті қызаруы; Тахи немесе брадикардия Кері көсеткіштері: Асқынған бақыланбаған артериальды гипертензияда; Ауыр бүйректік және бауырлық жеткіліксіздікте; Геморрагиялық диатезде Гемотологиялық бұзылыстарда; нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения; аіж қан кетуде, бас ми ішілік қан кетулерде;
Антикоакулянттар Антикоагулянттар клиникалық практикада қанның қоюлануына белсенді әсер ететін факторларға тежеуші әсер көрсетеді немесе бауырда ұюыту факторларының түзілуіне кедергі келтіреді. Сондықтн оларды екі топқа бөледі: I. Тікелей әсер ететін антикоагулянттар (қанның қоюлануына белсенді әсер ететін факторларға тежеуші әсерт көрсететін) -Гепарин -Фраксипарин -Эноксопарин -Лепирудин II. Тікелей емес әсер ететін антикоагулянттар (бауырда ұюыту факторларының түзілуіне кедергі келтіреді) А) кумарин туындылары: аценокумарол, этил бискумацетат, варфарин, Дикумарин, Неодикумарин (пелентан), Синкумар; Б) индандион туындылары: фениндион, Фепромарон, Фенилин.
ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ: Тікелей әсер ететін антикоагулянттар қанның ұюын тежейтін заттар болып табылады. Олар қанның құрамындағы ұю факторларына (XII, X, IX, VII және II) қарсы әсер көрсетеді. Қан плазмасындағы антитромбин III-тің ұюыту әсерін жылдамдата отырып, оны белсендіреді. Протромбиннің тромбинге айналуын бұзады, яғни тромбин биосинтезін тоқтатады (ағзадағы жай заттардан күрделі заттардың түзілуі), тромбин белсенділігін және белсенген фактор Х жояды, тромбоцит агрегациясын (жабысуын) біршама төмендетеді. Олардың әсері in vitro (пробирка ішінде) және in vivo (ағза ішінде) жүреді. Эндогенді әсері антитромбин III және липопротеинлипазаны белсендіреді. Тікелей емес антикоагулянттар бауырда қан ұйытушы факторлардың биосинтезінің бұзылуы. К витаминінің антагонисті болып табылады, бауырда протромбин, проконвертин және қанның басқа да ұю факторларының синтезін бұзады.
Фармакологиялық әсері: Жедел коронарлы артерия тромбозының дамуынан, миокард инфарктысында және аяқ астынан болатын өлімнен алдын алады. Жоғарғы дозаларда - өкпе тамырларының эмболиясында және веналық тромбтардан әсер етеді, аз дозада – венозды тромбоэмболиялардан алдын алу үшін. Бүйректік қан айналымды жақсартады, ми тамырларының қарсыласуын жоғарылатады, мидағы гиалуронидаза белсенділігін төмендетеді, липопротеинлипазаны белсендіреді және гиполипидемиялық ісер көрсетеді. Қолдану көрсеткіші: Тромбоэмболикалық аурулар мен олардың асқынуларынан (терең веналардың тромбоздары, өкпе артерияларының тромбоэмболиясында, перифериялық веналардың ауруларында, коронарлы артериялардың тромбозында) алдын алу және емдеу; Жедел миокард инфарктысында, қан тамырларына және жүрекке операция жасағанда тромбтардың түзілуінен алдын алу; Эмболизациямен сипатталатын жүрекше фибрилляциясында; Гемодиализ және жасанды қанайналым аппаратындағы қанның сұйық қалпын сақтау; Лабораториялық тексерулерде, қан құйғанда қанның ұюын жою үшін.
Жанама әсері: Қанның ұю жүйесінен: АІЖ қан кетуді, енгізген жерлерден, аймақтан қан кетуді, қысымға бейімделгіш, операциялық жаралардан, сонымен бірге басқа да ағзалардан қан кетуді туындатуы мүмкін. Тромбоцитопения, нәтижесінде тері некрозы, артериальды тромбоз, ол гангренаның дамуына алып келеді, миокард инфарктісі, инсульт дамиды, Асқорыту жүйесінен: жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, құсу, диарея, бауырлық трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы. Аллергиялық реакциялар Ұзақ қабылдағанда тірек-қимыл жүйесінен: остеопороз, спонтанды сынулар, жұмсақ тіндердің кальцификациясы. Жергілікті: тітіркендіргіштік, ауру, гиперемия. Басқа: уақытша алопеция, гипоальдостеронизм. Кері көрсеткіштері: геморрагиялық диатез; геморрагиялық инсульт; кез-келген локализациядан қан кету (бүйректің және өкпенің эмболикалық инфарктісінің геморрагиясынан басқасы); бауырдың және бүйректің қызметтерінің ауыр бұзылыстарында. АІЖ жараларында (асқазанның, он екі елі ішектің және тоқ ішектің жараларында, спецификалық емес жаралық колитте, қатерлі ісіктерде); Жедел бактериальды эндокардит; Ауыр артериальды гипертензия;
УЛАНУ: Симптомдар: әртүрлі ауырлық сатысындағы қан кетулер. Емі: аз мөлшердегі қан кетулерде дозаны төмендету немесе уақытша қабылдауды тоқтату. Көп мөлшерде қан кеткенде протамин сульфатын тағайындайды (1 мг протамин сульфаты 100 МЕ гепаринге тең). Максимальды дозасы 50 мг.
ҚОРЫТЫНДЫ Дүниежүзінде бірінші орында жүрек қан тамыр жүйесінің және қанайналым мүшелерінің патологиялық аурулары тұрды. Осы патологиялық аурулардың асқынған және алдын ала ем қабылдамаған жағдайларында өлім себептері көптеп болуда. Проблеманың негізгі шешімі ЖИА даму қатерлерінен алдын алу және күресу. Осының ішінде бірінші орында дислипопротеинемия (гиперхолестеринемия мен атеросклерозға соқтырады)және тромбтардың түзілуі алды. Сондықтан да қазіргі кезде өлім себептерін азайту үшін гиполипидемиялық , антиагрегаттар, антикоагулянттар, фибринолизге қарсы заттар қолданады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ in clinical practice: executive summary. Eur J Cardiovasc Prev Rehabil 2007; 14 Suppl 2: E 1 -40. 2. Диагностика и коррекция нарушений липидного обмена с целью профилактики и лечения атеросклероза» Национальные клинические рекомендации, Москва 2009: 20105. 3. MRFIT research group. Multiple Risk Factor Intervention Trial. Risk factor changes and mortality results. JAMA 1982; 248: 1465– 77. 4. Brindle P, Emberson J, Lampe F, et al. (2003). "Predictive accuracy of the Framingham coronary risk score in British men: prospective cohort study". BMJ 327 (7426): 1267. 5. The Lipid Research Clinics Coronary Primary Prevention Trial results. II. The relationship of reduction in incidence of coronary heart disease to cholesterol lowering. JAMA 1984 Jan 20; 251(3): 365 -74. 6. Rifkind BM. The Lipid Research Clinics Coronary Primary Prevention Trial. Drugs. 1986; 31 Suppl 1: 53 -60. 7. Heinonen OP, Huttunen JK, Manninen V et al. The Helsinki Heart Study: coronary heart disease incidence during an extended follow-up. J Intern Med 1994: 235: 41 -9. 8. Global Programme on Evidence for Health Policy, WHO, World health Report, 2002. BMJ. 2003 July 19; 327(7407): 154– 157. 9. Рынок препаратов группы ГЕПАРИНА находится в стадии становления. Статья в еженедельнике Аптека, 2001 10. Лекарственные средства: В 2 т. Т. 1. — 14 -е изд. , перераб. , испр. и доп. — М. : ООО «Издательство Новая волна» : Издатель С. Б. Дивов, 2002. — 540 с. , 8 с. ил. ISBN 5 -78640128 -6 Р. Н. Аляутдин, Москва, издательская группа «ГЭОТАР - Медиа» 2005 г 1. Graham I, Atar D, Borch-Johnsen K et all. European guidelines on cardiovascular disease prevention
Фарма Мока.ppt