Калыбекова Жанар 505 оз.pptx
- Количество слайдов: 15
АҚ «Астана Медицина университеті» Коммуналды гигиенасы және Еңбек гигиена кафедрасы Тақырыбы: Құрылысшылардың еңбек гигиенасы Орындаған : Қалыбекова Ж. С. Топ: 505 ҚДС Қабылдаған: Сүлейменова Р. Қ. Астана 2015 жыл.
Жоспар 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім. Ø Құрылысшылардың еңбек гигиенасы Ø Құрылыс жұмысының өңдеу циклі Ø Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы Ø Сауықтыру шаралары 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Құрылысшылардың еңбек гигиенасы-жұмысшылар яғни құрылысшылардың организміне еңбек процесі мен қоршаған ортаның әсерін зерттейтін профлактикалық пән және жағымды еңбек жағдайын құруға, денсаулық жағдайымен еңбекке қабілеттңлңгңн жоғарғы деңгейін қажет ететін санитарлық-гигиеналық шараларды жасау.
Құрылыс жұмыстарының өңдеу циклі Бұған негізінен ғимаратты тұрғызу, қабаттарды көтеру, сылау, бояу жұмыстары жатады. Сылау процесі мына операциялардан тұрады: сыланатын бетті өңдеу, шашырата себу арқылы бұдыр қабат жасау, сылау арқылы тегістеп өңдеу. Көптеген жағдайларда ерітінділер арнайы механикаландырылған форсункалармен шашыратылады. Аздаған операцияларда аталған процесс қолмен атқарылады. Тегістелмекші қабат арнайы тегістеу машиналарымен, немесе қол тегістегіштерімен жүргізіледі.
Жұмыстардың көбі жасалынатын қимыл-қозғалыстардың бір ырғақтылығымен және бір түрлілігімен сипатталады. Қимыл-қозғалыстар көп күштің жұмсалуымен көп мөлшердегі энергияның жұмсалуын қажет етеді. Жұмыс көп жағдайларда дененің ыңғайсыз қалпында атқарылады. Жағымсыз факторларға жұмыс барысындағы ауаның әртүрлі заттардың шаңымен ластануы (гипс, цемент, құм, цк т. б. ) мен жағымсыз микроклимат жатады
Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы Құрылысты салудың негізі сатыларындағы еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамсы әртүрлі келеді. Жұмыстың алғашқы екі сатысында машинистің жұмысы кабиналарда өтіп, олар шудың, дірілдің, салқын және ыстық микроклиматтық әсеріне, ал кейде шаң мен токсикалық газдардың (бульдозерлердің, экскаваторлардың газдарының т. б. ) әсеріне ұшырайды Мысалы, кабинаның ауасындағы шаңның концентрациясы 30 -40 мг/дм 3 дейін, ал ондағы көміртегі тотықтары 10 -35 мг/дм 3 аралығында болады.
Құрылысшы-жұмысшыларда жалпы сырқаттанушылық деңгейі жоғары болады, және де діріл ауруы және пневмокониоздар сияқты кәсіптік патологиялары да байқалады.
Тұрғын үйлерді салушы құрылысшылардың және құрылыс материалдарын жасаушы зауыттарының жұмысшыларының сырқаттанушылығын талдау мәлімдемелері мынаны көрсетіп отыр: ер адамдармен салыстырғанда әйел адамдардың сырқаттанушылық оқиғалары бойынша 7, 9%, ал еңбекке қабілеттілігінің жарамсыздық күндері бойынша 11, 3% жоғары келеді екен.
Сауықтыру шаралары Құрылысшылардың еңбек жағдай ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген «Санитарлық нормалары мен ережелерінде» реттелген. Мұнда мына төмендегі аталған негізін қалаушы санитарлық нормалар мен ережелері қолданылған: «Гигиенические нормативы уровней шума на рабочих местах» 24. 03. 05 ж № 139 ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген; «Санитарно-эпидемиологические требования к условиям работы с источниками вибрации» - 10. 08. 05 ж. № 3781. ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген; «ПДК вредных веществ в воздухе рабочей зоны» № 1. 02. 011 -97 т. б.
Осы нормативтік құжаттарына құрылыстың және жол машиналарының кабина-ларында гигиеналық еңбек жағдайын жасау сұрақтары, қауіпсіздік техника құралдарын қолдану, еңбекті кешенді автоматтандыру мен механикаландыру жағдайлары кірген. Санитарлық-техникалық шараларының ішінде газоауалық жылу генераторларын жылулық теплогенераторларына және орталықтанған эылыту электроколориферлеріне ауыстыру, жоғары улы еріткіштерді улығы төмен ертікіштерге ауыстыру сияқты шараларының маңызы өте зор
Санитарлық-техникалық шаралардың ішінде ауа-газ генераторларын жылу генераторларына ауыстыру, орталықтанған электоркалориферлерін қолдану, улы ерітінділер қосылған бояуларды алмастыру жатады. Қазақстан жағдайында қыс мезгілінде 30 С температурада және желдің 8 -12 м/c жылдамдығында жұмыс жасауға тиым салынады. Жүргізушілердің кабинасы қымталып, жылытылған, дыбысвибрациядан оқшауланған және кондиционерлері болу керек. Жеке бас қорғаныс заттарына респираторлар, дәнекерлеушілерге арналған қорғаныс қалқаншалары, қорғаныс мазьдары мен пасталар, шуға қарсы құралдар, антифондар, суық жыл мезгілінде арнайы жұмыс киімдер ұсынылады. Медико-профилактикалық қызмет көрсетудің ішінде маңыздысы алдын ала және кезеңді медициналық тексерулер жүргізу.
Шудан қорғаушы құралдар респтраторлар Майлар, паста лар Жеке қолдану құралдары Бас қорғағыштар комбинизондар Сәуле сүзгіштер
Қорытынды Құрылысшылардың еңбек гигиенасы-жұмысшылар яғни құрылысшылардың организміне еңбек процесі мен қоршаған ортаның әсерін зерттейтін профлактикалық пән және жағымды еңбек жағдайын құруға, денсаулық жағдайымен еңбекке қабілеттңлңгңн жоғарғы деңгейін қажет ететін санитарлық-гигиеналық шараларды жасау. Құрылысты салудың негізі сатыларындағы еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамсы әртүрлі келеді. Жұмыстың алғашқы екі сатысында машинистің жұмысы кабиналарда өтіп, олар шудың, дірілдің, салқын және ыстық микроклиматтық әсеріне, ал кейде шаң мен токсикалық газдардың (бульдозерлердің, экскаваторлардың газдарының т. б. ) әсеріне ұшырайды. Құрылысшы-жұмысшыларда жалпы сырқаттанушылық деңгейі жоғары болады, және де діріл ауруы және пневмокониоздар сияқты кәсіптік патологиялары да байқалады
Пайдаланылған әдебиеттер Алтынбеков Б. Е. , Бөлешов М. Ә. , Есалиев А. А. , Бектұрғанов Р. С. Өмір сүру ортасының жұмысшылар денсаулығына әсері //Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы еңбек гигиенасының өзекті мәселелері. : ғылыми конф. матер. - Қарағанды, 2001. – 323 -325 б. Алтынбеков Б. Е. , Бөлешов М. Ә. , Есалиев А. А. , Жақсыбаева Ж. Б. Қорғасын өндірісі жұмысшыларының еңбек ету жағдайы мен уақытша еңбекке жарамсыздық тудыратын аурушаңдығы //Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы еңбек гигиенасының өзекті мәселелері. : ғылыми-тәжірибелік конференция. - Қарағанды. – 2001. - 6 -8 б. Аманбеков Ү. А. Кәсіби ауруларды зерттеудің өзекті мәселелері // Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы еңбек гигиенасының өзекті мәселелері. : ғылыми конф. матер. - Қарағанды, 2001. - 107 -110 б. Аманбеков Ү. А. , Баттақова Ш. Б. , Отарбаева М. Б. және т. б. Кеншілерде бел-сегізкөз радикулопатиясының пайда болу шарты, таралуы және клиникалық белгілерінің ерекшеліктері //Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы еңбек гигиенасының өзекті мәселелері. : ғылыми конф. матер. - Қарағанды, 2001. - 111 -114 б. Ахмедова А. С. , Панабергенова М. А. Оценка тяжести труда электролизников цинкового производства //Гигиена труда и профессиональная патология. – 1979. вып. З. –с. 15 -17
Назарларыңызға Рахмет!
Калыбекова Жанар 505 оз.pptx