BS_SRS_1.ppt
- Количество слайдов: 16
АҚ «Астана Медицина Университеті» кафедра: «Биологиялық статистика» Презентация Тақырыбы: «Зерттеуді бағалаудағы жүйелік қателіктердің мүмкін типтері. Вариация коэффициенті» Орындаған: Абденкулова А. А. Тексерген: Баймағанбетова А. Қ. Топ: 303 ЖМ Астана- 2013 ж
«Астана Медициналық Университеті» АҚ Медбиофизика курсымен информатика, математика кафедрасы Тақырыбы: «Зерттеуді бағалаудағы жүйелік қателіктердің мүмкін типтері. Вариация коэффициенті» Орындаған: Әбу А. Айдарбекова Г. Тексерген: Баймағанбетова А. Қ. Топ: 303 ЖМ
Жоспар Ø Кіріспе. Ø Негізгі бөлім. • Зерттеуді бағалаудағы жүйелік қателердің типтері • Жүйелік қателердің түрлері • Вариация коэффициенті Ø Қорытынды. Ø Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе • “Қателік” деген ұғымды енгізу мыналар сияқты үш ұғымдарды анықтау және нақты шектеуді қажет етеді: өлшенетін физикалық шаманың шын және нақты мәні мен өлшеу нәтижесі. Физикалық шаманың шын мәні – берілген объектінің мөлшерлі түрдегі және сапасы жағынан қасиетін бейнелейтін идеалды мәні. Ол біздің сана сезімімізге тәуелді емес, идеалды шама болып табылады. Тәжірибеде бұл абстракталы ұғымды “ақиқат шама” деген шамамен алмастырған жөн. Физикалық шаманың нақты мәні – бұл тәжірибеден алынған және мақсатқа сай сол бір керекті шын мәнге жақын шама болып табылады. Өлшеу нәтижесі - өлшеу жолымен алынған шаманың шын мәнін өзінше жуықтап бағалау. “Қателік” деген ұғым “өлшеу нәтижесінің қателігі” және “өлшеу құралдарының қателігі” деген түсініктемелерден тұратын метрологияның ең маңызды мәселесі. Өлшеу нәтижесінің қателігі – ол өлшеу нәтижесі Х пен өлшенетін шаманың ақиқат (немесе нақты) мәні мен Q арасындағы айырымы.
Теория бойынша қателіктер 3 топқа бөлінеді: Жүйелік қателік тәжірибе кезінде өзгеріссіз қалады немесе белгілі заң бойынша өзгереді. Бұл қателіктердің себептері кұралдар шкаласының қате градуирленуі (белгіленуі), 1. Жүйелік қателік. сыртқы ортаның тұрақты әсері, өлшеу әдісінің дәлсіздігі болып табылады. Сол себептен жүйелік қателікке әдістемелік және құралдық қателіктер кіреді.
1)Әдістемелік қателіктер. Құралдық қателіктер қолданылатын құралдың кұрылғысының дәл жасалмауына немесе елшеу шкаласының нақты емес болуына байланысты болады. Әдістемелік қателіктер өлшеу әдісінің кемшіліктеріне, физикалық құбылыстардың жетілмеген теорияларына, шамаларды есептеу формулаларының дәлсіздігіне байланысты болады. Мысалы: денені аналитикалық таразыға салып өлшегенде айналадағы ауаның денеге және өлшеуіш жүктемелерге әсер ететін кері итеруші күштердің бірдей болмауын ескермегенде әдістемелік қателіктер туады. Өлшеу әдісін немесе жүргізу шартын өзгерткенде, формулаларға түзетулер енгізген кезде әдістемелік қателіктер кемиді. 2)Құралдық қателіктер.
Кездейсоқ қате - ішінара бақылау мен жалпы жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық. Ішінара бақылаудан алынған көрсеткіштер мен жалпы жиынтықтың нақты көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орташа қатемен өлшенеді. Статистикада ішінара іріктеудің орташа қатесін µ әріпімен белгілейміз және оның шамасы жалпы жиынтықтағы өзгерменің дәрежесі ішінара бақылауға алынған бірліктердің мөлшеріне тығыз байланысты. Сонымен қатар орташа қате, қайталанатын және қайталанбайтын іріктеу әдістерінің қолданылуымен байланысты.
Қате дегеніміз - нақты факты мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздік, айырмашылық. Оның өзі тіркеу қатесі, репрезентативті және өкілдікті болып бөлінеді. Репрезентативті қате ішінара бақылауда алынған сипаттамалар мен жалпы жиынтықтық сипаттамалар арасындағы айырмашылық. Бұл қате жүйелік және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелік қате жалпы жиынтық бірліктерін кездейсоқ іріктеу принциптері дұрыс жүргізілмегенде пайда болады. Жүйелі қателік (∆с) – бұл бір шаманы бірнеше рет өлшегенде тұрақты немесе белгілі бір заң бойынша өзгеретін қателік. Осындай қателіктер іске жарамсыз құралдар, зерттеу әдістерінің нақты болмауы, экспериментатор жіберген қателіктер, т. б. Тіркеу қатесі құбылыстар мен процестерге әсер ететін себептерді дұрыс анықтамау салдарынан туады. Ол дұрыс жазбағандықтан, тіркеулерді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан болады.
Жүйелі қателік құрамы өлшеу құралдарының физикалық, конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне, қолдану шарттарына, сонымен қатар бақылаушының жеке сапаларына байланысты болатын әсер етуші факторлардың белгілі бір функциясы болып табылады. Жүйелік қателіктер екі белгісі бойынша жіктеледі: 1) Уақытқа байланысты өзгеру сипатына қарай олар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді. Тұрақты - өлшеуклердің барлық сериялары ішінде өзгеріссіз қалатын қателіктер болып табылады. Өзгермелі - өлшеу процесінде өзгерістерге ұшырап отыратын қателіктер болып табылады. Олар монотонды өзгеретін, периодты және күрделі заңдылық бойынша өзгеретіндер болып бөлінеді Периодты қателік деп мәні уақыттың функциясы болып саналатын қателік есептеледі. Жүйелі қателіктер анағұрлым күрделі заңдылықпен өзгере алады, ол қандай да бір сыртқы факторларға, себептерге негізделген болып келеді. 2) Туындау себептеріне байланысты жүйелік қателіктер әдістемелік, құралдық және субьективті деп бөлінеді.
Жүйелі қателіктерді байқау әдістері және оларды аластату: Жүйелі қателіктер болған жағдайда алычнған бақылаулар нтижелері түзетілмес қателіктер болып саналады. Жүйелі қателіктердің өлшеулер кезіндегі әсерлерін болдырмау немесе ескермеуді өлшеулер басталғанға дейін жүйелі қателіктер көзін аластату арқылы мүмкін етуге болады; яғни түзетпелерді анықтау және оларды өлшеулер нәтижелеріне енгізу; алынып тасталмайтын жүйелі қателіктер шекарасын бағалау. Жүйелі қателіктерді алу және жою тәсілдері Жүйелі қателік өзінше ӨЖ-нің физикалық, конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне тәуелді әсер етуші факторлардың нақты функцияларын, оларды пайдалану жағдайларын, және сонымен қатар бақылаушының жеке сапасын береді. Жүйелі қателіктер кезінде алынған бақылау нәтижелері түзетілмеген деп аталады. Өлшеу кезінде жүйелі қателіктерді максималды дәрежеде жоюға және әсерін ескеруге тырысады. Оған мына жолдар арқылы жетуге болады:
қателіктердің қорек көзін өлшеуді бастамай тұрып алып тастау. Көптеген өлшеу аймақтарында жүйелі қателіктің басты қорек көздері белгілі және оларды тудыру жолдарын жою мен олардың өлшеу нәтижелеріне әсерін болдырмайтын әдістері өңделген. Осыған байланыты өлшеу тәжірибесінде жүйелі қателіктерді экспериментті мәліметтерді өңдеу арқылы емес, сәйкес өлшеу әдістерін тарататын ӨЖ-ні пайдалану арқылы оны жою; - түзетулерді анықтап, оларды өлшеу нәтижесіне енгізу; -жойылмаған жүйелі қателіктердің шегін бағалау
Вариация деп-зерттелетін жиынтықтың кез-келген бірлігі белгісі мәнінің бір кезеңдегі және мезеттегі құбылмалылығын айтады. Вариация мәні: Оның өзгеруі басқа өзгермелі белгілердің сол белгіге әсер ету деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Статистикалық модельдерді құруда қолданылады. Вариация өлшемі деп-белгінің ауытқушылығын көрсететін абсолюттік және қатысты көрсеткіштерді айтады. Вариацияның абсолюттік көрсеткіштеріне : вариация ауқымы, орташа ауытқу, дисперсия, орта квадраттық ауытқу жатады. Вариацияның қатысты көрсеткіштеріне: осцилляция коэффиценті, вариацияның сызықты коэффиценті, вариация коэффиценті жатады.
Вариация коэффициенті - стандартты ауытқудың орташа мәнге қатынасына тең және орташадан пайызбен немесе үлеcпен көрсетілген мәліметтердің құбылмалы қатынасын сипаттайды. Вариация коэффициенті - өлшемсіз шама. Ол өлшемдердің әртүрлі бірлігінде көрсетілген мәліметтер жиынтығының құбылмалығын салыстыруда тиімді болуы мүмкін. Белгіленген сандарды барлық мәліметтер жиынтығына қосып отыру орташаның, медиананың, перцентилдің және моданың сол санға көбеюіне әкеледі, бірақ бұл жағдайда стандартты ауытқу және қашықтық өріс өзгеріске ұшырамайды. Мәліметтер жиынының барлығын белгіленген санға көбейткенде барлық сипаттамалар- орташа, медиана, перцентилалар, мода, стандартты ауытқу және қашықтық өріс – осы санға көбейтіледі, бірақ вариация коэффициенті өзгермейді. Мәліметтердің барлық мәндерін кейбір санға көбейтіп және басқа белгіленген санға қосқанда жоғарыда көрсетілген 2 ереже бірге іске абсолютті мәніне көбейтіледі, сонымен қоса, оң болып қалады. асырылады. Вариация коэффициентін осы ережелерді қолдана отырып, орташа мен стандартты ауытқуды есептеген соң оңай анықтауға болады. Стандартты ауытқу мен қашықтық өріс сол санның
Вариация коэффициенті - ауыспалықтың салыстырмалы шамасы ретінде алынады. Нақты бақылаудың нәтижесі орташа мәннен қаншалықты қатты ерекшеленетінін орташаға пайыздық қатынаспен көрсетеді, сонымен қатар стандартты ауытқудың орташа мәнге қатынасы қолданылады. Вариация коэффициенті шамасы бойынша белгілердің вариациясы деңгейін айтуға болады, демек жиынтықтың құрамының бірегейі туралы. Шамасы үлкен болған сайын, орташалық айналасындағы белгі мәнінің тасталымы көбейе түседі, соғұрлым құрамы бойынша жиынтық бірегейлі азаяды. . Өзгеріс шамасының сараптамасы үшін вариация коэффициентері жиі қолданылады, орташа арифметикалыққа орташа квадратты қалдықтың дәрежесін көрсетеді: Вариация коэффиценті арқылы бөлігінің ықтимал кернеулігінің дәрежесін салыстырады. Вариация коэффициенті V< 40% болса, онда жиынтық біртекті болады. Ал V>40 % артық болса, онда жиынтық әр текті болады.
Қорытынды • Сонымен жүйелік қателік дегеніміз- – бұл бір шаманы бірнеше рет өлшегенде тұрақты немесе белгілі бір заң бойынша өзгеретін қателік болып табылды. Оның кездейсоқ қателіктен ерекшелігі - олар алдын ала болжанып, табылады және осыған байланысты құраушы түзетпелерді енгізе отырып, толығымен жойылады. Ал, вариация коэффициенті – стандартты ауытқудың орташа мәнге қатынасына тең және орташадан пайызбен немесе үлеcпен көрсетілген мәліметтердің құбылмалы қатынасын сипаттайды. Вариация коэффициенті - өлшемсіз шама. Ол өлшемдердің әртүрлі бірлігінде көрсетілген мәліметтер жиынтығының құбылмалығын салыстыруда тиімді болуы мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер • Петри А. , Сэбин К. Наглядная статистика в медицине. М. , ГЭОТАРМЕД, 2003 - 144 с. • Основы высшей математики и математической статистики: Учебник для мед. и фарм. вузов/И. В. Павлушков, Л. В. Розовский, А. Е. , Капульцевич и др. -Изд. 2 -е, испр. -М. : ГЭОТАР-МЕД, 2004. -424 с. -((ХХ 1 век). -ISBN 5923104148 • Юнкеров В. И. , С. Г. Григорьев. Математико-статистическая обработка данных медицинских исследований. С-Петербург, ВМед. А, 2002 – 266 с. • интернет желісі.
BS_SRS_1.ppt