221.pptx
- Количество слайдов: 25
АҚ “Астана Медицина Университеті” ІСІКТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАТТАР Орындаған: Сәрсенбаева Ұ. С. Топ: 221 ЖМ Қабылдаған: Әлиакбарова Н. Ж.
Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 1. Ісіктерді емдеуге тиімді әдістер 2. Бластомаға қарсы зат ретінде қолданылатын дәрілер III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Тіндердің көзге көрінбейтін себептерінен пайда болуы және әдеттегідей тіндердің өзінің құрылысы, дамуы, өсуі, қоректенуі және зат алмасу барысы мен ажырасып тұратын патологиялық өсіп шығуда ісіктер деп атайды. Қатерлі ісіктерді емдеуде дәрілік заттар маңызды орын алады. Медицина практикасында қан ауруларында көптеген препараттар енгізілді. Қатерлі ісікке қарсы препараттар жеткіліксіз. . . Сонда да, олар тек ремиссияны қамтамасыз етеді. Кейбір қатерлі ісік ауруларында ғана бірқатар препаттарды қолдану арқасында толық емдеуге қол жеткізуге болады.
ІСІКТЕРДІ ЕМДЕУГЕ ТИІМДІ ӘДІСТЕР Хирургиялық ем. Ісіктерді емдеудің негізгі әдісі хирургиялық, ол кейде (мысалы, сүт безі, жатыр рагы) сәулелік және химиотерапиямен қосарлануы мүмкін. Комплексті емнің бұл түрін комбинирленген деп атайды. Хирургиялық және сәулелік емді сәйкестендіру операция алды немесе операциядан кейінгі сәулелендіру түрінде болуы мүмкін. Онкологиялық науқаста операцияны орындау кезінде абластика принципі міндетті, яғни сау тіндер шекарасында операциялау, зақымдалған мүшені регионарлы лимфа түйіндерімен бірге алу, лимфа және қан тамырларын алдын-ала байқау, ісіктің өзін зақымдамау. Хирургиялық ем сонымен қатар антибластика әдісін де қарастырады: операция кезінде электропышақ, лазер, ультрадыбыс, операциядан кейін және операция алдында метастазданған жергілікті зоналар мен ісіктерді сәулелендіру; жергілікті инфузияны қолдану – операцияға дейін және операциядан кейін ісікке қарсы препараттар артерияішілік енгізу. Радикальді операция мүшені толық (сүт безі, жатыр) немесе көлемді бөлігін (асқазан, ішек) және регионарлы лимфа аппаратын алуды қарастырады. Радикальді операцияға комбинирленген операция да жатады. Ол кезде ісікпен зақымданған мүшемен қатар ісік бітісіп өскен мүше де алынады. Паллиативті операциялар ісік метастаздарын қалдырып, мүшені немесе мүше бөлігін алуды қарастырады. Бұл ауырлаған ісіктер кезінде қолданылады.
Сәулелік терапия. Емдеудің бұл түрі кең қолданылады: науқастардың жартысынан көбі осылайша емделеді. Оны жеке ем түрінде, мысалы, астыңғы ерін, жатыр мойны, тері рагының ерте стадияларында, немесе комплексті ем ретінде қолдануға болады. Негізінен сәулелік емді хирургиялық еммен қатар қолданады. Сәулелік терапияны химио- және гормонотерапиямен бірге комбинирлеуге болады. Ісікке сәулелендіруді сыртқы, қуысішілік немесе тінішілік жолмен жүргізуге болады. Сыртқы сәулелендіру радиоактивті препараттар ( 60 Co, 137 Cs , т. б. ) заряды бар арнайы сәулелік құралдар көмегімен гамма терапия түрінде, қуыстық терапия кезінде сәулені табиғи жолдармен (ауыз қуысына, жатыр қуысына, қуыққа) енгізу түрінде жүргізеді.
Тінішілік терапияға изотоптар қолданады. Химиотерапия. Адамның кең тараған ісіктері кезінде химиотерапияны соңғы кезекте қолданады. Химиотерапияны басқа емдеу әдістерімен комплексте қолданады. Химиотерапияның жүйелік онкологиялық аурулар – лейкоз, лимфогранулематоз кезінде маңызы зор. Химиопрепараттардың келесі топтарын ажыратады. Цитостатикалық препараттар: новэмбихин, циклофосфан, тиофосфамид (Тио. ТЭФ), допан, винбластин, винкристин және т. б. , олар клетканың митотикалық белсенділігіне әсер етіп, ісік клеткаларының көбеюін тежейді. Антиметаболиттер – ісік клеткаларының метаболизміне әсер етеді, мысалы, пурин синтезін (меркаптопурин), ферментті жүйелерді (фторурация, фторафур) тежейді. Ісікке қарсы антибиотиктер – саңырауқұлақтармен, микроорганизмдермен продуцирленетін заттар – хризомалин (актиномицин C және D), брунеомицин. Гормонотерапия. Гормонға тәуелді ісікткрді емдеу үшін гормонды препараттарды қолданады. Ер адам гормон препараты – андрогендерді (тесторена прорионат, метилтестостерон) сүт безі рагында қолданады.
Бластомаға қарсы цитотоксикалық заттардың иммунодепрессивтік, мутагенді және тератогенді әсерлері бар. Соңғы жылдары ісік ауруларының жұптасқан химиотерапиясының компоненттерінің бірі ретінде иммунитетті ынталандырушы заттар болып табылады. Бластомаға қарсы цитотоксикалық заттардың иммунодепрессивтік, мутагенді және тератогенді әсерлері бар.
Бластомаға қарсы қолданылатын зат ретінде келесі топтарды келтіруге болады. І. Алкилдеуші қосылыстар: 1. Хлорэтиламиндер-эмбихин, сарколизин, допан 2. Этиленимин –тиофосфамид 3. Метансульфон қышқылының туындысы-миелосан 4. Триазиндер- дакарбозин, прокарбозин ІІ. Антиметаболиттер: 1. Фолий қышқылы антогонисі- метотрексат 2. Пурин антогонисті – меркаптопурин 3. Пиримидин антогонисті – фторурацил, фторафур, цитарабин ІІІ. Ісікке қарсы белсенділігі бар антибиотиктер: 1. Актиномициндер - дактиномицин 2. Антрациклиндер – рубомицин, доксорубицин 3. Флеомициндер – блеомицин, блеомицетин 4. Ауреол қышқылы туындылары - оливомицин 5. Әр түрлі химимялық қосылыстар - митомицин
IV. Өсімдік тектес препараттар: 1. Қызғыш барвинок алколоиды 2. Тис ағашының алколоиды 3. Қалқан тәрізді подофилден бөлінетін, подофиллотоксиндер 4. Сүйкімді лапыздың алколоиды V. Гормондар және олардың антогонистері: 1. Андрогендер – тестостерон пропионаты 2. Эстроген - диэтилстильбэстрол 3. Гестагендер – оксипрогестерон капронаты 4. Экстрогендердің антогонистері – тамоксифен, торемифен 5. Андрогендердің антогонистері – флутамид, андрокур VI. Цитокиндер: 1. Интерферондар – а интерферон 2. Интерлейкиндер – альдеслейкин
Алкилдеуші қосылыстар Алкилдеуші заттарға әр түрлі химиялық қосылыстағы топтардың препараттары жатады. Олардың әсер етуі мынадай жолмен жүзеге асады: Хлорэтиламиндер – ерітіндіде және сұйықтықтарды хлор иондарын ыдыратады. Бұл кезде этиленимонийге өтетән электрофилді карбонилік ион түзіледі. Сосын ДНҚ ның нуклеофилді құрылысымен өзара байланысатын функционалдық белсенді карбонилік ион түзіледі. Осыдан субстарттардың алкилденуі жүреді. Алкилдеуші заттардың ДНҚ мен өзара әсерлесуі, соның ішінде ДНҚ молекуласымен көлденең байланысуы, оның тұрақтылығые, тұтқырлығын және кейінірек бүтіндігін бұзады. Осының барлығы жасушанығ өмір сүруінің тежелуіне әкеледі. Олардың бөліну қабілеті басылады, жасушалар өледі. Алкилдеуші заттар жасушаға интерфаза кезінде әсер етеді. Әсіресе, тез пролефирацияланатын жасушалар жөнінде цитостатикалық әсері айқын. Алкидеуші заттар қолданғанда, олармен шақырылатын қан түзілуінің тежелуі шектеледі. Лейкопения, тромбоцитопения, сондай –ақ анемия дамиды. Бұл өзгерістер дәрежесіне сәйкес препараттарды қолдануды тоқтату немесе мөлшерін азайту керек болады. Ал иммунитеттің тежелуінің алдын алу үшін антибиотиктер қолданылады. Препараттарды көк тамырға енгізгенде, олардың тітіркендіргіш әсеріне байланысты тромбофлебит дамуы мүмкін.
Хлорэтиламиндер: Сарколизин-амин қышқылдарының қалдығыфенилаланиннен тұрады. Бұл жағдайда биогенді заттар уытты хлорэтиламиндердің топтастарын тасымалдайтын зат ретінде қарастырады. Сарколизин миеломалық ауруларда, бірқатар шынайы ісіктерде тиімді, сонымен қатар аталық бездің семиномасында метазтаз болсада жақсы әсер етеді. Циклофосфан-жиі қолданылатын препарат. Бауырда химиялық өзгерістерге ұшырап, одан ісікке қарсы әсерді қамтамасыз ететін белсенді метаболиттер түзеді. Циклофосфанды аналық безі, сүт безі обырында, ұсақ жасушалы өкпе обырында қолданады. Этилениминдер: Тиофосфамид- медицинада этилениминдер ішінен жиі қолданылады. Ол шынайы қатерлі ісіктерге және гемибластоздарда қолданылады. Этилениминдер паренетралды енгізедікөктамырға, бұлшықетке. Метансульфон: Миелонсон-созылмалы миелолейкоздың өршуінде қолданылады. Оны ішке енгізеді. Нитрозомочевина туындылары: Ломустин мен кармустин-ми ісігінде, ток және тік ішектің ісігінде, Ходжкин ауруында және басқа лимфомаларда тиімді. Жанама әсерлері: лоқсу, құсу, флебит, қан түзудің тежелуі байқалады.
Антиметаболиттер. Бұл топ препараттары нағыз метаболиттердің антогонисті болып табылады. Антиметаболиттер табиғи метаболиттерге тек химиялық құрылысы жағынан ғана ұқсас, бірақ олармен бірдей емес. Осыған байланысьы ол нуклейн қышұылының бұзылыстарын шақырады. Бұл ісік жасушаларының бөліну үрдісіне кері әсер етеді. Антиметаболиттер ДНҚ синтезінің әр түрлі кезеңдерінде әсер етеді. Антиметаболиттердің әсер ету механизмі: Бұл препараттар Нуклейн қышқылы синтезінің бұзылуымен сипатталады. Препараттар пурин мен тимидин ді түзілуін тежеп, ДНК синтезін тежейді. Анитиметаболиттер табиғи метаболиттерге тек химиялық құрылысы бойынша ұқсас, бірақ олармен бірдей емес. Осыған байланысты, олар нуклеин қышқылы синтезінің бұзылысын шақырады. Бұл ісік жасушаларының бөліну үрдісне теріс әсер етеді және олардың өлуіне әкеледі.
Метотрексант бластомаға қарсы әсер механизімі-дегидрофолатредуктазаны, сондай -ақ тимидилсинтетазаны тежеу. Бұл пуриннің және тимидиннің түзілуін бұзады, нәтижесінде ДНҚ синтезі тежеледі. Меркаптопуриннің полинуклеотидтерге кіруін тоқтатады. Фторурацил нуклеотидтердің немесе тимидиннің синтезін және тимидиннің түзілуін бұзады.
Ісіктерге қарсы белсенділігі бар антибиотиктер Ісікке қарсы белсенділігі бар антибиотиктердің механизмі Бұл препараттардың микробқа қарсы белсенділігі бар, нуклеин қышқылымен және синтезінің тежеліуімен қамтамасыз етеді.
Дактиномицин -жатыр хорионэпителиомасында балалардың Вильмс ісігінде, лимфогранулематозда қолданылады. Препарат көктамырға, сондай-ақ дене қуысына енгізеді. Рубомицин-гидрохлорид түрінде қолданылады. Рубомицин гидрохлориді жатыр хорионэпителиомасында, жедел лейкоздарда, ретикулосаркомада ремиссия шақырады. Оливомицин-бластомаға қарсы әсері бар. Медицина практикасында оның натрий тұзын қолданады. Препарат аталық безі ісігісеминоманың, эмбрионалдық обырдың, тератобластоманың, лимфоэпителиома ның, меланоманың біршама жақсаруына әкеледі. Оны көк тамырға енгізеді. Сонымен қатар, дене сыртында орлаласқан ісіктердің ойық жаралануында оли вомицин жағылма түрінде жергілікті қолданылады. Көрсетілген антибиотиктерді қолданғанда тәбеттің бұзылуы, стоматит, лоқсу, құсу, диярея байқалады. Шырышты қабат ашытқы тәрізді саңырауқұлақтармен зақымдалуы мүмкін. Қан түзілуі тежеледі. Шаш түсуі жиі байқалады. Олардың айқын иммунодепрессивтік әсерінде ескерген жөн.
Өсімдік тектес препараттар Сүйкімді лапыз және күзгі лапыз алколоиды- колхаминнің митозға қарсы айқын белсенділігі бар. Колхамин – Тері обырында жағылма түрінде жергілікті қолданылады. Бұл кезде, қатерлі жасушалар өледі, ал эпителлийдің қалыпта жасушалары айтарлықтай зақымдалмайды. Дегенмен, емдеу кезінде тітіркендіргіш әсер беруі мүмкін. Ал әсер емдеу барысында тоқтата тұруды қажет етеді. Некроздық қабат түскеннен кейін, жара косметикалық түрде жақсы жазылады. Колхамин резорбтивті әсер еткенде қан түзілуін айтарлықтай тежейді. Винбластин лимфогранулематоздың таралған түрінде және хорионэпителиомада қсынылады. Сонымен қатар, оны винкристин сияқты ісік ауруларының жұптастырылған химиотерапиясында кеңінен қолданылады. Препаратты көк тамырға енгізеді. Винбластиннің уытты әсері қан түзілуінің тежелуімен, диспепсиялық бұзылыстармен, іштің ауыру сезімімен сипатталады. Препараттың айқын тітіркендіргіш әсері бар және флебиттердің себебі болуы мүмкін
Өсімдіктектес заттарға подофиллинде жатады. Ол көмекейдің және қуықтың папилломатозында жергілікті қолданылатын заттардың бірі. Сонымен қатар Тис ағашының алколоиды, митозға қарсы белсенділігі бар таксандар да жатады. Оларды сүт безінің, аналық без обырында, ұсақ жасушалы емес өкпе обырында, бас пен мойынның эпителиалдық ісігінде қолданылады.
Гормондар және олардың антагонистері Гормонға тәуелді ісіктерге ықпал ететін гормондық препараттар әсер ету механизмі бойынша басқа препараттардан атарлықтай ерекшеленеді. Атап айтканда, жыныстық гормондардың әсер етуінен ісік жасушалары өлмейді деген мәліметтер бар. Олардың негізгі әсер ету мәні шамасы, жасушаның және олардың жетілуіне ықпал ету болып табылады. Сірә, жасушалардың бұзылған гуморалдық реттелу қызметі белгілі бір дәрежеде қалпына келетін болса керек. Андоргендерді сүт безінің обырында қолданады. Оларды менструация циклі сақталған әйелдерге және менопаузасы 5 жылдан аспаған әйелдерге қолданылады. Сүт безі обырында андрогендердің жағымды әсері эстрогендердің өндірілуінің тежелуінде. Бірақ көп мөлшерде қабылдағанда вирилизация, бастың айналуы, лоқсу және басқа жанама әсерлер байқалады.
Эстрогендерді сүт безі обырында менопаузасы 5 жылдан асқан әйелдерде қолданады. Ол ісік жасушаларының бөлінуін тікелей емес тежейді. Эстрогендер қуықасты безінің обырында кең қолданыс тапты. Қуықасты обырында қолданылатын препараттардың бірі фосфэстрол – диэтилстильбэстролдың дифосфорлы эфирінің натрий тұзы. Қуықасты бырында фосфэстролды қолданғанда көптеген науқастардың жағдайы жақсарады, бірақ оның жанама әсері де жоқ емес. Мысалға емдік уақыттан бастап 1 -2 жылдан соң ісік жасушаларының препаратқа сезімталдығы жоғалады. Сонымен қатар антиандррогенді заттар да бар. Оған Флутамид препараты жатқызуға болады. Флутамид андрогендік рецепторларды тежеушілердің бірі. Ол құрылысы бойынша фенилпропанамид туындысына жатады, демек стероидты емес қосылыс болып табылады. Оның әсер ету механизмі нысана мүшенің жасуша ядросындағы дигидротестостеронның тасымалдануын және байланыстыруын тежеумен жүреді. Препаратты ішке енгізеді. Ол асқазан ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Бауырда белсенді метаболизмге ұшырайды. Флутамид және оның метаболиттері бүйрек арқылы шығарылады. Негізгі қолданылуы - қуықасты безі обыры.
Препараттың әсері жоғары және көпшілік науқастарда ремиссия шақырады. Препарат науқастармен жақсы көтеріледі. Оны ұзақ уақыт қолданғанда гинекомастия, көкірек безі аймағында ауыру сезімі байқалады. Либидо және жыныстық қабілеті әдетте бұзылмайды. Препаратты жүрек тамыр аурулары бар науқастарға сақтықпен қолданған жөн, себебі ісінулер болуы мүмкін. Гликокортикоидтар-Бұлар кешенді ем ретінде балалардың жедел лейкоздарында, сонымен қатар лимфогранулематозда, созылмалы лимфолеикозда, лимфосаркомада қолданылады.
Ферменттік препарат: L аспарагиназа Цитокиндер: Интерферон: а интерферон Интерлейкиндер: альдеслейкин Моноклондық антиденелер: герцептин
L-аспарагиназа – лимфобласты лейкемияны емдеуге қолданады. Ремиссия бірнеше айға созылады. Жанама әсерлерінен бауыр қызыметі жағынан бұзылыстар, фибриноген синтезінің тежелуі, аллергиялық реакциялар байқалады. Интерферондар –цитотоксиндердің тиімді топтарының бірі, олардың иммунитетті ынталандырғыш, пролиферацияға қарсы және вирустарға қарсы әсері бар. a-интерфероны –Т-лимфоциттерді және киллержасушаларды белсендіреді. Препарат парентералды енгізіледі. Жанама әсерлерінен қызба, бастың ауруы, миалгия, арталгия, диспепсиялық бұзылыстар, қан түзілудің тежелуі, ОЖЖ-сі қызіметінің бұзылуы, нефрит және басқалар байқалады.
Интерлейкин-2 -ісікке қарсы препарат. Ол Т-хелпердің және Т-цитотоксикалық жасушаныің жетілуін және пролиферациясын ынталандырады. Интерлейкин-2 мынадай жанама әсер көрсетуі мүмкін: айқын гипотензия, өкпе ісінуін, қан түзілудің тежелуін, алергиялыұһқ реакциялар тудырады. Моноклонды антиденелерді гендік инженерия әдісімен алады. Бұл препараттарды көктамырға инфузия жолымен енгізеді. Оларды бластомаға қарсы басқа дәрілік заттармен бірге қолданған орынды. Жанама әсері көптеген науқастарда байқалады. Қызба, лоқсу, құсу, бастың ауруы, ісінулер, гипотензия, бронхоспазм, жөтел, лимфопения және басқалар пайда болады.
Қорытынды Қорыта айтқанда бластома-эмбриональды, дифференцияланбаған немесе төмен дифференцияланған қатерлі ісік. Осы бластоманы туғызбас үшін немесе оны жоюға негізделген, пайда болған бластоманы тежеуге арналған препараттарды қолданады. Адамның кең тараған ісіктері кезінде химиотерапияны соңғы кезекте қолданады. Химиотерапияны басқа емдеу әдістерімен комплексте қолданады. Химиотерапияның жүйелік онкологиялық аурулар – лейкоз, лимфогранулематоз кезінде маңызы зор. Онкологиялық ауруларды емдеудің қағидалары: 1) науқастың иммундық жүйесіне әсер етіп иммунореабилитация жүргізу; 2) ісікке әсер ету, иммунореабилитация мынандай үлгімен жүргізіледі:
Пайдаланылған әдебиеттер: Алексеев С. В. , Усенко В. Р. – Гигиена труда: Учебник, М. , Медицина, 1998 В. Г. Артамонова — Неотложная помощь при проф. интоксикациях, М. , 1981 г Архипова О. Г. , Шацская Н. Н. , Семенова Л. С. и др. Методы исследования в профпатологии, М. , Медицина, 1988 Белоскурская Г. И. , Бердыходжин М. Т. , Айтбембетов Б. Н. и др. Клиника, диагностика и экспертиза трудоспособности при хронической фосфорной интоксикации, Метод. Указания, Алматы, 1988 Брицко Н. П. , Хейфиц А. С. , Экспертиза временной нетрудоспособности. Сборник нормативных документов с комментариями, М. , Медицина, 1988 Выявление и профилактика болезней, обусловленных характером работы: Доклад экспертов ВОЗ, 1987, 73. Даулетбекова М. И, Абдрашитова Г. А. Шелехов Ю. А. Организация проведения предварительных и периодических медицинских осмотров рабочих промышленных предприятий. Методические указания. Алма – Ата, 1986.
221.pptx