Echokg 431OM Gaukar N..pptx
- Количество слайдов: 34
АҚ” Астана Медицина Университет” Презентация Тақырып: Эхокардиография Орындаған: 431 ЖМ Гаукар Н. Тексерген: Қыстаубаева З. К
Жоспар I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім. ü Эхокардиография ü Диагностикалық маңызы ü Функционалды-жүктеме III. Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Эхокардиография (Эхо. Кг) — Бұл қазіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады. Жүректің әр түрлі құрылымдарынан(қақпақшаларынан, қарыншаларынан, миокардынан, қарыншааралық перделерден, т. б. )ультрадыбыстық әсерінен қолдануға негізделген жүректі зерттеу әдісін – эхокардиография деп атайды.
Эхокардиограф құралы
Тарихы Гидролокация – Александр Бэм (Австрия – 1912 г. ), Левис Ричардсон (Англия – 1912 г. ), Реджинальд Фессенден (США – 1914 Дефектоскопия – Сергей Яковлевич Соколов (1928 г. ) Австриец Karl Dussik (1941 г. ) – Ең алғаш диагностикалық мақсатта миды зерртеу мақсатымен ультрадыбысты қолданған W. D. Keidel (1950 г. ) – неміс ғалымы, ультрадыбысты зерттеу әдісін жүрекке жасаған. Karl Helmut Hertz и Inge Edler (Швеция, 1953 г. ) – коммерческое использования Эхо. КГ Ю. Н. Беленков (1974 г. ) – Алғаш СССР бойынша бірінші журналда публикацияланған «Кардиология» Эхо. КГклиниқалық тұрғыда қолданған.
Эхокардиография (Эхо. Кг) мүмкіншілік береді: Ø Жүрек қуыстарының көлемдерін анықтауға клапандарының жағдайын және олардың қызметін бағалауға Ø Жүрек қабырғаларының қалыңдықтарын анықтауға Ø Жүрек қарыншаларының жиырылу мүмкіншіліктерін бағалауға Ø Жүректегі миокард инфарктінен кейінгі тыртықты өзгерістерді анықтауға Ø Жүрек ішіндегі қан қозғалысын бағалауға Ø Аорта және өкпе сабау артерияларын бағалауға Ø Перикардтың жағдайын бағалауға
Эхокардиография (Эхо. Кг) өткізуге көрсеткіштер: • • • • Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА); Миокард инфарктісі (МИ); Артериальді гипертензия (АГ); Туа біткен және жүре пайда болған жүрек қантамыр ақаулары; Ревматизм; Нейроциркуляторлы дистония, кардиалды және гипотоникалық типі; Жүрек өткізгіштігінің және ырғағының бұзылыстары; СЖЖ; Жүректегі шуылдар; Өткерілген ауыр формалы грипп және баспа; Жүректегі ісіктер (миксома, рабдомиома, папиллярлы фиброэластома); Кардиомиопатияларды анықтау Миокардиттер диагностикасы Жүрекке операция жасағаннан кейінгі жағдайды бағалау Жүрек клапандарының орнына қойылған аппараттар жағдайын бағалау Кез келген жағдайда қолдануға болады
Эхо-Кг кейбір қалыпты көрсеткіштері
Эхо. Кг түрлері: Екі кесінділі Эхо. Кг-жүрек көрінісі ұзыннан және қысқа ось бойында нақты уақытта жүргізеді. Жүрек қуыстарынң көлемін анықтауға, жүрек қабырғаларының қабырғаларын анықтауға, клапанды аппарат жағдайын бақылауға, клапан түбі құрылымдарын. Қарыншалардың жиырылу мүмкіншіліктерін, тромбтың немесе бөгде заттың қуыста болуын анықтауға мүмкіндік береді. М режим: Уақыт кезіндегі жүрек қабырғаларының және қақпақшаларының графикалық бейнеқозғалысы ретінде. Бұл нақты уақытта жүректің көлемін және қарыншалардың систолалық функциясын бағалауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде Эхо. Кг кезінде өлшеуіштер үшін көмекші режим ретінде қолданылады.
Доплер Эхокардиография (Эхо. Кг): Импульсті үзіліссіз толқынды түсті, түсті М, режим энергетикалық , тіндік түсті, тіндік импульсті, тіндік С режим және т. б. Орталық гемодинамиканы бағалауға мүмкіндік беретін инвазивті емес әдіс. 1980 жылдан бері қолданылады. Доплер әдісімен зерттеу топографиялық анатомияны және жүрек гемодинамикасын бағалауға мүмкіндік береді.
Өңеш арқылы Эхокардиография (Эхо. Кг): Өңеш арқылы арнайы датчиктерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл әдістің мүмкіншілігі өте жоғары. Өңеш стриктурасы қарсы көрсеткіш болып табылады. Арнайы трансдьюсер өңеш арқылы еңгізіліп, оның ортасында орналастырылады, сол жақ жүрекше маңайына. Бұл өте сапалы жүректің барлық құрылымдары туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Өңештік трансдьюсер арқылы екіөлшемді кескін алуға және түсті доплер әдісін қолдануға да мүмкіндік береді. 180 градусқа бұруға мүмкіндік бар. Жүрек клапандарын ауыстыру және окклюзиялаушы аппараттармен хирургиялық араласулар кезінде қолданылады.
Стресс — эхокардиография әдісі — физикалық күштеме кезіндегі қан айналым жеткіліксіздігі немесе кейбір дәрілік препараттарды енгізу әсерінен (добутамин) жүрек бұлшықет аймағының жиырылу қабілеттілігінің бұзылуы. 1979 жылы физикалық күштеме кезіндегі эхокардиографияны алғаш рет Wann қолданған. Бұл кезде толық клиникалық қолданылуларды қамтамасыз ету үшін эхокардиографиялық аппаратура толық қалыптаспаған. Қазіргі уақытта екі әдісті қабілеттілігі бар эхокардиогафияның жақсаруы мен компьютерлі әдістерді енгізуіне байланысты стресс-эхокардиография жүректің ишемиялық ауруындағы диагностикасында жақсы альтернативті, қымбат изотопты әдістің бірі болып саналады. Егер изотопты зерттеулерді жүргізген кезде мүмкіндік болмаса немесе қиыншылық туса, жүректің ишемиялық ауруы диагностикасында стресс-эхокардиография ең жақсы инвазивті емес әдіс болып табылады.
Үш және төртөлшемді жүрек модельденуі Компьютерлі кескін арқылы жүрек камераларының көлемді кескінін, қақпақшалар жармаларының өлшемін, қанайналым деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тамырішілік ультрадыбыс: Коронарлы артерияларды арнайы кіші диаметрлі датчиктерді қолдану арқылы тамырішілік зерттеу. Инвазивті, ультрадыбысты әдіс болып табылады. Коронарографиямен бірге қолданылады. Контрасты эхокардиография (Эхо. Кг): Жүректің оң жақ камераларын дефектілерін анықтауда немесе сол жақ камераларда миокард перфузиясын зерттеуде қолданылады. Бұл әдістің маңыздылығы, миокард сцинтиграфиясымен бірдей болып келеді. Оң әсері болып, сәулелі жүктеменің болмауы есептеледі. Теріс әсері, инвазивтілігі және препараттардың қымбаттылығы (левовист, альбунекс).
Эхокардиография Эхо. Кг өткізу техникасы: Зерттеу техникасы өте қарапайым, бірақ бұл зерттеуді арнайы дайындалған маман жүргізуі шарт. Осымен қатар бір полюсті әкетпедегі ЭКГ тіркемесімен бірге жазылады. Зерттеу кезінде науқас сол жақ қырында немесе арқасында жатады. Датчикті әртүрлі позиция бойынша дәрігер өзі таңдап орнатады. Жүректі ультрадыбысты зерттеудің негізгі кесінділері: 1. Сол жақ парастернальды 2. Апикальды 3. Субкостальды 4. Супрастернальды 5. Оң жақ арастернальды
Ультрадыбыс физикасы Ультрадыбыстық датчик (tranducer) Бір энергия басқа нысанын энериясына айналдыратын(ауысатын) құрылғы болып табылады. Ультрадыбыстық электр энергиясын механикалық және керісінше айналады.
ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ СОЛ ҚАРЫНШАНЫҢ СИСТОЛАЛЫҚ ФУНКЦИЯСЫН БАҒАЛАУ. СҚ систолалақ функциясы бірнеше көрсеткіштер бойынша: соғу көлемі(СК) және лақтыру фракциясы (ЛФ) бойынша бағалайды. Teicholz әдісі. Соңғы кезге дейін СК және ЛФ және басқада гемодинамикалық көрсеткіштерді сол парастернальды жақтан тіркейтін М өлшегіші - модальды эхокардиограмма бойынша жүргізіеді (сур. 2. 1). Есептеу үшін СҚ алдыңғы және артқы дәрежелері ескеріледі, яғни КДР және KCR қатынасы. Есеп L формуласы бойынша жүргізеді. онда V – СҚ көлемі (КСО немесе) және D – систола немесе диастоладағы СҚ алдыңғы артқы өлшемі. СК КДО және КСО айырмашылығы, ал ЛФ — СК КДО ға қатынасы ретінде.
Сур. 2. 1. М - модальді Эхо. КГ, сол парастернальды жақтан тіүсірілген, және негізгі гемодинамикалық көрсеткіштер (L. Teicholz бойынша). СДӨ және ССӨ (КДР и КСР) — СҚ соңғы диастолалалық және соңғы систолалық өлшемі; СДК және ССК (КДО и КСО) — СҚ соңғы диастолалық және соңғы систолалық көлемі; СҚ — соғу көлемі; ЛФ – лақтыру фракциясы. СҚ ішкі контуры екі проекцияда курсормен белгілейді, соңғысы автоматты түрде 20 дискіге бөлінеді (а, және Ь, -) бірдей биіктікте және олардың ауданы (S; ) есептеледі:
Сур. 2. 2. Эхокардиографиялық СҚ көлемін дискілер әдісі бойынша (Simpson бойынша) анықтау: жүректің екі камералы (а) және төрт камералы (б) позицияларында дискілердің ауданын (аi және Ьi) өлшеу. «Аудан-ұзындық» әдісі. Жиырылғыштықтың аймақтық бұзылыстары болмаған жағдайда, тағы бір қарапаым әдіс - екі камералы эхокардиографияның көмегін қолдануға болады. Жүрек ұшы жағынан өлшенген жүректіңң төрт камералы немесе екі камералы эхокардиограмма жазылуында (сур. 2. 3), планиметриялық СҚ ауданын (А)және оның ұзындығын (L) өлшеу. СҚ көлемі (V) келесі формуламен есептеледі:
Сур. 2. 7. СҚ миокардының жергілікті асинергиясының түрлері (схема): а — асинергия жоқ, б — акинезия, в — гипокинезия, г — дискинезия. Пунктирмен қарынша систолада, сызықпен диастоланы белгілеген. Өте айқын миокардтың жергілікті бұзылыстары жедел МИ, инфаркттан кейінгі кардиосклерозда және СҚ аневризмасында анықталады. Трансмуральды МИ кезінде оның аймағында гипокинезия, акинезия немесе дискинезия, сонымен қатар айқын жергілікті миокардтың құлдырауы анықталады. Бұл жағдайда бірнеше сегменттерді қамтитын, СҚ жергілікті жиырылуының жайылмалы бұзылуын бірөлшемдік Эхо. КГ дан көруге болады (сур. 2. 8). Сур. 2. 8. Инфарктан кейінгі кардиосклерозы бар және СҚ функциясы бар науқасты бір өлшемдік эхокардиограммен түсірген: а — акинезия жоқ (схема), б — ҚАП гипокинезиясы (МЖП).
СОЛ ҚАРЫНША ЖИЫРЫЛУДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БҰЗЫЛЫСЫН БАҒАЛАУ Екі камералы эхокардиография көмегімен СҚ жиырылуының жергілікті бұзылысын анықтау ЖИА диагностикалау үшін маңызды болып табылады. Зерттеу негізінен жүрек ұшынан жүректің екі және төрт камералы ұзындық өсі бойынша жүргізіледі, сонымен қатар сол жақтық парастернальды жақтан түсіру ұзын және қысқа осьтермен жүргізіледі. Бұл сегменттердің жергілікті жиырылғыштығын парастернальды жақтан жүректің ұзындық ось бойынша(сур. 2. 6, б), сонымен қатар жүректің екі және төрт камералы жүрек ұшы позициясынан (сур. 2. 6, в). түсірілетін үш көлденеңнен кесілген «бөлінділер» жақсы толтырады. .
сурет. Сол қарынша миокардын сегменттерге бөлу ( Американдық эхокардиография ассоциация ұсынысымен). а — 16 сегменттер, СҚ үш көлденең қосылыстың қуысында орналасқан (парастернальды жақтан қысқа ось бойымен) митральды қақпақшаның деңгейңнде (SAX MV), емізікше тәрізді бұлшықеттерде (SAX PL) және жүрек ұшы деңгейінде (AX АР). BASE - базальды сегменттер, MID – орташа сегменттер, APEX – жүрек ұшы сегменттері; А алдыңғы, AS – алдыңғы перделік, IS –артқы перделік, I -артқы, IL – артқы бүйірлік, AL – алдыңғы бүйірлік, L – бүйірлік және S - перделік сегменттер.
СОЛ ҚАРЫНШАНЫҢ ДИАСТОЛАЛЫҚ ФУНКЦИЯСЫН БАҒАЛАУ Соңғы кездері іркілісті ЖЖ (СН) дамуында СҚ диастолалық функциясының бұзылысы үлкен рөл атқарады, диастолалық толу кезінде миокардтың ригидтілігі арта түсуіне байланысты. СҚ диастолалық дисфункциясының себептеріне: кардиофиброз, созылмалы ишемия, компенсаторлы миокард гипертрофиясы, қабынулар, дистрофиялық және басқада жүрек бұлшық етінің өзгерістері жатады, себебі СҚ босаңсуының баяулауына әкеледі. I. СҚ диастолалық функциясын трансмитральды диастолалық қанағымның импульсті допплерлік режимдік әдісінің нәтижелері бойынша бағалайды (сур. 2. 11). Анықтайды: 1) диастолалық толу ерте шыңының максимальды жылдамдығын (Vmax Peak E); 2) Сол жүрекше систоласы кезінде трансмитральды қанағымының максимальды жылдамдығы 1 (Vmax Peak A); 3) диастоланың ерте толу алаңының қисығымен (жылдамдық интегралы) (MVVTI Peak E) 4) жүрекшелік систола (MV VTI Peak A); 5) ерте жіне кеш толудың максимальды жылдамдықтарының қатынасы (немесе жылдамдық интегралдарының) (Е/А); 6) СҚ изоволюмиялық босаңсу уақыты — IVRT (тұрақты-толқын режимінде апикальды жақтан түсіруде аорталық және трансмитральды қанағыстың бір уақыттағы тіркеуде өлшейді); 7) ерте диастолалық толудың баялау уақыты (DT).
2. П. Допплерлік зерттеу мәліметтері бойынша сол қарыншаның диастолалық функциясын бағалау. (К 1 диастоладағы трансмитральды қанағысы: а — допплер-локация схемасы апикальды жақтан түсірілген, б —трансмитральды қан ағысының допплерограмма схемасы. Е — СҚ тез толу фазасы кезіндегі диастолалық толу шыңы, А — СЖ систоласы кезіндегі СҚ диастолалық толу шыңы, IVRT — изоволюмиялық босаңсу фазасының ұзақтығы, ПТ – ерте диастолалық толудың баяулауының уақыты. Диастола соңында СЖ жиырылу уақытысында қанның ағу жылдамдығы қайтадан күшейеді.
СҚ диастолалық функциясының кейбір көрсеткіштерінің қалыпты мәндері • • • Vmax Peak E 0, 62 м/с Vmax Peak A 0, 35 м/с Е/А 1, 5 1, 6 IVRT 70 75 мс DТ 200 мс
Қанның қалыпты трансмитральды диастолалық ағысы (а) және СҚ диастолалық функциясының негізгі параметрлерін өлшеу(б). СҚ диастолалық функциясы бұзылысының бастапқы сатыларында қарыншада СДК және СЖ қысымның артуы болмайды, тек ерте диастолалық толу көлемінің және изоволюмиялық босаңсу жылдамдығының төмендеуімен сипатталады. СЖ көлемі жиырылудың алдында, яғни диастола соңында жоғарлауы байқалады. Франк— Старлинг заңдарының нәтижелеріне байланысты СЖ өте күшті жиырылуы және жүрекшелік толу фракциясының (А шыңы) артуы болады. Басқаша айтқанда, диастола дисфункциясының дамуының бастапқы сатыларында СҚ босаңсуының баяулауы диастолалық толуды жүрекше компонентіне таратады, диастолалық қанайналыстың көп бөлігі белсенді СЖ систола кезінде жүзеге асады. Трансмитральды қанайналым допплерограммасында Е шыңының амплитудасының төмендеуі және А шыңы биіктігінің жоғарлауы байқалады (сур. 2. 13). Е/А қатынасы 1, 0 дейін не одан да төмендейді. Сонымен бірге осы уақытта Одновре менно определяется увеличение времени СҚ (IVRT) изоволюмиялық босаңсу уақытының артуы анықталады, 90— 100 мс асады және ерте диастолалық толу уақытының баяулауы (DT) болады — 220 мс. асады.
Сур. 2. 13. СҚ диастолалық дисфункцияның бірінші типінің допплерэхокардиографиялық белгілері ( «босаңсудың баяулауы» ): а - допплерограмма трансмитральды диастолалық қан ағысының, 6 – диастолалық функцияның негізгі параметрлерін өлшеу схемасы (А шыңы амплитудасының жоғарлауы және IVRT мен DT уақыттарының артуы байқалады). Жүрек ішілік гемодинамика бұзылыстарының үдей түсуі СЖ қысымының өсуіне және тез толу фазасы уақытысындағы жүрекше –қарыншалық қысым градиентінің жоғарлауына әкеледі. Бұл жүрекше систоласы (Peak А) кезінде қанайналым жылдамдығының біруақыттық қысқаруы кезінде қарыншаның диастолалық ерте толуының(Peak E) айқын қысқаруына әкеледі.
Әдебиеттер: 1. Адашева Т. В. , Демичева О. Ю. // Лечащий врач. - 2003. - № 10. - С. 24 -28. Байрамчуков Ф. Н. , Булгакова А. Д. , Куреленкова М. Е. и др. // Терапевтический архив. - 2002. - № 12. - С. 24 -26. 2. Баллюзек М. Ф. Возрастные особенности течения, надьювантная фототерапия сердечно-сосудистого метаболического синдрома: Автореф. дис. … канд. мед. наук. - СПб. , 2002. 3. Беляков Н. А. , Мазуров В. И. , Чубриева С. Ю. // Эфферентная терапия. - 2000. - № 2. - С. 3 -15. 4. Basic Echocardiography Selwyn Wong Middlemore Hospital
Echokg 431OM Gaukar N..pptx