
Yaroslav_Vladimirovich_Mudry.pptx
- Количество слайдов: 7
(980 -1054)
Ярослав Мудрый Киевтің ұлы кінәзі Владимер I Святославичтің және князиня Рогнеданың баласы. Шветконунгі Олованың қызы Ингегердеге үйленген. Өмірінің бірінші жартысын Ярослав Киевтің тағына таласпен өткізді.
Кәмелеттік жасқа келген соң әкесі Ростов кнәзі қылды. 1013 жылы үлкен ағасы Вышеслав қайтыс болған соң Ногород кнәзі болды. 1014 жылы Ярослав Киевке салық төлеуден бас тартқаны үшін әкесінің қаһарына ілінді. Киев Новгородқа шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ, аяқ асты 1015 жылы 15 шілдеде әкесі Владимер Святославич қайтыс болды.
Әкесі қайтыс болған соң Киевтің тағын Турофтың кнәзі Святополк 1 Окоянный Ярославтың өгей ағасы Киевті басып алды. Қарсыластарының көзін құрту үшін Ярославтың ағаларын Ростовской кінәзін Бористі, Муромдық Глеб Святославты өлтірді. Ярославты өлтіру жоспары орындалмады. Ярославтың апайы Предслава дер кезінде айтып құтқарып қалды. Ярослав 1015 жылы желтоқсанда Любечем жерінде Святополкті жеңіп, Киевті басып алды.
Бірақ, Святополк жеңілгенімен келіспей атасы Поляк королі Полеславпен бірігіп 1018 жылы орыс жеріне енді Буга өлкесінде болған соғыста Святополк Ярославты жеңіп киевті қайта басып алды. Ярослав Мудрый Новгорадқа қашып одан ары Скандинавияға өтпекші болды. Бірақ Новгородтықар Ярославты соғысты жалғастыруға шақырды. 1018 жылы Альте болған шайқаста Ярослав Святополкті жеңіп Киевті қайта алды.
1024 жылы Листвен түбіндегі шайқаста Мыстислав жеңіске жетті. 1025 жылы бейбітшілік келісім бойынша Ярослав орыс жерінің батысын, ал Мыстислав шығысын бөліп алды. 1035 жылы Мыстислав қайтыс болған соң Ярослав бүкіл орыс жерін иеленді. Ескі жазбалар бойынша Ярослав 1054 жылы 20 ақпанда қайтыс болған
Yaroslav_Vladimirovich_Mudry.pptx