
+9-Такырып-Эконом осу.ppt
- Количество слайдов: 18
8 -Тақырып. Экономикалық өсу. Қарастыратын сұрақтар: 1. Экономикалық өсудің мәні. 2. Экономикалық өсудің екі типі. 3. Экономикалық өсудің тиімділігі. 4. Экономикалық өсудің сапасы. 5. Экономикалық өсудің Р. Солоу үлгісі. 6. Алтын ереже.
Экономикалық өсудің маңызы: p жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру мен ел ішіндегі, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі әлеуметтікэкономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді p шектелген ресурстар мәселесін жеңілдетеді
Экономикалық өсудің факторлары p p p Табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы. Еңбек ресурстарының мөлшері мен сапасы. Негізгі капиталдың көлемі. Технология. Кәсіркерлердің іскерлігі.
Фактордың өзі өсудің әр жағдайына яғни, саны мен сапасына байланысты интенсивті және экстенсивті факторлар болып бөлінеді.
Экстенсивті факторларға: p Өндіріс технологиясының берілген көлемін сақтай отырып І-көлемін арттыру; p Тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуді арттыру; p Қолданылар отын, шикізат өнімдерін көбейту.
Интенсивті факторларға: p Ғылыми-техникалық прогрестің артуы; p Еңбекшілердің білімін жетілдіру; p Қолданатын негізгі қорлар мен айналым қорларын жақсарту; p Өндірістің тиімділігін оны жақсы ұйымдастыру арқылы көтеру.
Экономикалық өсуге қарсылық Қоршаған ортаның ластануы. p Ішкі және халықаралық мәселелер өндірістің емес бөлудің проблемалары. p Экономикалық өсу адамдарға тынышсыздық әкеліп, ертеңгі күнге сенімсіздік тудырады. p Экономикалық өсу адамзат бағалығымен қарсылықты жағдайда жиі кездеседі. p
Экономикалық өсуді құптау p Өмір сүру деңгейі. p Қоршаған ортаның ластануын тоқтату керек p Табыстар теңсіздігі p Экономикалық өсу – “жақсы өмірді” қамтамасыз ету
Солоу моделі p p p Экономикадағы қорлану нормасы капитал қорын, сондайақ өндіріс көлемін анықтайды. Қорлану нормасының өсуі, экономикалық өсудің жаңа тұрақты жағдайына жеткенге дейін шапшаң өсуін қамтамасыз етеді. Капиталдың таза шекті өнімі өндірістің өсу қарқынына тең болғанда, тұтынудың ең көп көлемін қамтамасыз етуге болады. Капитал қорлануын тездету үшін мемлекеттік қорларды көбейтіп, жеке қорларды салық арқылы қадағалау керек. Халықтың өсуі де өмір сүру деңгейіне әсер етеді.
Солоудың экономикалық өсу үлгісінде: p p ауқымнан тұрақты қайтарым шеңберінде еңбек пен капиталдың өзара алмасу мүмкіндігін ескереді және экзогендік болжанған техникалық прогресті енгізіледі. Шекті өнімділік азаймалы сызықсыз өндірістік функция пайдаланылады. Капиталдың кетуі ескеріледі, еңбек ресурстары мен олардың шығарылымға жасайтын ықпалы сипатталады. Кейбір тұрақты көпшілік траекторияларда тұтыну деңгейін барынша арттыру мәселесі қойылып шешіледі.
Жиынтық ұсыныс өндірістік функция ауқымынан тұрақты қайтарыммен сипатталады: Y = F(K, L), мұнда кез келген оң z үшін келесі формула дұрыс: z. Y= F(z. K, z. L). Егер z = 1/L, онда (Y/L)-ды y арқылы, ал (Y/К)-ны k арқылы белгілесек және бастапқы функцияны өнімділік пен қормен жарақтандырылу (капиталмен жарақтандырылу) арасындағы өзара байланыс формасын қайта былай жазамыз: y = f(k)
Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестициялармен және тұтынумен анықталады: y = i + c, мұнда i және с –бір жұмыс істеушіге шағылған инвестициялар мен тұтыну. y f(k) c s f(k) MPK 1 y i k
Кіріс жинақ ақша нормасына сәйкес тұтыну мен жинақ ақша арасында бөлінеді, сондықтан тұтынуды c = (1–s)y түрінде көрсетуге болады, мұнда s – жинақ ақша нормасы (жинақтау), онда y = c + i = (1 – s)y + i, осыдан i = sy алынады. Тепетеңдік жағдайында инвестициялар жинақ ақшаға тең және кіріске үйлесімді болады. Сұраныс пен ұсыныстың теңдестік жағдайын f(k) = c + i түрінде көрсетуге болады.
Экономиканың тұрақты жай-күйін жинақ ақша нормаларымен ұштасуы мүмкін болғандықтан, s оңтайлы мағынасын таңдау проблемасы туындайды. Тұтынудың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз ететін капитал мен жарақтандырылудың тұрақты мөлшері k Алтын ереже бойынша капиталмен жарақтандырылу деп аталады және k**, ал оған сәйкес тұтыну деңгейі c** деп белгіленеді немесе MPK = d.
Осы шарт Алтын ереже деп аталады. k** нүктеде өндірістік функция графигіне жанама dk* тік сызыққа параллель орналасады. Егер k* < k** болса, онда шығарылым мөлшері істен шығу мөлшерімен салыстырғанда көп шамада өзгереді, (f(k*) сызығы dk* қарағанда тік), демек олардың арасындағы тұтынуға тең айырма өседі. k* > k** болса, онда істен шығудың аз өседі, яғни тұтыну түседі. Тұтыну k** нүктесіне ғана дейін өсуі мүмкін, бұл жерде ол барынша жоғары шамаға жетеді.
Солоу моделінде жақын келешектегі көп тұтынуға басымдық берілетіні ескерілмейді, онда тек ұзақ кезеңдегі тұрақты жай-күй ғана қарастырылады. Технологиялық процестің еңбек үнемдейтін формасы қарастырылады, сондықтан өндірістік функцияны төмендегідей біршама өзгерту қажет: Y = F (K, L E),
Технологиялық процеске қатысты жорамалдың ең қарапайымы жөнінде сөз қозғайтын болсақ, аталмыш процесс тұрақты қарқыны g –ні құрайтын E еңбек тиімділігінің өсуіне себеп болады (еңбек үнемдейтін технологиялық процестің қызметкерлер санының өсуімен ұқсас салдары болады). Егер L жұмыс күші n қарқынмен өсетін және басқа ауыспалылар тиімді еңбек өлшеміне шағылып алынады, яғни k = K / L E, y = Y / L E и y = f (k).
Кейінгі ой-пікірлер халық санының өсу жағдайына түйінделген ой-пікірге ұқсас екенін айтып өту қажет. Экономиканың капиталмен тұрақты жарақтандырылып орнықты жай-күйі былайша сипатталады: sf(k) = (d + n + g)k. MPK = d + n + g.
+9-Такырып-Эконом осу.ppt