ССжМ-8каз.ppt
- Количество слайдов: 11
8 ДӘРІС Қазақстан Республикасында стандарттау жұмыстарын ұйымдастыру. ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитет l бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган.
Техникалық реттеу l санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу.
Уәкiлеттi орган l Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестiктi растау мен аккредиттеу мәселелерi бойынша халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган.
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi l өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай -ақ нормативтiк құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы.
Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын: l l l l l 1) Қазақстан Республикасының Үкiметi; 2) уәкiлетті орган; 3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар; 4) мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер; 5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегi ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы); 6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер; 7) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, зертханалар; 8) сәйкестiктi растау, стандарттау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар; 9) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады: l l l l l 1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құру; 3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету; 4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын бекiту; 5) қорғау технологияларын қолдану ережелерiн және мiндеттi қорғалуға жататын құжаттар мен объектiлер тiзбесiн бекiту; 6) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекiту; 7) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру; 8) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыретi шегiнде қабылдау, оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу, олардың күшiн жою; 9) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және зертханаларды аккредиттеу тәртiбiн белгiлеу; 10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды атқару.
Уәкiлеттi орган стандарттау саласында мынадай функцияларды орындайды: мемлекеттiк стандарттарды және техникалықэкономикалық ақпараттың жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекiтудiң, сараптаудың, өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн белгiлейдi; l техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады; l халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ережелерi мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi; l
мемлекеттік, халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды; l мемлекеттiк стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi; l стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады. l
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне: 1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау; l 2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалықэкономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу; l 3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады. l
Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары: 1) өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi iс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады; l 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сай келмейтiн өнiмдi өткiзудiң жолын кесу және оған жол бермеу жөнiндегi ықпал ету шараларын қолданады. l
ССжМ-8каз.ppt