лек 7 .pptx
- Количество слайдов: 26
7. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ 7. 1. ТҮЙСІК АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7. 2. ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 7. 3. ЕС АНЫҚТАМАСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7. 4. ҚИЯЛ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 7. 5. ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ 7. 6. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 7. 7. ЕЛЕСТЕТУ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мәліметтерді қабылдау құрылымы келесі этаптардан тұрады : Түйсік → сезім мүшелері →жүйке импульстары → бас ми → жеке сезінулер →қабылдаудың тұтастай бейнесі → (ес эталоны) → заттарды тану → (ойлау) → ұғыну. Тітіркендіргіш (дыбыстар , көру) сезім мүшелеріне әсер етеді, оның нәтижесінде жүйке импульстары туындайды, ол жүйке жолдарымен бас миына түседі, онда өңделеді және жеке түсінулер қалыптасады, затты қабылдаудыңтұтастай бейнесі құрылады, ол ес эталондарымен қатар қойылады, осының нәтижесінде затты тану жүреді, содан кейін өтіп жатқан мәліметтерді ойша салыстыра отырып, алдыңғы тәжірибеге сүйене, ойлау әрекетінің қатысымен ұғыну жүреді. ТҮЙСІНУ – обьективті, өйткені онда сыртқы тітіркенулер әрқашан байқалады, ал екі жағынан- субьективті жүйке жүйесі және жеке дара ерекшелік қалпына тәуелді.
Түйсіктердің ең маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған : ● интероциптік ● проприцептік ●экстероцептік ИНТЕРОЦЕПТІК түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілердің әрі өте қарапайым түрі ПРОПРИОЦЕПТІК түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген (тельца Паччини). Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді. ЭКСТЕРОЦЕПТІК түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстероцептік түйсіктер тобы шартты түрде аралық және түйісу түйсіктері деп аталатын екі бөлікке жіктеледі.
Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі. ТҮЙСІК САПАСЫ – нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді. ТҮЙСІК ҚАРҚЫНЫ – түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецепторлардың қызметтік жағдайымен анықталады. ТҮЙСІК ҰЗАҚТЫҒЫ – түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қоймайды , ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің латенттік уақыты әрқилы : мысалы , сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне -370, ал дәм сезу түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті.
АНАЛИЗАТОРЛАР – бұл белсенді орган, тітіркендіргіш әсерлеріне рефлекторлы түрде ыңғайланады. Сондықтан ол өзіне қозғалыс компонентін енгізеді. Американ ps Д. Нефф микроскоп көмегімен тері бөлігін бақылайды, теріні инемен тітіркендіргенде сол теріге тиген жерде тітіркену сезілгенде рефлекторлы қозғалыс реакциясы өтетіне көзі жеткен. Бұл вегетативті реакция. Сондықтан түйсік рефлекторлы сипатта. Қабылдау – обьективті әлемдегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезіндегі тұтастай бейнеленуі. Қабылдау – анализатор жүйесінің әрекет қорытындысы. «Түйсік» және «қабылдау» түсінігі өзара байланысты , бірақ та олардың арасында түбірлі ерекшелік бар. Психофизиолог зерттеулері қабылдаудың өте күрделі процесс екендігін көрсетті. Ол аналитикалық – синтетикалық жұмыстарды талап етеді. Сонымен , қабылдау - өте күрделі , сонымен бірге біртұтас процесс , бізге әсер ететін жағдайларды тануға бағытталады.
Қабылдаудың негізгі қасиеттеріне төмендегілер жатады: заттылық, тұтастық, құрылымдық , константтылық (тұрақты , өзгермейтін), апперцепция. Қабылдау заттылығы – ақиқат дүниенің обьектісі мен құбылыстарын түйсіктердің бір – бірімен байланыспайтын жиынтығы түрінде емес, бөлек зат түрінде бейнелеу қабілеттілігі. Заттық қабылдаудың туа берілген қасиеті болып заттармен байланысқан қозғалыс негізінде қалыптасады. Қозғалыстың қатысуынсыз қабылдау заттылық сапаға ие болмас еді. Қабылдаудың тұтастығы - әрқашан заттардың тұтастай бейнесі. Заттардың жеке қасиеттерін бейнелейтін түйсіктен ерекшелігі қабылдау заттың тұтастай бейнесін береді. Қабылдаудың құрылымдығы – қабылдау жай сезінудің жиынтығы болып табылмайды. Біз осы сезімдерден фактілі тұрғыда абстракцияланған (заттарды белгісінен, қасиеттерінен ажыратып ойша дерексіздендіру), жалпыланған құрылымдарды қабылдаймыз. Мысалы: әуенді тыңдағанда, біз бөлек дыбыстарды қабылдамаймыз, әуенді қабылдаймыз.
Қабылдаудың тұрақтылығы – қабылдау жағдайының өзгеруінде заттардың кейбір қасиеттерінің тұрақтылығы. Мысалы, алыста қозғалып келе жатқан жүк машинасын біз үлкен обьект ретінде қабылдаймыз. Біздің қарашығымызда әжептәуір кіші болып көрінгенмен, біз оның қасиетін жақында тұрғандай қабылдаймыз. Қате құбылыс қабылдау – қабылдау иллюзиясы деп аталады. Иллюзия қабылдаудың кез – келген түрінде байқалады. Қабылдаудың саналығы – қабылдау сезім мүшелеріне тітіркендіргіштердің тікелей әсер етуінде туындаса да, перциптивті бейнелер әрқашан белгілі бір ұғыналатын мағынаға ие. Адам қабылдауы ойлаумен тығыз байланысты. Ойлау мен қабылдаудың арасындағы байланыс, ең алдымен, затты саналы қабылдауда көрінеді – бұл, яғни ойша атау. Әдетте біз өзімізге таныс емес пәнді басқа пәндермен сәйкестігін анықтауға тырысамыз. Қабылдаудың таңдамалылығы- толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз болып табылады. Қабылдаудың таңдамалылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты болып келеді.
Ес дегеніміз -сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процестің бірі. Біздің психикалық жемісіміз көп жақты және жан–жақты. Біз психикалық дамуымыздың жоғарғы деңгейі арқасында көп нәрсеге қолы жеткіздік. Ес адамға өте қажет құбылыс. Оның арқасында субьект жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, соңғысын пайдасына жаратады. Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық (гр. пластикос деген сөзі - қазақшасы мәнер қалдыру деген мағына) қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті.
Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай есті негізгі үш өлшемге сәйкес болу шарт: 1. Әрекеттегі басымдау болған психологиялық белсенділіктің сипаты бойынша ес – қозғалысты , эмоциялық (сезімдік), бейнелік және сөз – логикалық болып бөлінеді. 2. Іс - әрекет мақсатына орай ес – ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. 3. Дүниелік іс - әрекеттегі ролімен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты – қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады. Қысқа мерзімді ес – есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз. Ұзақ мерзімді ес – жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген екі ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген, біріншісі – шағын жұмыс істесе, екіншісі – материалдың кіші бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал, ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Еріксіз есте қалдыру адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Ерікті есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады. Қандай обьектіні есте әдейілеп қалдыру үшін мына төмендегі шартты орындап отыру қажет. - мақсат қою; - адамның қажетіне байланысты; - оқитын шығарманы жоспарлай алу; - мағынаны есте қалдыру дегеніміз – нәрсенің мәніне түсіну; - оқып отырған шығарманың байланысын жүйелерін елестетуге, еске тірек боларлық ой жемісін табуда схема, чертеж, таблицалармен қатар, арнаулы шартты белгілер қолданып отырса, есте қалдырудың сапасы арта түседі; - есте қалдыратын шығарманы адам мүмкіндігінше өз сөзімен құрастырған сөйлемдермен айтып беру қажет; - есте қалдыру адамның өзін - өзі тәрбиелеуі алуына да байланысты; - қайталай алу;
Ұмыту процесі – есте қалдыру процесіне қарама – қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылданған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез – келген ұсақ – түйіктер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді. Материалды оқыған бойда бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түседі, мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ бұл 2 -3 күннен кейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция (лат. реминицентиа деген сөз қазақша еске түсіру деген)құбылысы деп аталады.
Қиял – бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнелеріне сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді бейнелейтін адам психикасының ерекше формасы және сонымен бірге қабылдау , ойлау және ес арасында аралық орынға ие. Қиял көрнекі – бейнелік ойлау негізі болып табылады , адамға жағдаяттарды бағдарлануға мүмкіндік береді және практикалық әрекеттің тікелей қатысуынсызміндеттерді шешуге де жағдай жасайды. Адам қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегідей топтастырамыз : 1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне , алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. 2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де , білім тәжірибесіне де байланысты. 3. Қиял адамның өскен ортасына , этностық ерекшелігіне , табиғат , жер – су қоршауына байланысты көрініп отырады. 4. Қиял – адамның барлық психикалық құбылыстармен ұштасып жататын процесс. 5. Адам қиял еңбек процесінде , іс - әрекет үстінде жарыққа шығып , дамып отырады
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың бүтіндей пассивті түрінің типі – түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан – жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларымен бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істейді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пунк» деп атайды И. М. Сеченов «кереметтер» кіруін болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары деп сипаттаған. Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталады. Бұл – қиялдың шарықтап дамуының жоғарғы сатысы , адамның шығармашылық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі. Адам қиялын кейде ырықты қиял деп атайды. Адам қиялы қайта жасау , шығармашылық қиял , арман болып үшке бөлінеді.
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адаиның жаңадан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп аталады. Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте , жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялда айтады. Жазушының , суретшінің , ғалымның , компазитордың т. б. қиялы шығармашылық қиялға жатады. Шығармашылық қиял қайта жасау қиялына қарағанда әрі күрделі , әрі қиын. Актив қиялдың бір түрі – арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа бейнелер жасау. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада : арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Галлюцинация адамды қоршаған ортаға ешқандай байланысы жоқ фантастикалық ойдан шығаруды айтады. Әдетте бұлар психиканың немесе организм жұмысының бұзылуы – көптеген ауру қалпымен қатар жүреді. Қиял - галлюцинациядан ерекшелігі – қалып психикалық қалып, арманға байланысты, фантазияны білдіреді. Арман қиялдан шындыққа сәйкестелінген және жүзеге асуы мүмкін жағдайда қандай да бір дәрежеде шындықпен байланыстылығымен ерекшелінеді.
Ойлау ерекше психикалық процесс ретінде бірнеше қасиеттер мен белгілерге ие. Сыртқы дүние құбылыстарының бейнелерін жалпылай тану ойлаудың негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады. Келесі белгісі ақиқатты жанама танубелгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттері немесе сипаттамалары туралы пікірлер олармен тікелей байланыста емес, жанама мәліметтерді талдау жолымен қорытындылау. Келесі сипаты міндеттерді шешу – ойлау шешуге қажетті проблемалық ситуация туындаған кезде айқын көрінеді. Ойлау әрқашан сұрақтан басталады. Жауап – ойлау мақсаты болып табылады. Бұл сұраққа жауап бірден туындамайды, белгілі бір операциялардың көмегімен жүзеге асырылады. Ойлаудың маңызды ерекшелігінің бірі- сөйлеумен тығыз байланыстылығы. Сөйлеу мен ойлаудың байланысы ең алдымен, ой әрқашан сөйлеу формасында көрінеді. Сөйлеу арқылы ойды жеткізу өте күрделі процесс. Іштей сөйлеу ойлау мен сырттай баяндалатын сөйлеу арасындағы өтпелі кезеңді қамтамасыз етеді. Іштей сөйлеу дайындық стадиясы ретінде көрінеді.
Ойлаудың негізгі формалары Ұғым- бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерінің бейнеленуі. Ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстар туралы біздің білімдеріміз жатыр. XX ғ. 40 -50 ж. психология ғылымында ұғымды ақиқат әлемдегі заттар мен құбылыстардың байланыс, қатынас бейнесі ретінде анықтады. Пікір- - субъектінің нақты заттар мен құбылыстардың байланысын және оның әралуандығын түсінуге негізделеді. Ой қорытындысы- ойлаудың жоғары формасы. Бірнеше пікірлерден жаңа пікір шығару.
Ойлау процесінің операцияларына төмендегілер жатады: 1) Анализ дегеніміз- ой арқылы әртүрлі заттар мен құбылыстардыңғ мәнді жақтарын жеке бөліетерге бөлу. 2) Синтездеу- ой арқылы заттың және құбылыстың барлық бөлшектері біріктіріледі. 3) Салыстыру- заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. 4) Абстракция - шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограм деген сөзі «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. 5) Жалпылау- бір текті заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. 6) Нақтылау- абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни, жеке заттар мен құбылыстар туралы ой.
Жануарлар әлемінен адамның негізгі ерекшелігі , оның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дамуы заңдылықтарында бейнеленетін , ерекше психикалық процесс – сөйлеудің бар болуы болып табылады. Сөйлеу – бұл тіл арқылы адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас процесі. Сөйлеу және басқа сөзді түсіну үшін ең алдымен тілді білу және оны пайдалана білуі қажет. Тіл – бұл жеткілікті күрделі пайда болған. Кез – келген тілде ең алдымен тілдің лексикалық құрамы деп аталатын , белгілі бір мәнді сөздер бар. Сонымен бірге , тілде тіл грамматикасын құрайтын , белгілі сөздер мен сөз тіркестерінің түрлі формасының жүйесі бар. Белгілі бір тілге ғана тән нақты дыбыстық немесе фонетикалық құрылымға ие. Сөйлеуде сөздік мағына арқылы берілетін мазмұнан басқа, біз айтқан нәрсемізге эмоционалдық қатынасымыз да көрінеді. Бұл құбылыс сөйлеудің эмоционалды – мәнерлі жағы деп аталады.
Ауызша сөйлеудің негізгі түрі әңгімелесу формасында шығады. Мұнан тілді сөйлесу немесе диалогтық деп атайды. Оның ең маңызды ерекшелігі пікірлесуші құптап отыратынын сөйлеу болып табылады. Сөйлеудің келесі формасында сөз тек бір адамның қатысуымен айтылады, тыңдаушылар оның сөзін қиындайды, бірақ оған қатыспайды. Мұндай сөйлеуді монологиялық немесе монолог деп аталады. Сөйлеудің келесі түрі жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуден тек ғана жазу таңьасы көмегімен, графикалық бейнелеу арқылы ерекшелелініп ғана қоймайды. Бұлардың арасында күрделілік психологиялық ерекшелік бар.
Белгілі бір нақты психикалық әрекетке бағыттылық және шоғырланушылық зейін деп аталады. Зейін басқа таным процестері сияқты белгілі бір физиологиялық құбылыстармен байланысты. Жалпы физиологиялық негізде белгілі бір тітіркендіргіштердің бөлінуі және нақты бағыттағы процесс ағымында бір жүйке орталықтарында қозу тудырады және басқаларында тежелу болады. Адамға әсер етуші тітіркендіргіш миды активизациялайды. Мидың актизациясы ең алдымен ретикулярлы формацияда жүзеге асырылады. Ретикулярлы формацияның жоғарғы көтерілуші бөлігінің тітіркенуі бас миы қабығында электрлік тербелу пайда болуын тудырады. Жүйке процесінің қозғалысын жоғарлатады, сезгіштік табалдырығын төмендетеді.
Ырықсыз зейіннің қарапайым түрі болып табылады. Кейде оны пассивті деп атайды. Ол адам санасынан тәуелсіз туындайды. Ырықсыз зейіннен ырықты зейіннің айырмашылығы: саналы мақсатпен басқарылады. Зейіннің бұл түрі ерікпен байланысты. Үйреншікті (ырықтыдан кейінгі) зейін ұғымын енгізуші белгілі ғалым Н. Ф. Добрынин болды. Бұл түрі ырықты сияқты, алғашқыда мақсатқа бағытталған сипатты және алғашқыда ерік күшін қажет етеді, бірақ адам жұмысқа «ене» отырып, оның нәтижесі ғана емес, әрекеттің мазмұны мен процесі қызықты және маңызды бола бастайды.
Зейіннің қасиеттерінің сипаттары ТҰРАҚТЫЛЫҚ- белгілі бір уақыт ағымында бір объектіге шоғырланушылық қабілеті. Бұл қасиет перифириалық және орталық фактормен айқындалады; АУЫСПАЛЫҒЫ- бір объектіден екінші объектіге зейінді ауыстыру қабілеті. Ситуацияда тез бағдарлану қабілетін білдіреді; АЛАҢДАУШЫЛЫҚ- бұл ырықсыз зейіннің бір объектіден басқаға ауысуы (тітіркендіргіш әсер еткен кезде). Алаңдаушылық ішкі және сыртқы болуы мүмкін; КӨЛЕМ- бұл бір мезгілде қамтылатын объект саны түсініледі; КОНЦЕНТРАЦИЯ- зейін шоғырлануының дәрежесі немесе интенсивтілігі түсініледі. А. А. Ухтомский зейін концентрациясы қабықтағы қозу ошағының доминантты функциясының ерекшеліктерімен байланыстырды; БӨЛІНУІ- адамның бір мезгілде бірнеше әрекет түрін орындау қабілеті түсініледі. Ю. Цезарь бір-бірімен байланыспайтын 7 жұмыспен айналыса білген. В. Вундт адам бір мезгілдегі тітіркендіргіштерге шоғырлана алмайтындығын дәлелдеген. Кейде, адам бір мезгілде екі әрекет орындауға қабілетті.
лек 7 .pptx