
daris_7.pptx
- Количество слайдов: 6
* 7 Дәрістің тақырыбы Химиялық токсикалық заттардың таралуы және түсу негіздері
* Химиялық токсикологиялық улы заттардын организмге сіңуі мен сіңу жылдамдығы олардың адаммен жануарлардың денесіне тусу жолдарына улылық әсерлері тәуелді. Улар организмге ас қорыту, тыныс алу жүиелерімен және тері арқылы түседі. Улы затгардың газ, бу және шан тәрізді түрлерінің ингаляциялық жол арқылы түсуі зор маңызга ие. * Организмге бөтен заттардын түсіп органдармен ткандардын арасында таралуы, бнотрансформациялануы (метаболизмі) және денеден бөлініп шығу процесстерінде улар денедегі көптеген биологиялық мембраналарға тасмалданып кіреді. Оганизмдегі мембраналар оның жүиелік ерекшеліктеріне қарамастан құрамы мен құрылысы жағынан бірдей болғанымен функциональдық жұмысы жағынан ерекшеленеді. * Пероралді уланғанда улағыш заттардын ас қорту жолдары арқылы деполануы, оны наукастың тусу уақытына қарамастан муқият тазарту керектігін дәлелдейді. * Токсикологиялық ингаляциялық улану қанға удың тез түсуімен сипатталады. Бұл жағдай окне альвеоланың сіңіру бетінің үлкендігімен (100 - 150 м ) альвеольді мембраналардын жуқалығымен, өкпе капилляры арқылы өтетін қан ағьшы және удын депонирленуіне жағдайдың жоқтығымен тусіндіріледі. Ауа мен қанның арасындағы тоскауылдың құрылымын нобайлы түрде төмендегідей көрсетіледі: липидті қабық, мукойдты қабық, альвеолярлі клеткалардың қабықтары, капилярлардың базальді мембраналарымен қосылатын эпителийдің базальді мембранасында өкпеде жүзеге асады. Градиент концентрациясына сәйкес диффузия заңы бойынша сіңеді. Осындай жолмен ағзаға көптеген ушпалы электролит еместер түседі: олар көмірсутегі, галогенокөмірсутегілер, спирттар, эфирлар және т. б. Түсу жылдамдығы олардың физикалық - химиялық қасиеттерімен анықталады, аз мөлшерде ағза күйімен байланысты (демалу карқыны, өкпедегі қан айналымы).
* Ұшпалы қоспалардың сіңуі жоғарғы дем алу жолдарында басталады, бірақ толығымен. Улы заттың суда ерігіштік коэффициент өте маңызды (Оствальд коэффициент су ауа). Оның мәні қанша үлкен болса, ауадан қанға түсетін зат көлемі сонша үлкен болады және ауамен қан арасындағы ақырғы тепетеңдік концентрациясына жету үрдісі соншама узақ. * Көптеген ұшатын электролит еместер канның сұйық бөлімінде тез еріп қоймай, және де плазма белоктарымен және эритроциттарымен байланысады, соның нәтижесінде артерия канымен альвеолярлі ауа арасындағы тартылу коэффициенті суда еру коэффициенттерінен бір шама жоғары. * Кейбір сезгіштік қасиетке ие булармен газдар, органикалык емес қышқылдар булары тікелей дем алу жолдарына химиялық өзгерістерге шалдығады, сондықтан олардын ағзада тұрып қалуы тұрақты жылдамдықпен жүзеге асады. * Одан баска, олар альвеолярлы мембрананы бұзатын, тосқау және тасымалдау функцияларын жумыстай шығару қабілетіне ие. Бұл жағдай өкпенін токсикалық ісінуін дамытады. * Көптеген өндіріс операцияларында аэрозоль пайда болады (шаң, түтін, туман). Олар минералі шан, металл тотықтары, органикалық қоспалар және т. б. Түріндегі бөлшектер қосындылары. Дем алу жолдарында екі үрдіс жүреді: түскен бөлшектердің тоқталуы және өсуі. Тоқталу үрдісіне аэрозольдардың агрегатты күйі және физикалық - химиялық қасиеттерінің әсері тиеді (бөлшектер өлшемі, турі гигроскопиялылыгы, заряды, және т. б. ). Жоғарғы дем алу жолдарының үлкендігі 10 мкм дейін бөлшектердің 80 - 90% ұстап қалады, альвеолярлы аумакқа өлшемі 1 - 2 мкм дейінгі және оданда кіші бөлшектер 70 - 80% келіп түседі. Дем алу жолдарының өзіндік тазалау кезінде бөлшектер қақырықпен бірге ағзадан шығарылады.
* Суда ерігіш және токсикалык аэрозоль түскен кезде олардың резорбциясы дем алу жолдарының барлық бетінде болуы мүмкін, негізгі бөлігі сілеймелі асқазанға түседі. * Альвеолярлы аумактың өзіндік тазарту кезінде макрофапармен лимфатикалы жүйе маңызды рольға ие. Сонда да металл аэрозольдары қан ағынымеи лимфаларға диффузия немесе тасымалдау жолдарымен тез енеді. Олар каллоид, белок жинағы тәрізді (т. б. ) болады. Бұл кезде олардын резорбтивті әрекеті, көбінесе литейлі лихорадка түрінде көрінеді. * Сыртқы қоршаған ортадағы тіршілік нысандарына газ күиіндегі болмаса газға ұқсас күидегі улы заттар үлкен қауіп тудырады еебебі ондай заттар организмге ауа аркылы өкпеге түсіп денеге тарайды. Жалпы улар, улы заттар ауада молекулалық дисперсиялык (газға ұқсас болмаса буға, түтінге, туманға) аэрозол күиіндеде кездеседі. Мұндай жоғарыда айтылған күидегі улы заттардын денеге сорылып сіңу жылдамдығы удын парциалдык қысымымен оның тыныс алатын ауадағы концентрациясына, қанға түскен соң ондағы еру қабілетіне, өкпенің вентиляциялық шамасына тағы да сол сияқты басқа да көптеген факторларға байланысты. * Улармен улы заттардың алдынгы бірден-бір қасиеті сыртқы ортадағы ауада белгілі концентрациядағы мөлшерде буланып ұшып кетуі. Егер жабык нашар желдеткішсіз ғимараттармен үйлерде тез буланып ауамен араласатын улы заттар айтылған нысандарда тез арада өте қауіпті (концентрация) мөлшерде жиналып денсаулыққа үлкен кауіп тудырады. Ал ашық ортада үлкен кауіпті жайды буланып ауамен жайлап араласатын және олардың булары ауадан аздап ауырлау (кейбір газдар, түтіндер) болып негізінен жердің бетінде екі жарым метр биіктік шамасында төселіп жататын улы заттар, міне бұлар негізінен жер бетінде жиналады мұндай улы заттарға сынаптың органикалық қосылыстары, құрамында цианкосылыстары бар заттар, сонымен қатар кейбір хлорфенолсірке қышқылының туындылары жатады.
* Организмге қатты агрегаттык күиде түсетін улар мен улы заттар асқазан ішек сөлдерінде өте * баяу еруіне және сорылып сінуіне байланысты өздерінің улылык әсер әрекеттерін өте баяу көрсетеді олардың еріген ертінділеріне қарағанда, сондықтан олардын организмге улылык әсер әрекеттерінің шамасы мен нәтижесі әжептәуір төмен болады. Жалпы даму жоғарлап ғылыми-техникалық прогресстің суранысы өскен сайын тіршілік үшін энергияға деген мұқтаждык көбейе бастайды, біріншіден бұрыннан қолданып келе жатқан қуат көздері заман ағымына сай болмаса, ал екінші бір қуат көздері жер қойнауында сарқыла бастады, міне осының барлығы келіп адам баласына қазіргі энергияға мұқтаждықты шешу көздерін іздестіртуде. Бүгінгі күнге дейін кеңінен қолданылып келе жатқан жылу электростанцияларының сырт көзге қауіпсіз болғанымен нақтылай келгенде олардан бөлінетін көміркышқыл газы парниктік әсер тудырып әлемдік жылу қауіпін жоғарлатады, ғылыми есептер бойынша әлемдік температура бір градусқа көтерілгеннің өзінде мұздар еріп топан су басатындығы белгілі. Сондықтан жер шарының көптеген елдерінде жаңа қуат көздерін пайдалану жүзеге асырылды соның ішінде атом электроқуатын өндіріп пайдаланылу кеңінен жүзеге асырыла бастады. Әрине адамзат бейбіт атомды игеруде де цивилизация үшін үлкен құрбандыққа душар болғандығы белгілі. Атом қуат көздерін өндіруде қолданылатын шикізаттың маңызы өте зор десек қателеспейміз. Қуат өндіруге негізінен уран элементін қолданады. II-радиоактивті химиялық элемент, табиғатта үш белсенді изотобы бар. Жалпы уран рудаларында плутоний элементі өте аз мөлшерде кездеседі. Ри - ядролық энергетикада отын ретінде, ал ғарыш кемелерінің бортында электр энергиясын өндіру, және термоядролық қаруларда кеңінен қолданылады өте улы зат ашық су көздеріндегі ұлықсат берілген мөлшері 81, 4 Бк/л, ал атмосферадағы және жұмыс бөлмелеріндегі плутонидің мөлшері 3, 3'10~5 Бк/л аспауы керек, ал ураннын қосылыстары өте токсикологиялық зардаптыда улы, олардын шектеулі 1 м 3 ауадағы ұрықсат мөлшері 0, 075 мг мен 0, 015 мг арасында.
*Бақылау сұрақтары: *Атмосфера ауасының құрамын атаңдар *Ауаның газды шаңмен ластануындағы токсикалық мәні *Ауаның радиоактивті ластануындағы токсикалық мәні *Ауалы бассейнді қорғау әдістері *Ауа токсикологиясының мәні
daris_7.pptx