
7-d_1241_ris_Immunitet-1.ppt
- Количество слайдов: 32
7 - Дәріс: Имунитет. Иммунитеттің түрлері және механизмдері. Организмнің иммундық жүйесінің жалпы сипаттамасы. Қорғаныстың бейспецификалық факторлары. Антигендер. Дәріскер аға оқытушысы Бармакова Алма Мансуровна
Дәріс жоспары: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. Иммунитет түрлері. Инфекциядан қорғанудың жалпы механизмдері. Иммундық жүйе органдары. Иммундық жүйе жасушалары. Адам организмінің бейспецмфмкалық қорғаныс факторлары. Антигендер. Антигеннің негізгі қасиеттері. Антиген типтері. Антигеннің құрылысы. Антиген түрлері.
Иммунитет (immunitas-босану, арылу) – ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға және адам организмін жұқпалы аггенттерден және басқа генетикалық жат антигендерден қорғауға бағытталған биологиялық үрдістердің жиынтығы. Иммунитеттің негізгі қызметі – «өзінікін» «бөтеннен» ажырату. Иммунитет типтері: n инфекциялық n қатерлі ісікке қарсы n трансплантациялық
Иммунитет турлері Туа пайда болған (тұқым қуалайтын, түрлік иммунитет) Жүре пайда болатын иммунитет Табиғи Жасанды Белсенді активті Енжарлы пассивті Стерильді - стерильсіз
Иммунитет турлері 1. 2. Ш Туа біткен (түрлік) иммунитет – басқа түрлерде (жануарларда) ауру қоздыратын микроорганизмдерді адам организмінің қабылдамаушылығы (мерезбен жануарлар ауырмайды, құстар обасымен адамдар ауырмайды). Жүре пайда болған иммуниет адамдардың өмір сүру барысында қалыптасады: табиғи белсенді иммунитет стерильді (иммунитет пайда болғаннан кейін организм микробтардан толық арылады) және стерильсіз (иммунитет пайда болғанмен организмде микроб сақталған) деп бөлінеді.
Инфекциядан қорғанудың жалпы механизмдері: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Қабыну реакциясы (қабыну белдеуі қалыптасып инфекцияның таралуын шектейді). Температуралық реакция (жоғары температура микробтарды өлтіреді). Тіндерде зат алмасу және р. Н-тың өзгеруі. ОЖЖ-нің тиісті орталықтарының қозуы немесе тежелуі. Секреторлық және экскреторлық үрдістер (жөтел, қақырық, несеппен бөліп шығару Адам денесінің қалыпты микрофлорасының қорғаныстық әсері.
Иммундық жүйе - организмді инфекциялардан және де жат агенттерден қорғайтын еркін ағзалар мен жасушалардың бірлестігі. Әрбір организмнің меншікті биологиялық ерекшелігін қамтамасыз ететін кешенді жүйе. Иммундық жүйенің ерекшеліктері: n n n жасушалары бүткіл организмде таралған, жасушалары қан айналымында тұрақты болып тұрады, тұрақты түрде антиденелер түзіп отырады, 10 ^12 дәрежедегі лимфоидты жасушалардан тұрады, жалпы салмағы – 1, 5 -2 кг, орталық нысан (фигура) – лимфоцит
Иммундық жүйе органдары Орталық: 1. Айыршық без (тимус) 2. Сүйек кемігі Шеткейлік: 1. Көкбауыр 2. Лимфа түйіндер 3. Лимфалық фолликулалар 4. Пейер түйіншектері 5. Пирогов сақинасы 6. Аппендикс
Иммундық жүйе органдары
Иммундық жүйе жасушалары. n n n Иммунды компонентті жасушалар антигенге қарсы рецепторлары бар, спецификалық иммунды жауап беру қабілеті болады (лимфоциттер). Қосымша жасушалар (антигенпрезенттеуші) - жат жасушаларды өзінікінен ажыратып, оларды иммунды компетентті жасушаларға ұсынады. Антидене - спецификалық қорғаныс жасушалар - организмнің меншікті компетенттерін бөтен элементтерден ажыратып, оларды жояды. Кан сарысуынын Гамма-глобулиндерынде жатады, оларды Иммундыглобулиндер деп атайды
Лимфоциттер. n n n Т-л/ц- жасушалық иммунитетке жауапты. В-л/ц-гуморальдық иммунитетке жауапты. Т-л/ц- қан лимфоциттерінің 80% құрайды: Т- киллерлер ( лимфокиндер бөледі, АГ танып, жояды) Т-супрессорлар (АГ байланыстырады, Тхбелсенділігін басады) Т-хелперлер (басқа типтегі жасушалардың синтезделуіне және В л/ц-дің антидене шығаруына әсер етеді).
В л/ц қан лимфоциттерінің 10 -15% құрайды: n антиденелер өндіреді n Т –лимфоциттерге антигенді таныстыру үшін қатысады В л/ц-тер дифференциацияланады плазматикалық жасушаларға айналады олар антиденелер өндіреді В л/ц-тер папуляциясы: n В 1 - пейер түйіршіктерінде алғашқы дифференциациясы болады плазматикалық жасушалар Ig М синтездейді. n В 2 сүйек кемігінде алғашқы дифференциациясы болады Ig-ның басқа кластары синтезделеді.
Т- және В-лимфоциттердің құрылуы (сызбанұсқа)
n n Адам организінің бейспецификалық қорғаныс факторлары - жат антигендер қарсыласу кешені. Олар микроб баржағына қарамастан кез келген организмде әр түрлі дәрежеде тұрақты түрде болады; Микробтардың енуіне тоықауыл жасайды және/немесе оларды жоюға қатысады. 1. Сыртқы тосқауылдар ( тері, шырышты қабаттар, қалыпты микрофлора). 2. Ішкі тосқауылдар ( лимфа түйіндер, тіндік және жасушалық тосқауылдар). 3. Жасушалық тосқауылдар ( фагоциттер, табиғи киллер- ЕК). 4. Гуморальдық факторлар ( лизоцим, комплемент, цитокиндер, интерферон т. б. )
Тері және шырышты қабаттар функциясы; n тосқауылдық n бактериоциттік n механикалық қорғаныс Қалыпты микрофлора қызметі: n механикалық қорғаныс (үлбір қабат түзуі) n антогонизм n иммундық жүйенің жетілуіне әсер етеді
Фагоцитоз n n Негізгі функциясы: қорғаныстық ұсыну ( таныстырушылық), секреторлық ( ИЛ-1) Фагоцитоз сатылары (стадиялары): n n n Хемотаксис Адгезия Эндоцитоз Фаголизосомалар пайда болуы Жасуша ішілік қорытылу
Фагоцитоз (сызбанұсқа)
Фагоцитоз стадиясы (адгезия)
ТАБИҒИ ЖАСУША КИЛЛЕРЛЕР ( ТЖК-ЕКК)- табиғи цитотоксикалық қабілеті бар, лимфоцит тәріздес жасушалар популяциясы. Вирустарға, ісік жасушаларына, қарапайымдыларға қарсы әсер етеді.
Гуморальдық факторлар. Лизоцим- термостабильді ақуыз ( мурамидаза). Мононциттер және тіндік макрофагтар бөліп шығарады. Гр (+) бактерияларға айқын әсер етеді. Компонент жүйесі- қан сарысуының құрамында 20 - дан астам реттеуші ақуыздардан тұрады ( С 1, С 2, С 3. . . деп белгіленеді). Комплементтің белсендірілуі (активация) жолдары: n n классикалық ( инфицирлеуші фактор-АГ+АД кешені). альтернативтік ( АГ+АД қатыспайды, бактерияларды полисахаридтері және ЛПС-нің есебінен жүреді).
Гуморальдық факторлар. Цитокиндер - гормон тәріздес реттегіштер (интерлейкиндер – ИЛ 1, ИЛ-2, ИЛ-3. . . , интерферондар, өсу факторлары), оларды организмнің әртүрлі жасушалары өндіреді; басқа немесе осы топқа жататын жасушалардың функциясына әсер ету қабілеті болады.
Гуморальдық факторлар. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. Антигендер (anti-қарсы, genus-тек) - шығу тегіне қарамастан адам организміне енгенде спецификалық иммундық реакция қоздыратын және оның атқарылуына қатысатын органикалык биополимер. Антигенге тән қасиеттер. Жаттылығы ( чужородность) Антигенділігі генетикалық ақпарат тасымалдай Спецификалығы алатын химиялық құрамымен байланысты Иммуногенділігі Белок (ақуыз) табиғаты Молекулалық салмағының жоғары болуы Коллоидты жағдайда болуы
Антиген типтері: n n n Құнды (полноценные) антигендер – организмге енгенде АД өндірілуіне әсер етеді және олармен спецификалық реакцияларға түседі микроорганизмдер, олардың бөлшектері, токсинндері, ферменттері т. б глюцидолипидті-протеинді кешендер Құнсыз (неполноценные) антигендер-гаптендер. АД түзілуіне себепкер бола алмайды, бірақ дайын АД-мен реакциаға түсе алады (липиттер, глюцидолипитті кешендер-төменгі малекулалы ақуыздық табиғаты жоқ заттар). Жартылай гаптендер – АД синтезделуіне қатыспайды және спецификалық реакция бере алмайды, бірақ спецификалық АД – ді тосқауылдау қабілеті бар (химиялық радикалдар: хлор, йод, бром, тб. )
Антигеннің құрылысы - 2 компоненттен тұрады: n n Ақуыз (белок) – антигендік (иммуногендік) қасиетін анықтайды. Ақуыз беткейінде орналасқан амин қышқылды қалдықтар – спецификалығын анықтайды, оларды детерминантты топ немесе эпитоп деп атайды. Антигеннің құрамында бірнеше детерминантты топтар болуы мүмкін.
Антигендердің түрлері. Гетероантигендер – микроорганизмдер және әртүрлі жануарлар мен өсімдіктерге ортақ антигендер. Мысалы форсман антигені – теңіз шошқасы мен қойдың эритроцидтері және салмонеллаларға ортақ антиген табылған. Айқас реакция беретін антигендер (АРА - ПРА) – бірқатар микроорганизмдерден және адамдардың тіндерінен табылған. Мысалы : гемолитикалық стрептококк, миокард және бүйрек АГ-де ұқсастық бар. Сондықтан гемолитикалық стрептококк ревмокардит және гломерулонефрит ауруларын асқындыруға себепкер болады. Изоантигендер – осындай антигендер бойынша әрбір жеке дараны немесе топтарды бір-бірінен ажыратады (қанның АВО жүйесі). Қатерлі ісік антигендері – онкогендік трансформация нәтижесінде жасушаларда пайда болады. Аутоантигендер - әртүрлі факторлардың әсерінен (инфекция, ісікке, күйікке шалдығу, радияция мен зардаптану, тб. ) организм жасушаларының қалыпты құрамы өзгеріп жат антигенге айналады. (аутоиммунды паттологиялар) HLA (human leicocyte antigenes) – гистиосәйкестіктің басты кешенінің антигені (орган алмастырғанда маңызы оте зор).
Микроорганизмдер антигені. n n n Бактерияларда Соматикалық – термостабильді О-АГ (глюцидолипидты полипептид). Талшықтық – термостабильді Н-АГ (ақуыз) Капсулалық – термобильді К-АГ (күрделі кешен) Вируленттілік антиген – Vі-АГ (күрделі кешен) Вирустық АГ – нуклеокапсидпен немесе сыртқы қабықшасының гликопротейдтерімен байланысты.
Микроорганизмдердің антигендік құрамын білу қажет: n n Микроорганизмдерді бір-бірінен ажыратып (дифференциациялап) диагноз қою үшін. Иммунитет құбылыстарын зерттеу үшін. Әртүрлі биологиялық препараттар (диагностикумдар, антигендер, аллергендер, вакциналар, сарысулар, тб. ) дайындау үшін. Генетикалық өзгергіштіктерді байқау үшін.
Гонококтардың эпителиялық жасушаға адгезиялануы
C. albicans-пен фагоциттелген фагосома
Фагосомалар және фаголизосомалар
Фагосолизосома (ненйтрофильді лейкоцит)
НАЗАР АУДАРЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!