7. 1. Табиғи және мұнайға серік газдар
Табиғи газ молекулалық массасы төмен көмірсутектер қоспасынан тұрады. Оның 8096%-і метаннан, ал қалған бөлігі метанның жақын гомологтары-этан, пропан, бутаннан құралған. Табиғи газ екі фракцияға бөлінеді: 1. Құрғақ газ-метан (СН 4) мен этан (С 2 Н 6) қоспасы. Ол, негізінен, химиялық шикізат ретінде қолданылады. Одан айыру арқылы күйе, сутек, сонда-ақ ацетилен, метил спирті, формальдегид, еріткіш заттар алынады. Күйе көбінесе автомобиль дөңгелектерін (шина) жасанғанда, сондай-ақ бояу ретінде қолданылады. 2. Пропан-бутан қоспасын, негізінен , дигидрлеу жолымен белсенділігі жоғары қанықпаған көмірсутектерге айналдырады. Олардан каучук, пластмассалар синтездейді. Табиғи газ – химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат. Табиғи газ жылу шығару мүмкіндігі жоғары болғандықтан арзан отын ретінде кең қолданылады. 1 м 3 табиғи газды жаққанда, 54400 к. Дж жылу бөлінеді. Отынның қай түрімен салыстырса да, жану жылуы ең жоғары және күл қалдырмай қалдықсыз жанатындықтан, экология лық таза отын. Табиғи газды отын ретінде электростанцияларда, тұрғын үйлер мен ірі өндіріс кешендерін жылыту жүйелерінде, домна және мартен пештерінде қолданылады
Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі: -табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге бөлінеді; -көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге бөлінеді; -химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге бөлінеді; -жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түрге бөлінеді. Бұл газдар, айтып келгенде, әр түрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "таужыныс газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (ЦҺ 4) құрайды — 92 ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады. : этан (C 2 H 6), пропан (C 3 H 8), бутан (C 4 H 10). Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады: сутек (H 2), күкіртсутек (H 2 С), көміртек диоксиді (СО 2), азот (Н 2), гелий (Не).
Мұнайға серік газдар мұнайда еріген күйінде немесе мұнайдың бетін бүркеп жатады және негізгі құрам бөлігі метан болып табылады. Оның құрамынаметаннан басқа этан, пропан, бутан, пентан және гексан кіреді. Олардың мөлшері табиғи газбен салыстырғанда, мұнайға серік газдарда көптеу болады. Бастапқы мұнайға серік газдарды пайдаланбай жағып жіберетін. Қазіргі кезде жинап алып, жанармай және бағалы химиялық шикізат ретінде қолданады. Мұнайға серік газдарды үш фракцияға бөледі. 1)құрғақ газ (CH 4, C 2 H 6); 2)пропан-бутан қоспасы (C 3 H 8, C 4 H 10); 3)газды бензин (C 5 H 12, C 6 H 14); Мұнайға серік газдардың бірінші, екінші фракциялары табиғи газдағыдай қолданылады. құрғақ газ отын ретінде кең пайдаланылады. Алайда оларды шикізат ретінде іске асыру әлдеқайда тиімді. Мұнайға серік газдардың құрамындағы алкандардан сутек, ацетилен, қанықпаған және ароматты көмірсутектер мен олардың туындыларын алады. Газды бензин өте ұшқыш және тез қайнайды. Төмен температураның өзінде жақсы буланатындықтан, суық қатты болатын жақтарда автомобиль бензиніне от алуын тездету үшін қосады.
Құрғақ газ — құрамына, негізінен, метан және аз мөлшерде этан мен күкіртсутек кіретін мұнай газы. Құрғақ газ. Көмірсутекті газдар тобына кіретін, құрамындағы метан мөлшері ондағы этан үйірімділігінен әлдеқайда көбірек болып келетін табиғи газдар. Құрамында ауыр көмірсутектер болып жарымайды (1 %-ға дейін). Бұл көрсеткіш 1 -5 % аралығында болған жағдайда, ондай газдар "жартылай құрғақ (жартылай жұтаң) газдар" деп аталады. Синонимі — "жұтаң газдар"
ГАЗДЫ БЕНЗИН Газды бензин- мұнай өндіргенде бөлінетін газдардан алынатын бензин; тікелей айдау арқылы алынатын бензиннен айырмашылығы — ұшқыштығы одан жоғары, қайнау температурасы төмендеу.