zadacha_69_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 23
№ 69 Есеп Науқас П. , 55 жастағы ер адам. Операциядан кейінгі төртінші тәулік. Шағымдары Іштегі тұрақты орналасуы жоқ ауырсынуға, лоқсуға, дене температурасының 37, 9 0 С көтерілуіне шағымданады
Ауру анамнезі 36 сағат бұрын жедел түрде жайылған іріңдіфибринозды перитонитпен асқынған тесілген асқазан ойық жара ауруы бойынша операция жасалған. Жараны тігу және іш қуысын жренаждау жасалған. Операциядан кейінгі ағым ауыр.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды, созылмалы бронхитті және гастритті айтады. Боткин ауруымен, туберкулезбен және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Аллергологиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы жарау Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозарған. Дене температурасы 37, 90 С. Пульсі 110 рет/мин. АҚҚ 110/60 мм. с. бб. Тілі құрғаған. Іші желденген, пальпаторлы жайылған ауырсыну байқалады. Перитонеальды симптомдар әлсіз оң. Асқазан-ішек жолдарының парезі сақталған, тәулігіне асқазаннан 600 - 1000 мл тұрып қалған бөлініс сорғызылып алынып шығарылған, жел және үлкен дәрет шықпайды. Іш қуысынан түтікшелер бойынша аздаған көлемде серозды-іріңді бөлініс.
Клиникалық операциядан кейінгі диагноз?
Клиникалық диагноз Тесілген ойық-жараны тіккенен кейінгі жағдай, үдемелі перитонит.
Осы жағдайдың болжамалы себебін атаңыз?
Үдемелі перитонит себептері: 1. Науқастың кеш уақытта қаралуы 2. Операция кезіндегі қателіктер 3. Іш қуысынң нашар жуылып шайілуі
Операциядан кейінгі перитониттің клиникалық көріністерін атаңыз?
Операциядан кейінгі перитониттің дамуын көрсететін абсолютті белгілер жоқ. Клиникалық белгілер: 1. тахикардия 120 -140 рет/мин. дейін 2. тұрақты ішек парезі 3. «айқын аралықтың» болуы 4. эндолтоксикоздың лабораториялық көрсеткіштері
Әрі-қарайғы емдеу тактикасын таңдау үшін, қандай зерттеу әдістерін қолдану қажет?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. Іш қуысының УДЗ 5. Іш қуысының рентгенографиясы
ЖҚА Гб – 135 г/л, Эр -3, 8 х1012, Лейкц – 13, 6 х109, ЭТЖ – 45 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – 0, 125, Эр – 1 -2 в п/зр, Лейкц – 5 -6 в п/зр, Өо пигменттері–теріс. ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 8 ммоль/л Мочевина 8, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 78 г/л
УДЗ - ішек ілмектері кеңейген, іш қуысында бос сұйықтық.
Іш қуысының рентгенографиясы –Клойбер тостағаншалары, бос ауа жоқ.
Консервативті ем неге негізделуі қажет?
Консервативті ем негізделеді: - Дезинтоксикацияға, - Антибактерияльді терапия, - Ішек стимуляциясына
Операцияға көрсеткіш кандай?
Перитониттің үдемеленуі, басында өткізілген емнің тиімсіздігі.
Хирургиялық ем көлемі?
Операция сатылары: 1. Іш қуысының ревизиясы 2. Перитонит көзін тауып және оны жою 3. Жінішке ішекті мұрын арқылы интубациялау 4. Іш қуысын жуып-шаю және дренаждау.
Осы жағдайдағы операциядан кейінгі жүргізу тактикасы қандай?
Операциядан кейінгі жүргізу тактикасы: 1. Қарқынды емдеу бөлімінде емдеу, 2. Адекватты ауырсынумен күрес, 3. Массивті антибактерияльді ем, 4. Инфузионды ем, 5. Экстракорпоральді детоксикация әдістерін қолдану, 6. Ішек парезімен күрес.
zadacha_69_po_khirurgii_kaz.ppt