zadacha_68_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 28
№ 68 Есеп Науқас Х. , 58 жастағы ер адам Шағымдары Іштегі ауырсынуға, әлсіздікке, ауызының құрғауына, дене температурасының көтерілуіне шағымданады.
Ауру анамнезі Науқастың айтуы бойынша ауырғанына 59 сағат болған, бастапқысында ауырсыну эпигастрий аймағында болған, уақыт өте келе оң жақ мықын аймаққа ауысқан. Лоқсу және бір реттік құсу болған. Науқас анльгин қабылдағанан және ішіне жылу қойғанан кейін ауырсыну басылған. Екінші тәулікте ауырсыну қайтадан басталған, бүкіл іш аймақтарына тараған, қайталанбалы құсу болған. Жедел жәрдем шақырған, ЖМКА жатқызылған.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды, созылмалы бронхитті және гастритті айтады. Боткин ауруымен, туберкулезбен және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Аллергологиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозарған. Есі шатасқан. Эйфориялы. Дене қызуы 37, 20 С. Пульсі 128 рет/мин. АҚҚ 95/60 мм. с. бб. ТАЖ – 22 рет/мин. Тілі құғаған. Іші барлық аймақтарда қатайған және ауырсынады, бірақ көбіне оң жақ мықын аймақта. Щеткин-Блюмберг сынамасы барлық аймақтарда анықталады. Per rectum – тік ішек алдыңғы қабырғасы салбыраңқы.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Жедел перфоративті аппендицит, перитонит.
Қандай аурулармен ажыратушы диагностика жүргізіледі?
Ажыратушы диагностика: 1. Перфорациямен асқынған ойық жара ауруымен 2. Жедел деструктивті панкреатитпен 3. Жедел деструктивті холециститпен 4. Шажырқай қан тамырларының тромбозымен
Ауырлығы және таралуына байланысты перитониттің қай түрін қоясыз?
Жайылған перитонит, субкомпенсация сатысы
Таралуы бойынша перитонит жіктелуі 1. Жергілікті перитонит - шектелген - шектелмеген 2. Жайылған - диффузды - жайылған Ауырлық дәрежесі бойынша перитонит жіктелуі: 1. компенсация сатысы – өмірге қажетті ағзалардың қызыметі бұзылмаған (реактивті саты) 2. декомпенсация – қабынуға жүйелі қабыну синдромы (токсикалық саты) 3. субкомпенсация сатысы – полиоргандық жетіспеушілік кезіндегі перитонеальді сепсистің және септикалық шоктың дамуы (терминальді саты)
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. Коагулограмма 5. Қан глюкозасы 6. Іш қуысының УДЗ-і 7. Қан тобы және резус сәйкестік 8. ЭКГ 9. Іш қуысының рентгенографиясы 10. ФГДС
ЖҚА Гб – 135 г/л, Эр -3, 8 х1012, Лейкц – 19, 6 х109, ЭТЖ – 65 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – 0, 125, Эр – 1 -2 в п/зр, Лейкц – 5 -6 в п/зр, өт пигменті - теріс. ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 8 ммоль/л Мочевина 8, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 78 г/л Холестерин – 5, 0 ммоль/л, Қан глюкозасы- 10, 0 ммоль/л Коагулограмма Тромботест VI, ПАП -95%, Фибриноген -3000 мг/л. Қан тобы – 0(І)Rh+
УДЗ - ішек ілмектері кеңейген, іш қуысында бос сұйықтық.
ЭКГ –синустық ритм, ЖСЖ 128 рет/мин. Сол жақ жарыншаның гипертрофиясы.
Іш қуысының рентгенографиясы –Клойбер тостағаншалары, бос ауа анықталмайды ФГДС – жағдайының ауырлығына байланысты жасалмаған
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз Жедел перфоративті аппендицит, перитонитпен асқынған, субкомпенсация сатысы. (Симоняна К. С. 1971 г. Жіктелуі бойынша токсикалық саты)
Емдеу тактикасы?
Емдеу тактикасы – жағдайының ауырлығына қарамастан жедел операция.
Операция алдындағы ем-шара түрлерін атаңыз (операцияға дайындық).
Операция алдындағы дайындық : • Асқазан құрамын аспирациялау • сорғалатып (жүрек және өкпе жетіспеушілігі кезінде тамшылатып) көк тамырға төменгі құрамды полионды кристаллоидты ерітінділер, 1000 -1500 мл дейін, орталық көк тамырлық қысымды өлшей отыра; • айналымдағы сұйықтықты толтыру үшін 400 -500 мл коллоидты ерітінділерді еңгізу; • операцияға дейін 30 -40 минут бұрын көк тамырға кең спектірлі антибиотиктерді еңгізу; • орталық және перефериялық гемодинамикалық бұзылыстарды түзету.
Операцияны жүргізу сатыларын атаңыз?
Операция сатылары: 1. Кесінді – орта-ортаңғы лапаротомия, 2. Патологиялық бөліністерді алып тастау 3. Ішек шажырқайларының новокаинді тосқаулау 4. Перитонит көзін табу және жою, 5. Іш қуысын жақсылап жуыпшаю және құрғату, 6. Жінішке ішекті дренаждау, 7. Перитонияльді лаваж жасау үшін іш қуысына түтікшелер қою.
Перитонеальді диализ түрлерін және олардың айырмашылығын атаңыз?
Перитонеальді диализ: 1. Ағызып шаю – іш қуысына тамшылатып бір тәулік бойы 8 -10 литр сұйықтық еңгізу. Ағызып шаю 2 -3 тәулік бойы жасалады. 2. Фракционды шаю – қандайда бір түтікшеге 2 -3 лит сұйықтық еңгізіледі, түтікше бірнеше уақытқа жабылады, сонан соң сұйықтық және бөліністер аспирацияланады. Ағызып және фракционды шаюдің (до 20 %) жоғары пайыздық кемшіліктері болып іш қуысындағы абсцестердің пайда болуы болып саналады.
zadacha_68_po_khirurgii_kaz.ppt