zadacha_67_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 31
№ 67 Есеп Науқас Ж. , 55 жастағы ер адам Шағымдары Аяқтарының әлсіздігіне және таңғақтығына, сезімталдылығының төмендеуіне, жүрген кездегі ауырсынуына , 200 -250 метр арақашықты жүрген кездегі айқын ауыспалы ақсаңдауға шағымданады.
Ауру анамнезі Науқастың айтуы бойынша ауыру 3 ай бұрын, қайталанбалы ұзақ уақыт бойы тоңудан кейін жоғарыда айтылған шағымдар пайда болған кезде басталған. Жағдайы нашарлауы себебінен дәрігерге қаралған, стационарлық емге жіберілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан тұмауратуды, созылмалы бронхитті және аяқ бақайларының 1 дәрежедегі үсітуді айтады. Аллергологиялық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсті. Пульсі 90 рет/мин. АҚҚ - 140/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды, таза. Іш қуысы ағзалары патологиялық өзгеріссіз. Физиологиялық бөліністер өзгеріссіз.
Локальді Терісінің түсінің айқын өзгеруі анықталады (бозару, көгеру), тырнақтарының өсуінің өзгеруі және деформациясы, терісінің пергаменттігі, түктерінің түсуі, терісінің температурасының төмендеуі. Сол жақ аяғының магистральді артериясының пульсациясы қатты төмендеген, оң жақта тізе асты артериясында әлсіреген, дистальды аймақтарында анықталмайды.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Аяқ артерияларының облитерирлеуші эндартериитті.
Аурудың даму патогенезі?
Патогенетикалық сатылар: 1. Қан тамырларының барлық қабаттарының қабынуы (панартериит) эндоваскулит кезінде көбіне интимасының зақымдалуы; 2. Қан тамырларының барлық қабаттарының пролиферациясы, эндоваскулит кезіндегі көбіне интимасында; 3. қабырғалық тромбтардың пайда болуымен сипатталатын артериялардың қабырғаларының эластикалық тұрақтылығының деформациясы және бұзылуы; 4. созылмалы артерияльді жетіспеушілікпен сипатталатын артерия облитерациясы.
Клиникалық көрінісі бойынша аурудың қандай сатысына сәйкес келеді?
Төрт сатыны ажыратады: 1) ишемиялық (функциональді компенсация); 2) трофикалық бұзылыстар (субкомпенсация); 3) жаралы-некротикалық (декомпенсация); 4) гангренозды (деструктивті өзгерістер).
Науқастың ауруы 2 сатыға сәйкес –трофикалық өзгерістер сатысы.
Аяқ артерияларының жетіспеушілігін айқындайтын функциональды сынамаларды атаңыз.
Функциональді сынамалар: 1. Оппельді плантарлы ишемия сынамасы – зақымдалға жоғарыға көтерілген аяқтың табандарының бөзару уақыты; 2. Гольдфлам сынамасы – көтерілген ақтың тобық буынын бүгіп-жазған кездегі шаршаудың пайда болуы; 3. Самюэлс сынамасы - тобық буынды қозғалтқан кезде табан түсінің өзгеруі; 4. Шамов сынамасы – манжетті шешкен кезде (N- 30 сек) бақайлардың сырт жағындағы реактивті гиперемияның пайда болуы; 5. Панченконың тізелік феномен сынамасы - зақымдалған аяқты шалқайтқан кездегі балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсыну; 6. Бақайларды жаншу сынамасы – тырнақ фалангілері жаншығаннан кейінгі бозарудың қалыпты түске келуі.
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА, 2. ЖЗА, 3. Қан биохимиясы 3. ЭКГ, 4. Қан тамырларды жағдайын доплерографиялық тексеру. 5. Қан тамыр ангиографиясы
ЖҚА Гб -136 г/л Эр -3, 8 х1012 Лейкц – 8, 6 х109 ЭТЖ – 25 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – жоқ Эр – 1 -2 Лейкц – 0 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 15, 3 ммоль/л Мочевина 5, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 70 г/л
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ 90 рет/мин.
Аяқ артериясының УДДГ-сы
Қан тамыр ангиографиясы
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Аяқ қан тамырларының облитерлеуші эндартериитті, трофикалық бұзылыстар сатысы, ишемия ІІ-а саты (Покровский бойынша).
Осы науқастың ауруының сатысына байланысты қандай емдеу тактикасы қолданылуы қажет?
Емдеу тактикасы – Консервативті ем, аурудың бастапқы сатысында қолданылады (I—IIа).
Консервативті емнің негізгі принциптері: 1) Жағымсыз факторларды жою (суықтың әсер етуін болдырмау, шылым шегуге және алкогольді сусындарды қолдануға шектеу кою және т. б. ); 2) Шынықтырушы жүріс; 3) Спазмолитиктерді қолдану арқылы қан тамыр спазымын жою (пентоксифиллин, компламин, циннаризин, вазапростан, никошпан); 4) Ауырсынуды басу (стеройдті анальгетиктер); 5) Тіндердегі зат алмасуды жақсарту (витаминдер В тобы, никотин қышқылы, солкосерил, ангинин, продектин, пармидин, даларгин); 6) Қанның ұю қызыметін қалпына келтіру, тромбоциттерді адгезивті және агрегационды қызыметін қалпына келтіру, қанның реологиялық қызыметін жақсарту (тура емес антикоагулянттар, сәйкес нұсқау болған жағдайда— гепарин, реополиглюкин, ацетилсалицил қышқылы, тиклид, курантил, трентал).
Хирургиялық ем қай кезде көрсетілген?
Операциялық емге көрсеткіштер - консервативті ем көмектеспеген жағдайда; - аурудың II-б сатысы кезіндегі қан тамырлардың бөлшекті зақымдалулары.
Осы дерт кезінде қандай операциялар жасалады?
Операция түрлері: 1. Тромбинтимэктомия –эндоартериитпен зақымдалған интимасы патологиялық өсіп кеткен қабатты, саңылауын жауып тұрған тромбпен бірге алып тастау (артерияның ішкі қабатын). 2. Шунттау зақымдалған аймаққа айналмалы қан тамырлы анастомоз салу. 3. Симпатэктомия коллатеральдардың паретикалық кеңейуін шақыратын және аяқтардың қанмен қамтасетілуін жақсартатын екінші және үшінші симпатикалық шекаралық бел ганглилерін алып тастау. 4. Аяқ ампутациясы артериялардың облитерациялық эндоартериит себебінен пайда болған аяқтарды тіндерінің некрозы және келешектегі гангрена пайда болуы немесе науқасты тұрақты қатты аяқтарындағы ауырсыну мазалаған кездегі ақырғы шара болып саналады.
zadacha_67_po_khirurgii_kaz.ppt