zadacha_66_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 29
№ 66 Есеп Науқас Ф. , 57 жастағы ер адам Шағымдары Сол жақ балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсынуға, табандарырының тоңғақтығына, тез шаршағыштығына шағымданады.
Ауру анамнезі Науқастың айтуы бойынша ауырғанына 6 ай болған, бастапқысында 60 -70 метр жүрген кезде сол жақ аяғында ауырсыну пайда болған. Жағдайының нашарлауына байланысты дәрігерге қаралған.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан гипертониялық ауруды және созылмалы бронхитті айтады. Аллергологиялық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. Пульсі 88 ретмин. АҚҚ - 140/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды, таза. Іш қуысы ағзалары жағынан патологиялық өзгеріссіз. Физиологиялық бөліністер өзгеріссіз.
Локальді Қараған кезде сол жақ аяқтың дистальді бөлігі оң жақпен салыстырған кезде бозарған, ұстаған кезде салқын, бұлшық еттері ауырсынады. Пульс шап аймағында сан артериясында ғана анықталады (әлсіреген) және тізе асты артериясында сол жақта қатты әлсіреген. Соның үстінде систоликалық шуыл естіледі. Оң жақ аяқта магистральді қан тамырлардағы пульсация анықталады, аздап әлсіреген.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Аяқ артерияларының облитерлеуші атеросклерозы.
Осы аурудың даму патогенезі?
Аурудың патогенезінің негізінде артериялардың қабырғаларының атеросклерозбен зақымдалуы, артерия саңылауының тарылуы, созылмалы артерияльді жетіспеушіліктің дамуы.
Клиникалық түрі бойынша ишемия ауырлығына байланысты аурудың қандай сатысын қоюға болады?
А. В. Покровский жіктелуі (1973 г) 4 сатыны ажыратады: 1 саты – бастапқы көріністер, аяқтардағы ауырсыну жоғары физикалық жүктемеден кейін ғана пайда болады, мысалы: 1 км. Көп арақашықты жүрген кезде; 2 саты – аяқтағы ауырсыну кіші арақашықта жүрген кезде: 2 А саты - 200 — 500 м арақашықта жүрген кезде ауыспалы ақсаңдау пайда болады, 2 Б саты – ауыспалы ақсаңдау 200 м. аз арақашықты жүрген кезде пайда болады; 3 саты – аяқтардағы ауырсыну 25 м. -ден аз арақашықта жүрген кезде немесе тыныштықта пайда болады; 4 саты – жаралы-некротикалық өзгерістер пайда болады. Алғашқысындағы шағымдарға коса аяқтарда көлемді трофикалық өзгерістер қосылады (жаралар, некроздар, гангрена).
Науқаста аяқ ишемиясының 2 Б сатысы – 200 метрден аз арақашықты жүрген кезде пайда болатын алмастырушы ақсаңдау.
Қандай аурумен ажыратушы диагностика жүргізіледі?
Ажыратушы диагностика: - облитерлеуші эндартериит, - спецификалық емес аорто-артериит, - диабетикалық ангиопатия
Зерттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА, 2. ЖЗА, 3. Қан биохимиясы, 4. Қан глюкозасы, 5. Аяқтардың УДДГ, 6. ЭКГ, 4. Аяқтардың ангиографиясы
ЖҚА Гб -136 г/л Эр -3, 8 х1012 Лейкц – 8, 6 х109 ЭТЖ – 35 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – жоқ Эр – 1 -2 Лейкц – 0 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 18, 3 ммоль/л Мочевина 7, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 68 г/л Холестерин – Сахар крови –
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ 90 рет/мин
Аяқтардың УДДГ
Аяқ ангтографиясы
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Аяқ артерияларының облитерлеуші атеросклерозы. Ишемия ІІ-Б саты.
Какими должны быть принципы лечения заболевания в зависимости от стадии процесса?
Емдеу әдістері – - Ишемияның 1 және 2 А сатысы кезінде консервативті ем. Комплекстік әрекеті бар вазоактивті препараттар, метаболизм ынталандырушылары, қанның реологялық құрамын жақсартатын дәрі-дәрмектер, атеросклерозға қарсы дәрі-дәрмектер, антиагреганттар простагландер, ГБО және физио ем. - Ишемияның 2 Б және 3 сатысы кезінде реконструктивті операциялық ем. - Ишемияның 4 сатысында (гангрена кезінде) – ампутация.
Осы науқастың дерті кезінде медициналық көмек мөлшері қандай болуы қажет?
Операция көлемі: Реконструктивті операция
Осы ауруды емдеген кезде мүмкін болатын асқынуларды атаңыз?
Ең ауыр асқыну болып гангрена саналады.
zadacha_66_po_khirurgii_kaz.ppt