zadacha_64_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 25
№ 64 Есеп Науқас Б. , 50 жастағы ер адам Шағымдары: 100 -150 метр ара-қашықтықты жүрген кезде балтыр бұлшық еттері, сан және бел аймақтарындағы ауырсыну пайда болуына, бедеулікке шағымданады.
Ауру анамнезі Науқастың айтуы бойынша 9 ай бұрын жүрген кезде балтыр бұлшык еттерінде ауырсыну (ауыспалы ақсаңдау) пайда болған. Жағдайының нашарлауна байланысты дәрігерге қаралған.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан созылмалы бронхитті айтады, екі жыл бұрын кіші ошақты миокард инфарктісі болған. Аллергологиялық анамнез теріс
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары бозғылт. Пульсі 72 рет/мин. АҚҚ - 130/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды, таза. Іш қуысы ағзалары жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Физиологиялық бөліністер өзгеріссіз.
Локальді Аяқтарының тері жабындыларының түсі «піл сүйегі» түстес. Түкті жабындылары жоқ. Аяқ бұлшық еттерінің гипотрофиясы анықталады. Артерияларының пульсациясы анықталмайды. Аускультация кезінде шап аймағында сан артериясының үстінде систоликалық шуылдар естіледі. Самуэльса, Гольдфлама, Панченко сынамалары оң.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Аяқтар артерияларының облитерлеуші атеросклерозы (Лериш синдромы)
Аяқтардың артерияларының ишемия ауырлығына байланысты клиникалық көрініс бойынша осы науқастың дертін қандай сатыға жатқызуға болады? (А. В. Покровский классификациясы)
4 сатыны ажыратады: 1 саты – бастапқы көріністер, аяқтардағы ауырсыну жоғары физикалық жүктемеден кейін ғана пайда болады, мысалы: 1 км. Көп арақашықты жүрген кезде; 2 саты – аяқтағы ауырсыну кіші арақашықта жүрген кезде: 2 А саты - 200— 500 м арақашықта жүрген кезде ауыспалы ақсаңдау пайда болады, 2 Б саты – ауыспалы ақсаңдау 200 м. аз арақашықты жүрген кезде пайда болады; 3 саты – аяқтардағы ауырсыну 25 м. -ден аз арақашықта жүрген кезде немесе тыныштықта пайда болады; 4 саты – жаралы-некротикалық өзгерістер пайда болады. Алғашқысындағы шағымдарға коса аяқтарда көлемді трофикалық өзгерістер қосылады (жаралар, некроздар, гангрена).
Қандай аурулармен ажырату диагностикасы жүргізіледі?
Ажырату диагностикасы: 1. Облитерлеуші эндартериит- балтыр артериялары зақымдалады, сан артерияларының пульсациясы сақталады, қан тамырлар үстінде систоликалық шуыл естілмейді, науқастардың жасы 30 - дан төмен. 2. бел-құйымшақтық радикулитпен – ауырсыну синдромы айқын болады, санның сыртқы жағында өте айқын білінеді және жүріспен байланыспаған, магистральді қан тамырларда пульсация сақталған және шуылдар жоқ.
Осы дертті диагностикалау әдістерін атаңыз?
Қосалқы зерттеу әдістері: -изотоптық және рентгеноконтрасттық ангиография: бітелудің орналасуын, таралуын және гемодинамикалық бұзылыстарды анықтауға негізделеді; -компьютерная томография; -ультрадыбыстық допплерография (УДДГ): магистральді қантамырлардың өткіздігіштігін, бітелген аймақтың орналасуын, қан ағу жылдамдығын және әртүрлі аймақтардағы қысымды анықтауға негізделген; - аортография: қолқа артериясының және дистальді тармақтарының жағдайын (ағыс жолдарын), орналасуын және зақымдалған аймақтың ұзақтығын анықтауға негізделген.
Аяқтардың қан тамырларының УДДГ-сы
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Аяқ артерияларының облитерлеуші атеросклерозы (Лериша синдромы ), 2 Б сатысы.
Осы дерт кезіндегі консервативті емдеу тәсілдеріне не кіреді?
Аяқ артерияларының ишемиясы кезінде, яғни I—IIA сатысы кезінде консервативті ем тағайындалады. - Ганглиоблокаторлы дәрі-дәрмектер (мидокалм, булатол, васкулат), Ганглиоблокаторлы дәрі-дәрмектер - -холинолитиктер (падутин, андекалин, прискол, вазоластин), холинолитиктер - -қан тамырларды кеңейтетін дәрі-дәрмектер (папаверин, но-шпа, никошпан, компламян). - Дәрі-дәрмектер курс бойынша 1— 3 айға тағайындалады. Қан айналымды жақсарту үшін емді реополиглюкинмен жүргізеді (көк тамырға 800 мл-ға дейін, күн-ара, 5— 10 қайталанады), курантил, ацетилсалицил қышқылы тағайындалады. - Гипербариялық оксигенация, Бернар тоқтары бел немесе аяқ аймақтарына тағайындалады, курс бойынша 6— 10 процедуры. аймақтарына тағайындалады - санаторлы-курорттық ем; сероводородты, көмірсулы-сероводородты санаторлы-курорттық ем ванночкалар, емдік физкультура нұсқауланады
Операцияға көрсеткіштерді және қарсы көрсеткіштерді атаңыз?
Операциялық емге негізгі көрсеткіш болып созылмалы ишемия, 2 Б - 4 сатылар болып саналады. Қан тамырларды қалпына келтіруші операциялық ем қарсы көрсеткіш болып саналады: кейін болған инфаркт миокарды немесе бас қан тамырларының инсульті (3 айға дейінгі), декомпенсірленген жүрек және тыныс жітіспеушілігі, бауыр-бұйрек жетіспеушілігі, қатерлі ісіктер, үлкен қантамырлардың қайтпайтын патологиялық өзгерістері, балтырға ауысқан табан гангренасы.
Осы дерт кезіндегі операциялық ем түрлері?
Лериш синдромы кезінде мынадай операциялық емдер жүргізіледі: 1. Қан тамырларды синтетикалық протездер көмегімен айналмалы шунттау; 2. Эндартериоэктомия; 3. Зақымдалған аймақты трансплантатпен ауыстыру арқылы резекциялау 4. рентген-эндоваскулярлы балондық дилатация немесе мықын артерияларды стенттеу
zadacha_64_po_khirurgii_kaz.ppt