zadacha_61_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 31
№ 61 Есеп Науқас М. , 55 жастағы ер адам Шағымдары: Іштегі тұйық сыздап ауырсынуға, іштің желденуіне, ішектердің шұрылдауына, ауыспалы іш қату және өтуі.
Ауру анамнезі Науқастың айтуы бойынша соңғы бір айда арып кеткен, себебін ішектердің қызыметінің бұзылысымен түсіндіреді: іштің желденуі, ішек шұрылдары, іштің кебуі, іш қату немесе іш өту. Сонғы жұма ішінде іштегі тұйық ауырсыну пайда болған. Жағдайының нашарлауына байланысты тұрғылықты хирург дәрігерге тексерілуге келген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан созылмалы гастриті және бронхитті айтады. Аллергологиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлықТері жабындылары қалыпты түсті. Пульсі 88 рет/мин. АҚҚ - 130/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды, таза.
Пальпация Іші қалыпты, желденген, пальпация кезінде жұмсақ және кіндік аймағында аздап ауырсынады және сол аймақта нақты аймағы белгісіз, тығыз қозғалмалы түзіліс анықталады. Іштің тітіркену симптомы теріс. Тік ішекті саусақпен тексерген кезде патологиялық өзгеріс анықталмайды, қолғапта сұйық шырышты нәжіс қалдықтары.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Тоқ ішектің қатерлі ісігі.
Осы жағдайдағы дерттің клиникалық түрін атаңыз?
Осы жағдайда тоқ ішек қатерлі ісігінің энтероколиттік сатысын айтуға болады.
Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет?
1. колитпен 2. энтеритпен 3. дизентериямен
Зеоттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. ЭКГ 5. Рентгенография 6. УДЗ 7. КТ 8. Колоноскопия және биопсия 9. Ирригография
ЖҚА Гб -116 г/л Эр -2, 8 х1012 Лейкоц – 9, 6 х109 ЭТЖ – 25 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – нет Эр – 1 -2 Лейк – 0 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 3 ммоль/л Мочевина 7, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 60 г/л.
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ 90 рет/мин
Іш қуысының УДЗ-і – Бауыр қалыпты көлемді, патологиялық өзгеріс жоқ, ішек перистальтикасы анық, іш қуысында бос сұйықтық жоқ. Іш қуысының рентгенологиялық шолуында – Клойбер тостағаншалары жоқ.
КТ – тоқ ішектің көлденең бөлігінің ісігі, метастаздар анықталмаған.
Колоноскопия – зерттеу кезінде көлденең тоқ ішекте санылауының жартысын жаба саңылауна қарай өскен ісік анықталады. Биопсия алынған. Биопсияда – цитологиялық тексеруде аденокарцинома.
Колоноскопия
Ирригография – зерттеу кезінде тоқ ішектің көлденең бөлігінде 5 -6 см. ара-қашықта контрасттың іркіліп тоуы анықталады (+тіндер).
Ирригоскопия
Көлденең тоқ ішектің қатерлі ісігі кезінде метастаздану қандай жолмен жүреді?
Метастаздану (30 %) лимфагенді жолмен, (50 %) гематогенді жолмен және (20 %) имплантационды жолмен жүреді.
Клиникалық диагноз?
Клинический диагноз: Көлденең тоқ ішектің қатерлі ісігі, ІІ саты, энтероколиттық түрі.
Осы жағдайдағы емдеу тактикасы?
Метастаздың жоқ болуы себебіне байланысты науқасты операция алдындағы дайындықтан кейін радикальді оперативті ем.
Осы жағдайда қандай оперативті ем жүргізу қажет?
Операция – Лапаротомия, «соңына» түрдегі коло-колоанастомоз салу арқылы көлденең тоқ ішек резекциясы.
zadacha_61_po_khirurgii_kaz.ppt