
zadacha_60_po_khirurgii_kaz.ppt
- Количество слайдов: 23
№ 60 Есеп Науқас К. , 60 жастағы ер адам Шағымдары: Іштің сол жақ бөлігіндегі толғақ тәріздес ауырсынуға, тұрып қалған қалдықтармен құсуға, желдің және үлкен дәреттің шықпауына шағымданады.
Ауру анамнезі Науқастың айтуы бойынша ауру лезде 10 -12 сағат бұрын басталған, бастапқысында ауырсыну іштің сол жақ аймағында анықталған, біртіндеп күшейіп толғақ тәріздес түрге ауысқан, үш рет тұрып қалған қалдықтармен құсу болған, іштен жел шықпаған, үлкен дәрет жоғалған. Бұрынғысында мұндай ауырсынулар болмаған, бірақ соңғы бір жыл ішінде іш қатулар мазалаған. Дәретті сұйылтатын дәрі-дәрмектер қабылдаған. Жедел жәрдеммен ЖМКА жеткізілген.
Өмір анамнезі Басынан өткерген аурулардан созылмалы гастритті және бронхитті айтады. Аллергологиялық анамнез теріс.
Клиникалық тексеру Жалпы қарау Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары қалыпты түсті. Пульсі 98 рет/мин. АҚҚ - 130/80 мм. с. бб. Тілі ылғалды, ақ жабындылармен жабылған.
Пальпация Іші бір қалыпты желденген. Пальпация кезінде жұмсақ, жайыла ауырсынады, көбінесе іштің төменгі аймақтарында анықталады. Перкуторлы тоқ ішек бойында тимпаникалық дыбыс естіледі, перистальтика анық естіледі, «шылпыл» естіледі. Сол жақ мықын және қасаға үсті аймақтарында перитонияльді симптом оң. Тік ішекті саусақпен тексерген кезде ішек ампуласы бос, қолғапта қалыпты түстегі нәжіс қалдықтары.
Болжам диагноз?
Болжам диагноз Обтурационды ішек өтімсіздігімен асқынған тоқ ішектің қатерлі ісігі.
Осы жағдайда тоқ ішектің қатерлі ісігінің қандай клиникалық түріне күмәндануға болады?
Тоқ ішектің қатерлі ісігінің обтурационды түрі
Зертттеу жоспары?
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қан биохимиясы 4. ЭКГ 5. Іш қуысының жалпы рентгенографиясы 6. УДЗ 7. Қан тобы және резус сәйкестік
ЖҚА Гб -136 г/л Эр -3, 4 х1012 Лейкоц – 16, 2 х109 ЭТЖ – 25 мм/сағ ЖЗА Ақуыз – 0, 066 Эр – 1 -2 Лейк – 0 -2 ҚАН БИОХИМИЯСЫ Билирубин 20, 3 ммоль/л Мочевина 7, 5 ммоль/л Жалпы ақуыз 65 г/л Қан тобы – 0(І)Rh+
ЭКГ – синустық ритм, ЖСЖ 98 рет/мин.
Іш қуысының УДЗ-і – Бауыр қалыпты көлемді, патологиялық өзгеріссіз, ішек ілімдері кеңейген, іш қуысында бос сұйықтық анықталады.
Іш қуысының рентгенограммасында –Клойбер тостағаншалары.
Клиникалық диагноз?
Клиникалық диагноз: Обтурационды ішек өтімсіздігімен асқынған тоқ ішектің сол жақ бөлігінің қатерлі ісігі. Перитонит.
Осы жағдайдағы емдеу тактикасы?
Перитонит және жедел ішек өтімсіздігі жедел оперативті емге көрсеткіш болып саналады
Осы жағдайда қандай оперативті ем көрсетілген?
Осы жағдайда бір жақты колостома шығару арқы сигма тәрізді ішектің резекциясы болып саналады (Гартман операциясы тәріздес)
zadacha_60_po_khirurgii_kaz.ppt